Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бармақтай бала (ертегі) Шарль Перро

06 наурыз 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Бармақтай Бала (ертегі) Шарль Перро

Сабақтың мақсаты: Ертегі авторының ертегілер әлеміндегі рөлін атап өту: ертегі оқып, мазмұнын түсініп, оның түрін ажырату.
Күтілетін нәтижелер:
Пәндік нәтиже: Мәтін мазмұны түсінуге, талдау жұмыстары арқылы оның идеясын ашуға мүмкіндік беру.
Жүйелі іс - әрекет нәтижесі: Оқушыларды қиялдау, армандау арқылы жақсы ойларға жетелеу. Кейіпкерлер мен оқиғаны өмірдегі жағдайлармен салыстыра отырып, оқыған, көргендерін еске түсіруге мүмкіндік беру.
Тұлғалық нәтиже: автордың қызықты өмірбаянынан үзінді көрсету немесе оқып беру, кітаптар көрмесі, мультфильмдерден үзінді көрсету арқылы кітап оқуға деген құмарлықтарын арттыру.

Сабақтың барысы:
1. Қызығушылықты ояту.
Кітаптар көрмесінен немесе жазушының ертегілерінен кейіпкер суреттерін беріп, қай ертегіден екенін табу. Мысалы: «Қызыл телпекті қыз» «Күлбикеш», «Етік киген Мысық», «Ұйқыдағы ару», т. б.
- Балалар, сендердің бір сиқырлы заттарың болса, ол заттың көмегімен не істер едіңдер? Сол заттың атын жазыңдар.(плакатқа).
Оған не істеу керектігін сұрау.
- Оның суретін сал. Мысалы: ол таяқша, жұлдызша, тәрелке, гүл күлтелері болуы мүмкін.
- Балалар, бұл тілектер сендердің кішкене армандарың ғой. Әрқашан оның орындалуына тілектеспін!
- Ертеде, сонау бір алыс елде Бармақтай ғана бала болыпты. Сол туралы ертегіні оқып көрелік.

2. Мағынаны тану:
- Ертегінің алғашқы екі абзацын оқып, мазмұнын түсіндіру.
Осы тақырыпқа байланысты екі топқа бөлініп отырайық.
1 - ші топ: Бармақтай Бала тобы
2 - ші топ: Ұлдар тобы
Топтардың алдында плакаттар мен маркерлер. Олар өз жұмыстарын қорғауға дайындалады.
Мына сұрақтарға жауап беріп, өздерін сол балалардың рөліне кіріп, жағдайларыңды сипаттаңдар.
Сендер қандай жерді мекендейсіңдер?
- Әке - шешелерің қандай адамдар?
- Сендердің тұрмыстарың қандай?
- Күнкөрістерін қалай?
Бармақтай Бала неліктен өспей қалған деп ойлайсыңдар?
Сендер кімнен ақыл сұрағыларың келеді?
Ертегіні оқып, мазмұнын түсіну.
Сендер шытырман оқиғаға қалай тап болдыңдар?
Араларындағы Бармақтай Балаға не айтар едіңдер?
Хат, құттықтау, басқаша сый - сыяпат жасауды таңдау.
Плакатқа түсіру.
Оқулықта берілген сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жұмыс жасау.

Сабақты қорытындылау:
- Балалар, адамды қиындықтан құтқару қандай жақсы!
- Ертегіде кімге жандарын ашып, қиналдыңдар?
- Қай тұсында қорқыныш пайда болды?
- Қай тұсында Бармақтай Баланың шамасына сенімсіздік пайда болды?
- Сендер «Цветик – семицветик» деген мультфильмді көрсеңдер, сондағы қыз баланың сиқырлы гүл күлтелерінің соңғысына қандай тілек айтатынын білесіңдер ме? Аяғы жүрмей қалып, арбаға таңылған баланы көріп, «Осы баланың жүріп кетуіне көмектесе гөр» деп жалынады емес пе?! Олай болса сендер өздеріңнің тілектеріңді тағы бір рет оқып беріңдер.
- Сен қолындағы сиқырлы затыңды не мақсатқа пайдаланар едің?
Ойыңды өзгерткің келді ме (ауызша әңгіме, пікір)

3. Ой толғау:
Дәптермен жұмыс. Тапсырманы үйде орындап келу.
Үйге тапсырма: Ертегілер бойынша мультфильмдер жинағына арнап сурет салып келу.
Бағалау: топтық жұмыс бойынша.
Бармақтай бала (ертегі) Шарль Перро жүктеу
3 455
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жеті қазынаның бірі
Жеті қазынаның бірі
Мәтіннің мазмұны мен идеясын және жеті қазынаны танып, сақтай білу керектігін кейіпкерлердің әрекеті арқылы ашуға мүмкіндік беру
Балалар елін бағындыру. Н. Ақышев
Балалар елін бағындыру. Н. Ақышев
Ертегі мазмұнын оқып, түсіну арқылы тақырыбы мен идеясын ашуға, оны өмірмен байланыстыруға мүмкіндік беру.
Ертегіні оқып отырып, кейіпкерлерінің суретін салу
Ертегіні оқып отырып, кейіпкерлерінің суретін салу
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы Сағыз селосы, № 9 орта мектеп мұғалімі Махметова Ұлжан
Сауысқан мен Көкек
Сауысқан мен Көкек
Сабақтың тақырыбы: Сауысқан мен Көкек
М м  дыбысы мен әрпі
М м дыбысы мен әрпі
№ 12 мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Арғынбаева Әйгерім
Ертегі мазмұнына иллюстрация жасау
Ертегі мазмұнына иллюстрация жасау
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы, Х. Наубетов атындағы орта мектептің бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімі Борашева Гүлбаршын Ермекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×