Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөз таптары

25 желтоқсан 2018, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары.
Сабақтың мақсаты: Сөз табы ұғымымен таныстыру және сөз таптары туралы түсінік беру. Әрбір сөздің белгілі бір ұғымды білдіретінін, сөйлемдегі сөздердің орны мен өзара мағыналық байланысы болатынын түсіндіру;
Өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, жазба тілін, байланыстырып сөйлеуін дамыту. Шығармашылық қабілеттерін, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Білімпаздыққа, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Сиқырлы өлке, қария, алма ағашы, ойындар, суреттер, домбыра, қобыз, мақал - мәтелдер
Сабақтың түрі: кіріктірілген аралас сабақ
Сабақтың жүрісі:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Үй тапсырмасын сұрау:
Тест.
1 Түбір сөзді тап
а) жаңалық
ә) күй
б) құрылысшы
2 Түбірге жалғанған бөлік не деп аталады?
а) қосымша
ә) түбір
б) жалғау
3 Қосымшаның неше түрі бар?
а) 4
ә) 2
б) 3
4 Жұрнақ жалғанған сөзді тап?
а) көлдер
ә) батырлық
б) досым
5 Жалғау жалғанған сөзді тап:
а) зейнеткер
ә) қобызшы
б) гүлді

Жаңа сабақ:
Бүгін сендер сөздер туралы ертегі тыңдайсыңдар.
Ерте, ерте ертеде, біз білмейтін бір елде сөздер өмір сүріпті. Ол ел «Морфология» деп аталыпты. Бір күні кең сарайда өмір сүріп жатқан сөздер бірнәрсеге келісе алмай, «сен ұзынсың, мен қысқамын, сен көпшілсің, көп мағына бересің, анаумен де мынаумен де тіркесесің, мен бір мағына беріп оқшау жүргенді ұнатамын» - деп, кең сарайға бастары симай, айтысып жатады. Мұны естіген хан оларды жинап алып: - Сендер, өз мағыналарыңа қарай, жауап беретін сұрақтарыңа, өзіндік ерекшеліктеріңе қарай топқа бөлініңдер, сосын әрқайсысыңды жеке отау етіп, бөлек - бөлек үй қылып қоямын, - дейді. Сөйтіп, сөздер өздерінің ұқсас белгілеріне қарай тапқа бөлініп, оларға ат беріледі. Осылайша морфология елі – СӨЗ ТАПТАРЫ еліне айналады. Олай болса сол сөз таптарының кейбіреулерімен танысамыз. Ережемен жұмыс.
Тақтадағы плакатпен жұмыс. Схемаға сүйеніп жаңа сабақты түсіндіру. Сөз таптары: зат есім, етістік, сын есім, сан есім. Оларды тереңірек түсіну үшін кітаптағы жаттығуларды орындайық.
Кітаппен жұмыс: 312 - жаттығу.
Сөздерді тізбектеп оқып, оларға сұрақ қою.
Күн, ата, ақ, отыз, көк, екі, жазды, шықты, үлкен, жазушы, келді, қырық, адам, үй.
Сергіту сәті.
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалды сыбдырды
Ойлы - қырлы жерлермен
Ытқып - ытқып жүгірді.

Дәптермен жұмыс:
313 - жаттығу.
Жұмбақты оқып, шешуін табу. Жатқа жазу.
314 - жаттығу.
Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құрау.
40,,, З,,, 40
315 - жаттығу.
Бірінші бағандағы көп нүктенің орнына заттың сынын, екінші бағанға көп нүктенің орнына заттың қимылын, үшінші бағандағы көп нүктенің орнына заттың санын біл
Ретін сөзді тауып жаз. Неліктен сол сөзді жазғаныңды дәлелде.
... баяу сиыр........ дәптер
... үй қар......... қалам
... ауа құс........ сызғыш

Сабақты қорытындылау.
Ойын: Сөздерді дұрыс теріп жаз. Оқушылардың қолына сөздер жазылған жапырақтар беріледі, олар төрт кәрзенкенің ішіне сол сөздің қандай сұраққа жауап беретіні бойынша салу.
Кім? не? Не істеді? Қандай? Қанша?
Үйге тапсырма: 316 - жаттығу, ереже жаттау.
Сөз таптары жүктеу
Сөз таптары слайд жүктеу
2 342
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сөз және оның құрамы. 1 – 5 жаттығулар.
Сөз және оның құрамы. 1 – 5 жаттығулар.
Сөз құрамымен таныстыру. Түбір мен қосымшаның бір - бірінен айырмашылығын аңғарту. Қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ. Олардың өзіндік белгілері.
Сөз құрамымен таныстыру. 325 – 329 жаттығулар.
Сөз құрамымен таныстыру. 325 – 329 жаттығулар.
Сөз құрамымен таныстыру. Түбір мен қосымшаның бір - бірінен айырмашылығын аңғарту. Қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ. Олардың өзіндік белгілері. Түбірлес сөздер.
Түбір мен қосымша. 305 – 309 жаттығулар.
Түбір мен қосымша. 305 – 309 жаттығулар.
Сөз құрамымен таныстыру. Түбір мен қосымшаның бір - бірінен айырмашылығын аңғарту. Қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ. Олардың өзіндік белгілері.
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша
Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымша
2 - сыныпқа қазақ тілі пәнінен тест сұрақтары
2 - сыныпқа қазақ тілі пәнінен тест сұрақтары
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №9 орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Басенова Ақмарал Камаловна
Сөз таптары
Сөз таптары
Ақтөбе қаласы, № 1орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жумагалиева Роза
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×