Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Он алтыншы желтоқсан. Қайраттың жазу дәптерінен

07 желтоқсан 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстан тәуелсіздігі жолында мерт болған қайсар рухты қазақ жастары туралы мағлұмат беру.
Тәрбиелік: Батырдың биік тұлғасын суреттеу арқылы ұлтын сүйетін, елінің болашағына, өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосатын табанды азамат тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру, байланыстырып сөйлеуін дамыту, өзіндік ой-пікірін айта білуіне баулу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, үнтаспа.

Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім----------------Балалар(хормен)
- Әрбір адам? - Туысым, досым, жұрағат.
- Әрбір сабақ? - Үйрену, ұғу, ұлағат.
- Әрбір ісің? - Тірлік, тірек, адамдық.
- Әрбір сөзің? - Шындық, бірлік, адалдық.
- Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

II. Өтілген материалдарды қайталау, пысықтау.
Үй тапсырмасын сұрау.
- Балалар, бүгінгі ана тілі сабағы ерекше. Өйткені, сендердің білімдеріңді, біліктеріңді бағалауға ұстаз апайларымыз келіп отыр.
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- З. Шүкіров. «Ақша қар» өлеңін - жатқа айтқызу. (3-4 оқушыға айттыру).
- Міне, балалар, осы өлеңде жылдың қай мезгілі бейнеленген?
- Қыс мезгілі.
- Қазір қай мезгіл?
- Қыс мезгілі.
- Ақын ақша қарды неге теңейді?
- Ақ мамық қар, ақ тауықтың жүніндей, ақ жібектің түріндей, ақ қардан көрпе жамылды.
- Осы қыс мезгілінің айларын атайықшы?
- Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
- Олай болса, осы желтоқсан айында болатын ерекше мерекелердің бірін білу үшін біз қазір сөзжұмбақ шешеміз.
ТӘУЕЛСІЗДІК

III. Жаңа сабақ.
1. Рәміз.
2. Қазақтың ханы.
3. Жыл басы.
4. Киелі сан.
5. Бұрынғы астана.
6. Ресей халқы.
7. Алып жануар.
8. Қасиетті ай.
9. Мұз айдыны.
10. Жыртқыш құс.
11. Қазақстан қаласы.

- Сөзжұмбақтан ерекше торкөзден қандай сөз шықты?
- Тәуелсіздік.
- «Тәуелсіздік» сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер? (Оқушылардан жауап алу).
- Ал, біздің еліміз тәуелсіздікті қашан алды? (жауап алу)
- Ендеше, оқушылар 16 желтоқсан – Қазақстан Тәуелсіздігін жариялаған күн.
- Биыл біз тәуелсіздіктің неше жылын тойлаймыз? (20жыл).
- Тәуелсіздікті қашан алдық?
- 1991 жылы 16 желтоқсанда.
- Міне, балалар тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ.
- Осы біздің тәуелсіздігімізге, егемендігімізге көптеген ақын, жазушы ағаларымыз, аталарымыз өлеңдер арнаған екен.
- Олай болса, біз бүгін Т. Молдағалиев атамыздың «Он алтыншы желтоқсан» деген өлеңімен танысамыз.
- Ендеше, дәптерімізді ашамыз.
Салақтықтан қашамыз.
Көркем етіп жазамыз.
(күннің жады, тақырыпты жазу)

Сұрақтарға жауап аламын
1. Өлең неліктен «Он алтыншы желтоқсан» деп аталады?
2. Бұл күн қандай мереке? (оқушылардан жауап алу).
- Ендеше, дәптерімізді ашамыз.

IV. Сергіту сәті.
- Ендеше, балалар, біз Т. Молдағалиев атамыздың «16 желтоқсан» өлеңімен таныссақ, басқада ағаларымыз «Желтоқсан» оқиғасына арнап әуені мен өлеңдер арнаған екен. Солардың бірі «Желтоқсан желі» әнін біз қазір үнтаспадан тыңдайық, Әбирбек Тінәлиевтің орындауында.
Үн таспадан тыңдау
- Міне, балалар жаңа біз әнді тыңдап отырып, видеосынан болған оқиғаларды да көрдік. Ағаларымыз бен апаларымыздың алаңға шыққанын, одан кейінгі қиыншылықтарын көрдік.
- Осы тәуелсіздіктің бізге оңайлықпен келмегенін білдік. Тәуелсіздік, егемендік жолында қазақ жастары шеруге шықты. Сол желтоқсан оқиғасының ішінде біздің ауылдас ағаларымызда болды.
Олар: Сарболаев Абзал, Шәудірбаев Ғабит, Қашығұлов Жәнібек, Озғанов Саттар т.б. ағаларымыз болды.

Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан
Тарихы оның тым әріден басталған
Бостандықтан құтқарам деп елімді
Талай боздақ қара жерді жастанған – демекші, біздің көптеген аға – апаларымыз желтоқсан оқиғасының құрбандары болды.

- Біздің осы аға-апаларымыз желтоқсанда ерлігімен, өжеттігімен, батылдығымен, батырлығымен көзге түсті.
Солардың ішінде біз бүгін Қайрат ағамызға ерекше тоқталамыз.
Қайрат Рысқұлбеков
Жан сыры.
- Осы абақтыда жатқан кезде өзінің ішкі жан сырын қағаз бетіне түсіріп отырған.
- Ендеше, бүгін бізге де «Қайраттың жазу дәптерінен» үзінді берілген екен. Сонымен танысайық.
(тақырыпты жаздыру)
1. Өзім оқулықтан оқып беремін.
2. 2 оқушыға оқытамын.
3. Сұрақтарға жауап алам.
а) Мәтінде қорқақтық туралы не делінген? Сенің пікірің қандай?
ә) Қ. Рысқұлбековтің асыл міндет деп отырғаны не деп ойлайсыңдар? (оқушылардан жауап алу)
Қайрат өз халқының бостандығын, ел болашағын, тәуелсіздігін өз алдына мақсат, асыл міндет етіп қойды.
Қайраттың өмірден өткеннен кейінгі өмірі.
- Міне, оқушылар қазір біз Қайрат ағамыздың сөзіне, ісіне қарап сипаттама берейікші.

V. Сабақты қорыту.
- Біз бүгінгі сабағымыздан не үйрендік? Не білдік?
Сандардың сырын айтсақ, артынан бүгінгі сабағымыздың қорытынды, түйінді сөз шығады.
VI. Бағалау.

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы
Шетпе кенті Б.Жұмалиев атындағы орта
мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Қамысбаева Роза
14 968
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Т. Молдағалиев. Он алтыншы желтоқсан. Қайраттың жазу дәптерінен
Т. Молдағалиев. Он алтыншы желтоқсан. Қайраттың жазу дәптерінен
Батырдың биік тұлғасын суреттеу арқылы ұлтын сүйетін, елінің болашағына, өсіп - өркендеуіне өз үлесін қосатын табанды азамат тәрбиелеу.
Т. Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан». «Қайраттың жазу дәптерінен»
Т. Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан». «Қайраттың жазу дәптерінен»
Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру, Қазақстан тәуелсіздігі жолында мерт болған қайсар рухты қазақ жастары туралы мағлұмат беру, оқушылардың білімдерін тереңдету, жаңа білім мазмұнын меңгерту.
Т. Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан» «Қайраттың жазу дәптерінен»
Т. Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан» «Қайраттың жазу дәптерінен»
Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру, Қазақстан тәуелсіздігі жолында мерт болған қайсар рухты қазақ жастары туралы мағлұмат беру, оқушылардың білімдерін тереңдету, жаңа білім мазмұнын меңгерту.
Тұманбай Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан» Қайраттың жазу дәптерінен
Тұманбай Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан» Қайраттың жазу дәптерінен
Сатпаев қаласындағы №4 мектеп - лицейінде бастауыш сынып мұғалімі Байжан Халқа Қалжігітқызы
Н. Айтов. Нұркен
Н. Айтов. Нұркен
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ы. Алтынсарин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мақсымбаева Сұлу
Сейітқұл Оспанов "Шыбын мен көбелек"
Сейітқұл Оспанов "Шыбын мен көбелек"
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, №132 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жақсыбаева Әсемгүл Тәңірбергенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×