Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шана. Қыс қызығы

21 мам 2018, Дүйсенбі
Білім беру саласы: «Коммуникация»/ «Әлеуметтік орта»
Оқу қызметі: Көркем әдебиеті /Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы: Шана. Қыс қызығы
Сабақтың мақсаты: Қыс мезгіліндегі ерекшеліктерді балаларға түсіндіру. Қыс мезгілінде ойналатын ойындарды, сырғанауға арналған заттарды ажырата білуге үйрету.
Көрнекілігі: Қыс мезгілін бейнелейтін суреттер, шанамен сырғанақ теуіп жүрген балалар суреттері.
Әдісі: Әңгімелеу, сұрақ жауап, топпен жұмыс, түсіндіру.
Кіріктірілген сабақ.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық
- Балалар, бәріміз ортаға шығып, шаттық шеңбер жасайық..

Шаттық шеңбері:
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Табиғатты қорғайтын,
Біз әдепті баламыз.
Сабақтың жүру барысы
Суда мұз бар, жерде қар бар,
Боран борап соғады.
Айтыңдаршы балалар,
Бұл қай кезде болады?
Қыс мезгілі.
Қысқы табиғат құбылыстары туралы әңгімелеу.
- Жылдың төрт мезгілін бірі - қыс. Қыс – суық, қарлы, аязды болады. Қыста қар жауып, аяз болып, ағаштарға қырау тұрады. Ол табиғаттың өзі жасаған шеберлігі.
Қыс мезгілінің айларын ата. Осы қыс айлары бойынша топқа бөлінейік. Ол үшін тақта алдындағы қардың суретін таңдап алуымыз керек. Онда қыс айлары үш тілде жазылған.
Желтоқсан Декабрь December
Қаңтар Январь January
Ақпан Февраль February
Желтоқсан, қаңтар мен ақпан айларында ауа райы суық болады. Қаңтар – қыс шатыры. Қыстың үш айы қандай суық болған
күнде де адамдар мұз айдында конькимен сырғанайды, шаңғы, шана тебеді. Қар кесектерін домалатып, аққала жасайды.
Қыс мезгілінің ерекшеліктерін атап бер?
Қыс мезгілін не үшін жақсы көресіңдер? Пікірлеріңді білдіріңдер.

1. Жұмбақтарды шешейік:
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)
Отқа жанбас, суға батпас (Мұз)
Есіктен кіреді еңкейіп,
Төрге шығады қампайып. (Аяз)

2. Суретпен жұмыс.
«Қыс қызығы» тақырыбы бойынша әңгімелеу.
«Қысқы ойындар» дидактикалық ойыны. Шарты: балалар бір - бірден қоржын ішінен суреттерді алады.
Суреттердің ішінен қысқы ойын түрлері бейнеленген суретті тауып, оны тақтаға жапсырады. Сонан соң сурет бойынша қысқы ойын түрлері туралы әңгімелейді.
Табаныма байладым,
Қос таяқпен айдадым. (Шаңғы)

Табаныма тақтым,
Жалпаң қақтым,
Зырлап бақтым. (Коньки)

Таудан түссем, тоқтауды білмейді,
Тауға қарай тартсам да жүрмейді.

Зулап түсіп төменге,
Шықпас менсіз төбеге. (Шана)

3. Сергіту сәті.
Жас ұланмын шыныққан,
Жасқанбайтын суықтан.
Қардан жасап аққала.
Сырғанаймын шаттана.

4. Оқулықпен жұмыс.
Г. Әзімбаеваның «Шана» атты шағын әңгімесін оқып беремін де, ары қарай бала қалай жауап беруі мүмкін? (Балалар ойланып, өз ойларын айтады)

5. Суретті бояу
Қысқы табиғат туралы суреттерді боятып, әңгімелету.

6. Ребусты шеш.
«Шана»
Қорытынды:
- Қыста қандай ойын түрлерін ойнаймыз?
- Кімнің шана, шаңғы, конькиі бар?
- Қазір техниканың жедел дамыған заманында бізге не керектің бәрі де дүкен сөрелерінде немесе ашық базарларда самсап толып тұр. Алайда, олардың кез келгенін әпере беруге біздің ата - аналарымыздың шамалары жете бермеулері де мүмкін. Сондықтан кейбір ата - аналар шананы қолдан құйдырып та жасатады. Сондай шана кімде бар?
- Сен оларды тиімді пайдаланып жүрсің бе?
Балаларды мадақтап, бес жұлдызшалар таратып, сабақты аяқтаймын.
13 817
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қысқы серуен
Қысқы серуен
Мақсаты: Қыс мезгілін сипаттай білуге үйрету, сөздік қорларын дамыту. Сөз тіркестерінің дұрыс айта білуге үйрету. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.
Қысқы табиғат ерекшеліктері. Қар кесегі
Қысқы табиғат ерекшеліктері. Қар кесегі
Қысқы ойын түрлерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
«Қыс» өлеңі
«Қыс» өлеңі
Мақсаты: 1) Өлеңді мәнерлеп оқи отырып, мазмұнын ашу. 2) Балаларға табиғат көріністерін сипаттап, қыс қызықтарын айтқызып үйрету.
Қыс қызығы
Қыс қызығы
Тақырыбы: «Қыс қызығы»
Қысқы табиғат
Қысқы табиғат
БҚО, Ақжайық ауданы. «Айгөлек» МДҰ І санатты тәрбиешісі Жұмабаева Г. К.
Су - тіршілік көзі
Су - тіршілік көзі
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Асанәлі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиешісі Усенгалиева Акбота Елемесовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×