Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сауысқан мен Көкек

21 наурыз 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Сауысқан мен Көкек
Сабақтың мақсаты: ертегінің мазмұнын түсіне отырып, идеясын ашу.
Күтілетін нәтижелер:
Пәндік нәтиже: кейіпкерлерге сипаттама беру арқылы оқиғаны өмірімен байланыстыра білуге үйретеді.
Жүйелі іс - әрекет нәтижесі: өз беттерімен қортынды шығара білуге, қызықты әңгімеші рөлінде қалыптасуына жағдай жасау; энциклопедиялық сөздікті және басқа да дерек сөздерді пайдалану дағдысына баулу.
Тұлғалық нәтиже: адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Сауысқан мен Көкектің суреттері, әр түрлі ресурстар плакат, маркер.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын қорытындылап өту.
«Ыстық орындық» «Алтын балта» ертегісін мазмұндау.
Кейіпкерлерге жазған хатты оқу.

І. Қызығушылықты ояту.
Топтарға бөлу.
1 - топ Үй құстары
2 - топ Жабайы құстар
3 - топ Қызыл кітапқа енген құстар
Постермен жұмыс.
Үш топқа бірнеше бөлікке бөлінген құстар суретін беріп, сол бөліктер бойынша құс денесін дұрыс орналастырып желіммен жапсыру.
Сол құстардың атын атап, не білетіндері жайлы айтып өту.
Сауысқан мен көкек суреті

ІІ. Мағынаны тану.
Балалар қалай ойлайсыңдар бүгінгі өтетін мәтініміз:
Ертегі;
Мысал;
Әңгіме;
Мәтінмен жұмыс
1 - топ Тізбектей оқу.
2 - топ Рөлге бөліп оқу.
3 - топ Рөлге бөліп сахналау.

«Айналмалы бекет»
1 - топ Зерттеңіз: Неліктен көкектің ұя салуға құлқы жоқ? Көкек неліктен құр айғайлай береді?
2 - топ Әңгімелеңіз: Сауысқан ұясының өте мықты екенін қалай сипаттаған? 7слайд
3 - топ Талқылаңыз: Көкек пен сауысқанның табиғатқа адамдарға қандай пайдасы бар?

Сергіту сәті:
Мынау менің жүрегім
Бәрі осыдан басталған
Мынау басым ақылды
Бәрін осы басқарған
Мынау менің оң қолым
Мынау менің сол қолым
Барлық істі атқарған.

ІІІ. Ой толғау.
Топтық жұмыс
Кесте толтыру.
І топ
Басты кейіпкерлер мекендейді пайдасы қандай сабақ алдың?
Сауысқан
Көкек

ІІ топ Көкекке хат жазады.
ІІІ топ Бес жолды өлең
Әр топ өз жұмыстарымен таныстырады.

Бағалау: топ жұмыстарын нақты критерийлер арқылы смаиликтермен бағалау.
Үйге: ертегіні оқып, мазмұндау.
Кері байланыс
1 Бүгінгі сабақ ұнады ма?
2 Сабақта сен үшін не түсініксіз болды?
3 Бүгінгі сабаққа айтар ұсынысың
9 953
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сауысқан мен көкек
Сауысқан мен көкек
Ертеде сауысқан мен көкек бір орманды мекендепті. Олар ұялары болмай, ағаштың бұтақтарын паналап күнелтіпті. Көкек күнде ерте тұрып алып: «ұя керек», «ұя керек», - деп, көршілерінің мазасын кетіреді.
Бәйшешек. Жауқазын. Заттың атын білдіретін сөздер
Бәйшешек. Жауқазын. Заттың атын білдіретін сөздер
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №21 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сағызбаева Татти
Заттың атын білдіретін сөздер. Сауысқан мен Көкек. Жұмбақ.
Заттың атын білдіретін сөздер. Сауысқан мен Көкек. Жұмбақ.
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Джаменова Венера
"Сауысқан мен көкек" ертегісі
"Сауысқан мен көкек" ертегісі
ШҚО Абай ауданы, Көкбай ауылы, «Көкбай атындағы орта мектебі» ККМ Бастауыш сынып мұғалімі Түсіпова Гүлназ Сайлаубекқызы
Бастауыш сынып сабақ топтамасы
Бастауыш сынып сабақ топтамасы
Қарағанды облысы, Шет ауданы, Нұраталды ауылы, Нұраталды орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Асанова Куляш Булкенкызы
Қызыл кітап құпиясы
Қызыл кітап құпиясы
№7 Қалалық балабақшаның тәрбиешісі Халматова Райхан Нуртазаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×