Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кеңістікті бағдарлау «Оң жақта - сол жақта, астында - үстінде, арасында»

20 қаңтар 2019, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ересек «Ақбота» тобының ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы:«Таным»
Кіші сала: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Тақырыбы: Кеңістікті бағдарлау «Оң жақта - сол жақта, астында - үстінде, арасында»
Мақсаты: Балаларды кеңістік қатынастарымен оң – сол, үстінде, астында, арасында ұғымдарымен таныстыру. Заттардың өзара орналасуын, орынын ажырата білуге үйрету.
Билингвальдық компоненті: Оң жақ - справа, сол жақ - слева.

І кезең - мотивациялық қозғаушы
Тапсырмаларды орындау.
3 рет аяқпен тарсылдату.
2 рет оңға, 2 рет солға
қадам басу.
Алақанмен 3 рет жоғары, 1 рет төмен шапалақтау.

ІІ кезең - ұйымдастырушылық
ізденушілік Ертеде – Айша, Әлия және Әнел деген үш қыз өмір сүріпті.
Айша – ең ұзыны, Әлия - оң жақта тұр,
Әнел сол жақта тұр.
Қыздардың қайсысының бойы қысқа? Ең ұзын қыздың аты кім?
Айшадан қысқа қыздың аты кім?
- Әр қыздың қай үйде тұратынын ойлап табындар, қарындашпен көрсетіңдер.
- Биік үй қай жақта?
Одан аласа үй қай жақта?
Ең аласа үй қай жерде?
Бір күні Айша, Әлия және Әнел орманға барады. Өзенге жақындап келіп, олар мынаны көреді: өзен жағасына да екі ағаш өсіп тұр екен, оның аласасы - шырша да, одан биігі – ұшы әрең көрінетін қарағай.
- Шырша қай жерде орналасқан? Қарағай ше?
- Орманда қыздардың нені кездестіргенін жұмбақты шешу арқылы табыңдар.

Жұмбақтар:
Үсті толы ине,
Бірақ та іс тігіп
Қадамайды түйме.

Бұтақтарға секіріп,
Әр жерден қылт етеді
Кейде жаңғақ кеміріп,
Жоғары өрлеп кетеді.

Қорыққанда жел аяқ,
Отырғанда томардай - ақ

Сергіту жаттығуы.
Ал, балалар тұрайық.
Үлкен шеңбер құрайық,
Алақанды соғайық.
Оң жақтағы балаға,
Шапалақты соғайық.
Сол жақтағы балаға,
Шапалақты соғайық.
Жоғары төмен қарайық,
Орнымызды табайық.

Дәптермен жұмыс
1. Тор көзді салып бояу.
2. Тор көздің оң жағындағысын -
Сол жағын бояу.
Кеңістікті бағдарлау «Оң жақта - сол жақта, астында - үстінде, арасында» жүктеу
19 278
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кеңістікте бағдарлау
Кеңістікте бағдарлау
Заттардың орналасқан орнын ішінде, үстінде, астында, алдында, артында, жоғарыда, төменде, оң жақта, сол жақта т. б. Ұғымдар арқылы айта білуге үйрету. Танымдық қабілетін жетілдіру.
Үлгі бойынша санау, сандарды салыстыру, 4 - 5; тәулік бөліктері, Сол жақта, ортасында, оң жақта
Үлгі бойынша санау, сандарды салыстыру, 4 - 5; тәулік бөліктері, Сол жақта, ортасында, оң жақта
Цифрды заттың санымен сәйкестендіруге үйрету; кеңістіктегі қарым қатынастар, заттың орналасқан орнын анықтау, және сөзбен атап көрсету (сол жақта, оң жақта жоғарыда, төменде, арасында).
Хайуанаттар бағына саяхат (кеңістікті бағдарлау)
Хайуанаттар бағына саяхат (кеңістікті бағдарлау)
Кеңістіктегі сандар мен заттардың орналасуының бір – біріне тәуелсіз болуы туралы ұғыммен таныстыру; заттарды бір қатарға – солдан оңға қарай оң қолымен санауға, орналастыруға үйрету
Ұзын - қысқа. Сол жақта - оң жақта.
Ұзын - қысқа. Сол жақта - оң жақта.
Қысқа мерзімді жоспар: Ұзын - қысқа. Сол жақта - оң жақта.
Цифр мен заттың сан арасындағы сәйкестікті табу. Сол жақта, оң жақта айыра білуге үйрету.
Цифр мен заттың сан арасындағы сәйкестікті табу. Сол жақта, оң жақта айыра білуге үйрету.
Цифрды заттың санымен сәйкестендіруді үйрету. Заттың орналасу ретіне қарай сөзбен баяндау қабілетін арттыру, оң мен солды айыра білуге қабілетін нығайту.
Баланың ойлау қабілетін дамыту
Баланың ойлау қабілетін дамыту
Қызылорда облысы, Әйтеке би кенті, №28 «Ақбота» балабақшасының тәрбиешісі Сәнкебаева Нұргүл Шорақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×