Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Т. Молдағалиев. Он алтыншы желтоқсан. Қайраттың жазу дәптерінен

31 қазан 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың атауы: Т. Молдағалиев. Он алтыншы желтоқсан. Қайраттың жазу дәптерінен
Мақсаты
Білімділік: Қазақстан тәуелсіздігі жолында мерт болған қайсар рухты қазақ жастары туралы мағлұмат беру.
Тәрбиелік: Батырдың биік тұлғасын суреттеу арқылы ұлтын сүйетін, елінің болашағына, өсіп - өркендеуіне өз үлесін қосатын табанды азамат тәрбиелеу.
Дамытушылы: Оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру, байланыстырып сөйлеуін дамыту, өзіндік ой - пікірін айта білуіне баулу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, үнтаспа.

Психологиялық ахуал
Қазір қай мезгіл?
— Қыс мезгілі.
— Ақын ақша қарды неге теңейді?
— Ақ мамық қар, ақ тауықтың жүніндей, ақ жібектің түріндей, ақ қардан көрпе жамылды.
— Осы қыс мезгілінің айларын атайықшы?
— Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Мағынаны тану
Олай болса, осы желтоқсан айында болатын ерекше мерекелердің бірін білу үшін біз қазір сөзжұмбақ шешеміз.
Рәміз.
Қазақтың ханы.
Жыл басы.
Киелі сан.
Бұрынғы астана.
Ресей халқы.
Алып жануар.
Қасиетті ай.
Мұз айдыны.
Жыртқыш құс.
Қазақстан қаласы.
Сөзжұмбақтан ерекше торкөзден қандай сөз шықты?
— Тәуелсіздік.
— «Тәуелсіздік» сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Ендеше, бүгін бізге де «Қайраттың жазу дәптерінен» үзінді берілген екен. Сонымен танысайық.
(тақырыпты жаздыру)
Өзім оқулықтан оқып беремін.
2 оқушыға оқытамын.
Сұрақтарға жауап алам.
а) Мәтінде қорқақтық туралы не делінген? Сенің пікірің қандай?
ә) Қ. Рысқұлбековтің асыл міндет деп отырғаны не деп ойлайсыңдар?
(оқушылардан жауап алу)
Қайрат өз халқының бостандығын, ел болашағын, тәуелсіздігін өз алдына мақсат, асыл міндет етіп қойды.

Сергіту сәті
Ендеше, балалар, біз Т. Молдағалиев атамыздың «16 желтоқсан» өлеңімен таныссақ, басқада ағаларымыз «Желтоқсан» оқиғасына арнап әуені мен өлеңдер арнаған екен. Солардың бірі «Желтоқсан желі» әнін біз қазір үнтаспадан тыңдайық, Әбирбек Тінәлиевтің орындауында.
Ой толғаныс
Сұрақтарға жауап аламын
1. Өлең неліктен «Он алтыншы желтоқсан» деп аталады?
2. Бұл күн қандай мереке?
(оқушылардан жауап алу).
— Ендеше, дәптерімізді ашамыз.
Үйге тапсырма Қайраттың өмірден өткеннен кейінгі өмірі.

Бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Кері байланыс
Т. Молдағалиев. Он алтыншы желтоқсан. Қайраттың жазу дәптерінен. жүктеу
1 481
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Т. Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан». «Қайраттың жазу дәптерінен»
Т. Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан». «Қайраттың жазу дәптерінен»
Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру, Қазақстан тәуелсіздігі жолында мерт болған қайсар рухты қазақ жастары туралы мағлұмат беру, оқушылардың білімдерін тереңдету, жаңа білім мазмұнын меңгерту.
Т. Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан» «Қайраттың жазу дәптерінен»
Т. Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан» «Қайраттың жазу дәптерінен»
Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру, Қазақстан тәуелсіздігі жолында мерт болған қайсар рухты қазақ жастары туралы мағлұмат беру, оқушылардың білімдерін тереңдету, жаңа білім мазмұнын меңгерту.
Тұманбай Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан»
Тұманбай Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан»
Тұманбай Молдағалиевтың «Он алтыншы желтоқсан» өлеңі мен «Қайраттың жазу дәптерінен» мәтінінің мазмұнымен таныстырып, түсіндіріп, жаңа сабақты меңгерту. Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау.
Тұманбай Молдағалиев "Он алтыншы желтоқсан"
Тұманбай Молдағалиев "Он алтыншы желтоқсан"
Білер қазақ баласы Сәлем сөздің анасы Алдымыздан кезіккен. Көп ұстазды көреміз. Бәріне де ізетпен, Біздер сәлем береміз.
Тұманбай Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан» Қайраттың жазу дәптерінен
Тұманбай Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан» Қайраттың жазу дәптерінен
Сатпаев қаласындағы №4 мектеп - лицейінде бастауыш сынып мұғалімі Байжан Халқа Қалжігітқызы
Он алтыншы желтоқсан. Қайраттың жазу дәптерінен
Он алтыншы желтоқсан. Қайраттың жазу дәптерінен
Батырдың биік тұлғасын суреттеу арқылы ұлтын сүйетін, елінің болашағына, өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосатын табанды азамат тәрбиелеу. Оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру, байланыстырып сөйлеуін дамыту, өзіндік ой-пікірін айта білуіне баулу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×