Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мөлдір бұлақ

11 ақпан 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Сөйлеу дамыту.
Тақырыбы: Мөлдір бұлақ
Мақсаты: (Даярлық) Су әлемімен және де суда мекен ететін тіршілік иелерімен таныстыру. Олардың әрқайсысына тән қасиеттерді ажыратуға дағдылау.
Мақсаты: (Ересек) Су әлемімен және де суда мекен ететін тіршілік иелерімен таныстыру.
Міндеттері: 1. Су асты мекен ететін тіршілік иелерін әрқайсысының ерекшелігін білу.
2. Тақырыпқа сай сөздік қорларын дамыту.
3. Әр тіршілік иесіне мейіріммен қарауға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: Әңгімелеу, сұрақ жауаптар, ойындар, Мурашов. Тех. 6 қалпақ әдісі
Көрнекіліктер: Тақырыпқа сай суреттер, ойын заттары, 6 қалпақ, дүрбі, таратпалы заттар
Билингвалдық компонент: өзен – река – river. көл – озеро – lake, теңіз – море – sea

Кіріспе бөлім:
Педагог балаларды ортаға шеңберге тұрғызады.
- Балалар, қараңдаршы, біздің табиғатымыз қандай әдемі. Өзімізді әдемі де сұлу табиғатқа теңеп, шаттық шеңберін жасайық.
- Мен таумын. Бәрінен де биікпін.
- Мен гүлмін. Жұпар иісім бар.
- Мен Күнмін. Жарқырап жылу берем! - деп балалар шаттық шеңберін жасайды.
Педагог: Балалар, мына әртүрлі ғажайып дыбыстарды мұқият тыңдаңдар. Ненің дыбысын естігендеріңді айтып беріңдер.
(Аудиотаспадан сылдырлаған бұлақтың, теңіздің дыбыстары.)
- Дыбыстарды естігенде қайда жүргендей болдыңдар?
- Ненің дыбысын естідіңдер?
- Ал енді мен сендерге «Теңіздегі тіршілік иелері» атты бейнетаспа көрсетемін, сендер өте мұқият болыңдар, көріп болғаннан кейін қандай тіршілік иесін таныдыңдар, маған айтып бересіңдер. Көптілділік: өзен – река – river. көл – озеро – lake, теңіз – море – sea
Негізгі бөлім:
Педагог: Не көргендеріңмен бөлісіп отырыңдар, ерекше әсер беріп, есте қалған не болды?
Ал енді біз су туралы сөйлесеміз.
1. Қалай ойлайсыңдар, су кімге және не үшін керек?
2. Теңіз тіршілік иелеріне нелер жатады?

1 - тапсырма. Суретші нені ұмытты? Толықтырып сал.
Сергіту жаттығуы:
Қанекей, бой сергітіп алайық,
Өзімізді мөлдір суға балайық.
Сай - салада ағып жатқан сарқырап,
Бұлақ болып таудан төмен ағайық.
«Сөзді жалғастыр» ойыны.
Мен қармақпен балық....
Теңіз жағасынан шағаланы....
Бұлақ сылдырлап....
Жылқылар су....
Жаңбыр жауып, өзен суы....
Аққулар жағаға жақын....
Балалар суға....

2 - тапсырма. Жаңылтпашты жаңылмай айтайық:
Бұл балық, Ақ балық. Ақ балық, Қылтаны көп балық.

3 - тапсырма. Суреттегі тізбекті есіңе сақта. Дәптерді жауып, шатастырмай айтып бер.
Логикалық ойын: «Тура мағынасын айт». Педагог балаларға ауыспалы мағынадағы сөздер айтады, балалар тура мағынасын айтуға тырысады. Мысалы: Жылы сөз - жылы күн; Алтын бала - алтын сырға; Қара шаңырақ, қара ниет – қара шалбар; Ақ жол, ақ ниет - ақ орамал; Жұмыстың аяғы - жүретін аяқ; Бұлақтың көзі - адамның көзі; Суық хабар - суық жел.

4 - тапсырма. Суреттен суда мекен ететіндерді ата. Оларды судың суретімен қос.

5 - тапсырма.
Мақалдың мағынасын түсініп ал.
Судың да сұрауы бар.
Бұлаққа бұлақ қосылса, «егізбіз» дейді.
Көлге көл қосылса, «теңізбіз» дейді.
Өзен суын жаңбыр тасытады,
Адам қадірін еңбек асырады.
Су анасы – бұлақ, сөз анасы – құлақ.
Педагог балалармен бірге мақалдың мағынасын талқылайды.
Мөлдір бұлақ жүктеу
4 723
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Су асты әлемі
Су асты әлемі
Су асты әлемінің тіршілік иелеріне сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
Суды жақсы көретіндер
Суды жақсы көретіндер
Суда тіршілік ететін жануарлар жайлы түсінік беру, құрлықта және суда тіршілік ететін жануарлардың айырмашылығын үйрету.
Жануарлардың тіршілік ортасы
Жануарлардың тіршілік ортасы
Жануарлар туралы алған білімдерін топтарға бөліп, үй жануарлары мен жабайы аң, құстардың тіршілігіндегі өзгерістерді ерекшеліктерді танып білу дағдыларын дамыту.
Аквариумдағы балықтар
Аквариумдағы балықтар
Балықты қалай қоректендіру керектігін түсіндіру және көрсету арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. Өлең жаттату, жұмбақтар шешу. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, адамгершілікке тәрбиелеу.
Суды жақсы көретіндер
Суды жақсы көретіндер
Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Құрлықта және суда тіршілік ететін жануарлардың айырмашылығын үйрету. Судың ерекшелігіне, қажеттілігіне және қасиеттерімен таныстыру
Кім болам?
Кім болам?
Балалар бүгін біз қазіргі заманға сай «Рекламный агент» және «Дизайнер» заманауи мамандық иелерімен танысамыз.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×