Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Суды жақсы көретіндер

03 қаңтар 2019, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: Таным.
Бөлімі: Экология негіздері
Тақырыбы: Суды жақсы көретіндер
Мақсаты: 1. Суда тіршілік ететін жануарлар жайлы түсінік беру, құрлықта және суда тіршілік ететін жануарлардың айырмашылығын үйрету.
2. Жануарлардың аттарын, олардың қорегі және жалпы олардың тіршілігі туралы түсіндіру арқылы зейіндерін дамыту.
3. Табиғатқа қамқорлықпен қарауға баулу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: балық, түлкі, түйе, үйрек, қоян, қолтырауын, тиіннің ойыншықтары, автобус макеті, судың жағасының макеті, үлестірмелі материалдар.
Әдіс - тәсілдер: Мнемотехника, әңгімелеу, сұрақ - жауап, Триз
Билингвальды компонент: балық - рыба, су - вода, түлкі - лиса, үйрек - утка, қоян - заяц.

Оқу іс - әрекетінің кезеңдері
Педагогтің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық - қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын күн келді.
Келіп шықты күн бүгін!
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы күн апайлар! Балалар шеңбер бойына тұрып, қимылдар жасайды.

Ұйымдастырушылық - ізденістік
- Балалар, мен сендерге жұмбақтар жасырамын (мнемокесте арқылы жұмбақтар жасырылады).
Қанаты бар ұшпайды,
Жұрт айламен ұстайды.

- Дұрыс айтасыңдар, бұл – балық.
Шелектеп құйсаң да су жұқпас.

Жабайы үйректер суда жүзеді. Олар – су құстары.
- Ендеше балалар, су әлеміне саяхатқа шығайықшы. Бәріміз көңілді автобусқа мініп, саяхатқа аттанамыз (музыка қойылып, балалар ән айтып, саяхатқа шығады).
- Міне, балалар келдік.
- Мынау судың жағасында тұрған қандай жануарлар?
- Дұрыс айтасыңдар, балық, қолтырауын, үйрек.
- Ал мына құрлықта жүрген қандай жануарлар?
- Жарайсыңдар, яғни бұл жануарлар құрлықта мекендейді екен.

Сергіту сәті
Балық жүзді таза суда,
Бір керіліп, бір жиырылуда.
Жүзіп, жүзіп шаршағанда,
Тығылады тасты құмға.
Қаз қанатын жайды,
Аққу мойнын созды,
Үйрек келіп қонды.
Ендеше судың жағасына келіп қаппыз, балық аулап қайтайық.
«Балық аулайық» ойыны.
Мақсаты: су жануарлары туралы білімдерін кеңейту.
Шарты: берілген суреттегі ашық жерлерге қандай балық сәйкес келетінін жапсыру.

- Балалар, сендер өте алғыр екенсіңдер, біз суда мекендейтін жануарлар жайлы көп мағлұмат алдық, енді өз тобымызға қайтайық. Автобусымыз да келіп қалыпты.
Топқа келіп, «Балықтың көлеңкесін тап!» ойынын ойнаймыз.
Балық туралы білетін тақпақтарын айтып шығады.

Рефлексиялық - түзетушілік Қорытындылау.
«Топтастыр» ойыны
Мақсаты: суда және құрлықта мекендейтін жануарларды ажырата білуге үйрету.
Шарты: судың суреті тұрған қатардағы қалташаларға суда мекендейтін жануарлардың суретін, ал жердің суреті тұрған қатарға құрлықта мекендейтін жануарлардың суреттерін саламыз.
Балалар педагогтің айтқанын орындайды. Ойынды бар ынтасымен ойнайды.

Күтілетін нәтиже:
орындайды: құрлықта және суда тіршілік ететін жануарларды ажыратуға арналған тапсырманы;
түсінеді: құрлықта және суда тіршілік ететін жануарлардың аттары, олардың қоректері, яғни жалпы тіршілігі туралы мәліметті;
қолданады: сұрақтарға толық жауап бере алу және өз ойларын жеткізе алу, коммуникативтік және ақпараттық талдай білу дағдыларын.
10 901
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жануарлардың тіршілік ортасы
Жануарлардың тіршілік ортасы
Жануарлар туралы алған білімдерін топтарға бөліп, үй жануарлары мен жабайы аң, құстардың тіршілігіндегі өзгерістерді ерекшеліктерді танып білу дағдыларын дамыту.
Су - тіршілік нәрі
Су - тіршілік нәрі
Балаларға су туралы түсінік беру. Судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдік тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру. Суды үнемдеп пайдалануға оның қасиеттерін түсіндіру. Суды ластамауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Жабайы аңдар, «Тапқыр қоян» /ертегісі/
Жабайы аңдар, «Тапқыр қоян» /ертегісі/
Жабайы жануарлар мекені, қоректенуі және олардың жабайы деп аталуы, бір - бірімен байланысы туралы түсінік беру. Балаларға ертегінің жоспар бойынша мазмұнын айтуды үйрету арқылы зейіндерін есте сақтау, сөз дыбыстарын анық айту, сөйлеу ойлау
Суды жақсы көретіндер
Суды жақсы көретіндер
Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Құрлықта және суда тіршілік ететін жануарлардың айырмашылығын үйрету. Судың ерекшелігіне, қажеттілігіне және қасиеттерімен таныстыру
Жануарлардың тіршілік ортасы. Мекен ортасына бейімділігі
Жануарлардың тіршілік ортасы. Мекен ортасына бейімділігі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Т.Аубакиров атындағы жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Кобенова Жамила
Табиғат бұрышындағы тіршілік (өсімдіктер мен жануарлар)
Табиғат бұрышындағы тіршілік (өсімдіктер мен жануарлар)
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Амангелді атындағы орта мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Мамыкова Гульмира Балтабаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×