Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Міржақып Дулатов "Қыс"

15 наурыз 2014, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: М. Дулатов Қыс
Сабақтың мақсаты: Қыс мезгілі туралы түсінік қалыптастыру, ақын туралы түсінік беру
Міндеттері: Мәтінің мазмұнындағы негізгі ойды анықтау, қыс мезгілі туралы толық мағлұмат алу
Күтілетін нәтижелер: Мәтінің негізгі ойын анықтай алады, қыс мезгілі туралы толық мағлұмат алады.
Көрнекіліктері: суреттер, слайдтар, автордың суреті, интербелсенді тақта.

Сабақтың жүрісі: I. Ұйымдастыру бөлімі.
Сәлемдесу. Сыныпты стикер арқылы топқа бөліп аламын.
Психологиялық дайындық Жүректен жүрекке жылу сыйлау
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан - жағым.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Ө. Тұрманжановтың Туған өлкем өлеңін жатқа сұраймын
III. Жаңа сабақты меңгерту.
YI. «Бірге ойлаймыз» әдісі бойынша Сөзжұмбақ шешу
1. Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады. (қар)
2. Есіктен кіреді еңкейіп,
Төрге шығады қампайып( аяз)
3. Отқа жанбас, суға батпас (мұз)

YII. Сызбаға сүйене отырып Міржақып Дулатов өмірбаяны туралы қосымша білім беру.
Міржақып Дулатұлы (1885 — 1935) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері. Туған жері — Торғай уезінің, Сарықопа облысының бірінші ауылы(қaзipгi Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты "Қызбел" ауылы). Әкесі — Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі — Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897 - 1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақыптың білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Мұқан мұғалім ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин іргетасын қалаған оқу орнының, дәлірек айтқанда, Торғай қаласындағы уездік орыс - қазақ мектебінің түлегі болатын. Өз шәкірттеріне де ол осы рухта тәлім - тәрбие, терең білім береді.

YIII. Мәтінмен жұмыс
1) Мәтінмен таныстыру
2) Мазмұны түсіндіру
3) Мәтінді жеке-жеке тізбектеп оқыту

IX. Сөздік жұмысы
Бапсыз - жайсыз,
Бек қиын - өте қиын,
Жалтаң аяз - үскірік, суық аяз,
Қарыған - үсіктен

X.«Ойлан - бірік - талқыла» әдісімен топтық жұмыс жүргізу
1 - топ. Суретпен жұмыс. Суретте қай жыл мезгілі бейнеленген.
2 - топ Адамдар суықтан қалай қорғанады? Сен қыста қалай киінесің?
3 - топ Қыс мезгіліндегі ойын түрлерін ата және суретін сал.
4 - топ Қыс мезгіліндегі үй жануарларының жағдайы туралы не дер едің?

Формативтік бағалау. Қол шапалақтау арқылы бағалау
XI. 1) «Қабырғаға қарап оқу» стратегиясы
Қыс мезгілінің суреті бейнеленген сюжеттік сурет беріледі. Сол сурет бойынша оқушылар қабырға қарап отырып өз ойларын әңгімеле немесе өлең шығарып дәптерге түсіреді. Тапсырма орындап болған оқушылар өз орындарына қайтып оралады.
2) «Автор орындығы» стратегиясы
Оқушылар сурет бойынша жазған әңгімелерін немесе өлеңдерін автордың орындығына отырып оқиды.

XII«Даналық қоржын»әдісі
Әр топ оқушылары қыс тақырып бойынша өздері сұрақ дайындап Даналық қоржынына салады. Барлық сынып оқушылар жазып салған сұрақтарды оқушылар кезектесіп алып сұраққа жауап береді. Осы сұрақтар арқылы сабақ қорытындыланады.

Бағалау. Бағалау бетшесі арқылы топ басшылары топ мүшелерін бағалайды. Сабақ қорытындыланды. Үйге Мәтінің мазмұнын айту. «Қысқы ойын түрлері» тақырыбында әңгіме жазып келу, сурет салу.
4 733
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
М. Дулатов Қыс
М. Дулатов Қыс
Автормен таныстыру арқылы, мәтіннің мазмұны мен идеясын ашу. Оқушылардың таным мүмкіндіктерін анықтау.
Шешенің балаларын сүюі. Міржақып Дулатов
Шешенің балаларын сүюі. Міржақып Дулатов
Жезқазған қаласындағы №21 жалпы орта білім беретін мектебі КММ Бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Ақтоты Рахимберліқызы
Міржақып Дулатов «Қыс»
Міржақып Дулатов «Қыс»
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы №132 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Альмусина Жанар Сайлауовна
Міржақып Дулатов "Наурыз"
Міржақып Дулатов "Наурыз"
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Бейнеу селосы, Абай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нурмухаммедова Карлыга
Боран
Боран
Астана қаласы, №53 мектеп - лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Аманова Т. С
Қыс
Қыс
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Благодарное орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі: Сыдыкова Сайраш Нығыметқызы Сабақ тақырыбы: Қыс. Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру. Қыс туралы білімдерін
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×