Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кеңістікте бағдарлау

13 қаңтар 2019, Жексенбі
Категориясы: Биология
Оқу іс - әрекетінің тақырыбы: Кеңістікте бағдарлау
Мақсаты: Балалардың кеңістікте бағдарлау дағдысын дамыту.
Заттардың орналасқан орнын ішінде, үстінде, астында, алдында, артында, жоғарыда, төменде, оң жақта, сол жақта т. б. Ұғымдар арқылы айта білуге үйрету. Танымдық қабілетін жетілдіру.
Байқағыштыққа тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, көрсету.
Көрнекілігі: суреттер, әліппе дәптері.

Ұйымдастыру.
Шаттық шеңбері:
- Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір – біріміздің жүзімізді көреміз, бір – бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз, осылайша қуанышқа бөленеміз.

Негізгі бөлім.
1) Сынып бөлмесіндегі заттарды атап, олардың орналасқан жерін бір - бірімен салыстыра отырып, ажырату. Мысалы: тақта сыныптың алдында, шкафтар артында, терезе сол жақта, есік оң жақта орналасқан.
Ойын: «Көршіңді тап».
2) Ұғымдарды меңгерту үшін «Ол жерде не жатқанын тап» ойыны ойналады. Шарты: Заттың қасиетін сипаттайды.

Осы шартты белгілер бойынша затты тауып, оның орналасқан орнын сипаттау керек.
3) Көрінісі аяқталмаған плакат пен суретші жұмысы ілінеді. Төменде күн, өзен, шырша, т. б. бейнеленген.
4) «Кімнің қайда тұрғанын тап»
Әртүрлі заттар мен ойыншықтарды пайдалана отырып, қайсысының қайда орналасқанын анықтайды. Мысалы: түлкі қуыршақтың алдында, қуыршақ қоянның оң жағында т. с. с.
5) «Не өзгерді?»
Үстелдің үстінде бірнеше зат жатыр. Балалар заттың қалай орналасқанын естеріне сақтап қалады. Содан кейін көздерін жұмады. Сол кезде бір - екі заттың орны ауыстырылады. Мысалы: мысық қоянның оң жағында тұрды, қазір сол жағында.
6) «Өз өрнегің туралы айтып бер»
Әр балада өрнек салынған парақша бар. Оң жақтағы жоғары бұрышта – шеңбер, сол жақтағы жоғары бұрышта – шаршы, сол жақтағы төменгі бұрышта - доғал, ортада - үшбұрыш тұр.

7) «Суретшілер» ойыны.
Шарты: заттардың кеңістікте орналасуын айқындайтын терминдерді бекіту.
Әліппе дәптермен жұмыс.
1 - тапсырма. Сурет бойынша сұрақтар қойып, балалар жауабы тыңдалады.
- Доптың қасында неше құс бар?
- Орындықтың астында, қыздың алдында неше құс бар?
- Ит қай жаққа жүгіріп барады?
- Ұшақ қай жаққа ұшып барады?
2 - тапсырма. Сол жақтағы белгіні пайдаланып, ұлудың жолын сал. Оң жаққа мынадай бағдаршалар сал.
- оңға қарай - төмен қарай
- солға қарай - жоғары қарай
Бір нүкте – бір торкөзге, екі нүкте – екі торкөзге жылжиды.
3 - тапсырма.
Үстелге 2 - 3 фигура қойылады. Содан кейін олар бір - бірінің үстіне қойылады. Төмен, орта, жоғары сөздерін дұрыс түсінгенін тексеру. Бұл фигураларды бір - бірінің үстіне қойғанда қандай сурет шығады?
Кеңістікте бағдарлау жүктеу
25 711
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Заттардың орналасуы
Заттардың орналасуы
Заттардың орналасуын, бағытын және қашықтығын анықтайтын терминдерді пайдалану.
Кеңістікті бағдарлау «Оң жақта - сол жақта, астында - үстінде, арасында»
Кеңістікті бағдарлау «Оң жақта - сол жақта, астында - үстінде, арасында»
Балаларды кеңістік қатынастарымен оң – сол, үстінде, астында, арасында ұғымдарымен таныстыру. Заттардың өзара орналасуын, орынын ажырата білуге үйрету.
5 цифры туралы өткенді бекіту, 4 - 5 сандарын салыстыру. Заттың пішінін геометриялық фигуралармен сәйкестендіру
5 цифры туралы өткенді бекіту, 4 - 5 сандарын салыстыру. Заттың пішінін геометриялық фигуралармен сәйкестендіру
Балаларды заттарды саны бойынша салыстыруға (қанша, сонша, бірдей), санауға жаттықтыру, пішіндерді бір - бірінен ажыратуға үйрету. Заттарды кеңістікте орналасыуына қарай анықтап салыстыруға үйрету.
Үлгі бойынша санау, сандарды салыстыру, 4 - 5; тәулік бөліктері, Сол жақта, ортасында, оң жақта
Үлгі бойынша санау, сандарды салыстыру, 4 - 5; тәулік бөліктері, Сол жақта, ортасында, оң жақта
Цифрды заттың санымен сәйкестендіруге үйрету; кеңістіктегі қарым қатынастар, заттың орналасқан орнын анықтау, және сөзбен атап көрсету (сол жақта, оң жақта жоғарыда, төменде, арасында).
Цифр мен заттың сан арасындағы сәйкестікті табу. Сол жақта, оң жақта айыра білуге үйрету.
Цифр мен заттың сан арасындағы сәйкестікті табу. Сол жақта, оң жақта айыра білуге үйрету.
Цифрды заттың санымен сәйкестендіруді үйрету. Заттың орналасу ретіне қарай сөзбен баяндау қабілетін арттыру, оң мен солды айыра білуге қабілетін нығайту.
Реттік санаумен танысу
Реттік санаумен танысу
Реттік санаумен танысу. Жоғарыда оң жақ бұрышы, төменгі оң жақ бұрышы, жоғарғы сол жақ бұрышы, төменгі сол жақ бұрышы, ортасы. 5 саны көлемінде реттік санау, сандық және реттік санауды айыра білу (есептік және реттік санау), «қанша?», «нешінші?»
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×