Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


М. Дулатов Қыс

31 қазан 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың атауы: М. Дулатов Қыс
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: автормен таныстыру арқылы, мәтіннің мазмұны мен идеясын ашу. Оқушылардың таным мүмкіндіктерін анықтау.
2. Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, ойын көз алдына елестету, есте сақтау, зейіндік қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Қоршаған ортаны, табиғатты сүюге, қорғай білуге тәрбиелеу.
Міндеті: Технологиялық картаның регламентін орындау.
Жоспарланған нәтиже: қойылған мақсатқа жету.
Көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты сюжетті суреттер, автордың портреті, сызбалар, плакаттар.
Әдісі: Бис, СТО технологиясы, сұрақ - жауап, мәнерлеп оқу.

Психологиялық ахуал
Сөзжұмбақ шешу.
Сөзжұмбақ шешу үшін, жұмбақтарды шешіп, торкөз - дерді толтыру.
а) Қыста ғана болады, ә) Есіктен кіреді еңкейіп, б) Отқа жанбас,
Ұстасаң қолың тонады. Төрге шығады қампиып. Суға батпас.
қ а р
а я з
м ұ з
Мағынаны тану
ЙА+Я - ережесін еске түсіру: АЙАЗ - естілуі, АЯЗ - жазылуы.
- Қазір қандай мезгіл?-
- Жыл мезгілі нешеге бөлінеді?
- Қыс айларын ата?
- Үй жануарларының қысқы тіршілігі туралы еске түсіреміз?
- Дала аңдары туралы не білесіңдер?
- Қыс мезгіліне қандай өлең - жырларың бар?
- Бұл өлеңде қысты қалай сипаттаған? (Түн ұзарып, күн қысқарады)

1 - кезең: Тірек сөздермен жұмыс.
Тақтаға жазу.(+- белгілеу)
Қыс, қар, аяз,, үскірік боран, суық, күн қысқарды, түн ұзарды, мұз қатты, құстар, жануарлар. (14 сөз)
Есте сақтау. () мин. Тақтаны жабу. Дәптерге осы сөздерді жатқа жазу.
Дәптерлерін алмастыру, оқыту. Ұяшықты толтыру (+-) белгілерін қою.
2 - кезең: II. Жаңа сабақ.
Мағынаны тану. Мәтінмен жұмыс. (5 мин)
Топтастыру стратегиясы. Автор туралы түсінік беру..
1885 - 1935 ж Торғай облысында дүниеге келген
Ақын, жазушы
М Қоғам қайраткері
Әкесі Дулат
Шешесі Дәмеш Көркемсөз шебері
Оқушылар тізбектей оқу. Сөздік жұмыс.

3. кезең: III. Қарама - қарсы сұрақтар: (+- белгілеу) Миға шабуыл.
1. Әңгімеде қандай мезгіл туралы айтылады?
2. Қыстың нешінші жұлдызы туралы айтылады?
3. Қар қалай жауған?
4. Қыс қандай болды?
5. Қыста күн қысқара ма?
6. Қыста күн жылына ма?
7. Күшті аяз қай мезгілде болады?
8. Өзен - көл қата ма?
9. Өзен - көлдің үстінен адамдар жүре ме?
10. Үскірік борандар қай мезгілде болады?
11. Орман ішінде құстар көріне ме?
12. Қоян қыста қалай тіршілік жасайды?
13. Үй жануарлары қыста қалай тіршілік етеді?
14. Үй жануарларына қыс мезгілі жайлы ма?
15. Қыстыгүні жылқышыларға қиын ба?
16. Жылқышылар неге қыста далада жүреді?
17. Жылқышылар неден қорқады?
18. Жылқышыларды неге теңейді? (байғұсқа)
19. «Шилі бет» деп кімдерді айтады?
20. «Жалтаң аяз» дегенді қалай түсінеміз?
21. Қыс мезгілі сендерге ұнай ма?
22. Қыс мезгілі неге көп адамдарға ұнамайды?
23. «Қыс» мәтінін сипаттаған автор кім?
М. Дулатов Қыс. жүктеу
1 811
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шана. Қыс қызығы
Шана. Қыс қызығы
Қыс мезгіліндегі ерекшеліктерді балаларға түсіндіру. Қыс мезгілінде ойналатын ойындарды, сырғанауға арналған заттарды ажырата білуге үйрету.
Бердібек Соқпақбаев. Шынықсын денеміз
Бердібек Соқпақбаев. Шынықсын денеміз
Қарақұдық орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Түлікбайқызы Жанаргүл
Міржақып Дулатов «Қыс»
Міржақып Дулатов «Қыс»
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы №132 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Альмусина Жанар Сайлауовна
Міржақып Дулатов "Қыс"
Міржақып Дулатов "Қыс"
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қойшибаева Хадиша Оңғарқызы
Қыс. Абай Құнанбаев
Қыс. Абай Құнанбаев
Тақырыбы: Қыс. Абай Құнанбаев Мақсаты: Оқушылардың Абай Құнанбаев туралы білімін кеңейту. «Қыс» туралы өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу. Оқушылардың таным мүмкіндіктерін анықтау.
Қыс
Қыс
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Благодарное орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі: Сыдыкова Сайраш Нығыметқызы Сабақ тақырыбы: Қыс. Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру. Қыс туралы білімдерін
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×