Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ай – Жердің серігі

18 қаңтар 2019, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Тізбектелген сабақтар жоспары №2
Сабақтың тақырыбы: Ай – Жердің серігі
Жалпы мақсаты:
* Ай туралы жалпы түсінік алады.
* Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамытылады.
* Өзара ынтымақтастыққа, бірлікке үйренеді.
Оқу нәтижелері:
Оқыту үрдісінде оқушылардың әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, өздеріне деген сенімдері, оқушының білімге ынтасы артады. Топтық жұмысқа қалыптасады, өз ойларын еркін жеткізеді, мақсатқа жетуге топ болып ұмтылады, бірін - бірі бағалайды, шығармашылыққа ұмтылады, пәнге деген қызығушылықтары артады.
Түйінді идеялар:
Сыни тұрғыдан ойлай отырып, ой - пікір, пайымдары қалыптасады.
Ресурстар:
Интерактивті тақта, компьютер, слайд, маркер, плакат, магнит, бағалау және кері байланыс (көңіл - күй) парағы
Жаттығулар және бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл:

І. Топқа бөлу. Ай, Жер, Күн сөздері бойынша 3 топқа бөлу.
Әр топтың топ басшылары тағайындалады.
ІІ. Сергіту сәті. «Сергіту» клипі бойынша.
ІІІ. Өткенді қайталау: «Ыстық орындық» стратегиясы
Оқушылар өткен сабаққа байланысты әрбіреуі бір - бір сұрақтан жазып қобдишаға салады. Жеребе бойынша 1 оқушы ортадаға орындыққа келіп отырады. Қобдишаға салынған сұрақты таңдау арқылы сол сұраққа жауап береді. Жауап бере алмаса келесі оқушы алмастырады. Осылайша бірнеше оқушыдан үй тапсырмасын тексеру.

ІҮ. «Миға шабуыл» стратегиясы
Серік деген не? Серік деген сөзді қалай түсінесің? Ғалымдардың ішінде кім ең бірінші ғаламшардың серіктерін байқады? Бұл қай ғаламшар? Ал олай болса Жердің серігі не деп ойлайсыңдар?
Оқушылардың ой - пікірлерін білу.
Яғни оқушылар «Ай – Жердің серігі» деген қорытындыға келеді.

Ү. Мағынаны тану. «ББҮ» стратегиясы
Бұл тақырыпты «ББҮ» стратегиясы бойынша өткізу.
Білемін
Білгім келеді
Үйрендім

Ең алдымен оқушылар жеке «Білемін» графасын 2 минут ішінде толтырып шығады. Содан соң жұппен талқылайды, кейін топқа салады. Әр топтан 1оқушы ортаға салады.
Содан соң «Білгім келеді» графасын толтырады 1 минутта.
Оқушылардың білгісі келетін сұрақтарын интербелсенді тақтаға жазып қою. Бұдан соң осы сұрақтардың жауабын кітаптағы мәтін бойынша іздеу. Ол үшін топтарға мәтіндерді бөліп беру. Әрбір топ өздеріне берілген мәтіндер бойынша жұмыс жасап, ойларын плакатқа түсіреді. Соңынан топтардан баяндамашы шығып түсіндіреді. Болған соң оқушылар не үйренгендігі жайлы «Үйрендім» графасын толтырады.

Ү. Ой толғаныс. «Рөлдік ойын» стратегиясы.
1 - топ. Күннің тұтылуын
2 - топ. Айдың тұтылуы
3 - топ. Айдағы фазалардың ауысуын тәжірибе түрінде көрсету.

ҮІ. Бағалау: топбасшылар бағалайды
ҮІІ. Кері байланыс. Бүгінгі сабаққа байланысты көңіл күйлерін стикерге жаза отырып тақтадағы плакатқа ілу арқылы білдіреді.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: «Айға сапар» эссе жазу.
Ай – Жердің серігі жүктеу
3 476
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Оқу мен оқытудағы кедергілер және оларды жеңу жолдары
Оқу мен оқытудағы кедергілер және оларды жеңу жолдары
Оқуда туындауы мүмкін кедергілерді анықтау. Оқу мен оқытудағы қиындықтарды жеңудің стратегиясын ұсыну.
Топтық жұмыс түрлерін енгізе отырып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Топтық жұмыс түрлерін енгізе отырып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, ынтымақтастықта жұмыс істеуге дағдыландыру
Екі нүктенің арақашықтығы
Екі нүктенің арақашықтығы
Координатасы бойынша жазықтықтағы екі нүктенің арақашықтығын табу формуласын үйрету және есептер шығарғанда пайдалана білуге дағдыландыру, есептер шығару жолдарын сыни тұрғыдан саралау
Есім хан (1598 – 1628 ж)
Есім хан (1598 – 1628 ж)
Есім ханның тұсындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы туралы жан жақты түсінік беру, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту, елжандылыққа және ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Сөз тіркесі туралы түсінік
Сөз тіркесі туралы түсінік
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, «Ю. А. Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Кутпаева Раушан Рамазановна
Қазақша сөйлейміз
Қазақша сөйлейміз
СҚО, Тайынша ауданы, Тайынша қаласының №2 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рамазанова Сырға Қайырбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×