Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Балалар елін бағындыру. Н. Ақышев

01 ақпан 2016, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Астана қаласы
№64 мектеп - лицейдің
бастауыш сынып мұғалімі
Тулепбергенова Гульмира Амановна

Сабақтың тақырыбы: Балалар елін бағындыру. Н. Ақышев.
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: ертегі мазмұнын оқып, түсіну арқылы тақырыбы мен идеясын ашуға, оны өмірмен байланыстыруға мүмкіндік беру.
Дамытушылық: өз бетімен талдау, саралау, қолдану арқылы шығармашылық тапсырмаларды орындату.
Тәрбиелік: адам өміріндегі жан - жақты үйлесімділік деген ұғымды түсінуге мүмкіндік жасау.
Сабақтың әдісі: топтау, «Бір айналым сөйлесу» стратегиясы.

Сабақтың барысы:
1. Қызығушылығын ояту.
Оқушыларға қойылатын сұрақ:
- Балаларға жақсы өмір сүру үшін не керек?
Оқушылар көптеген жауаптар айтады. Осы жауаптарының ішінен төмендегі алты сөз алынып, олар осы сөздер бойынша топтарға бөлініп отырады.

а) Алты топ та өз аттарының күнделікті өмірдегі қажеттігін қорғап, 3 - 4 сөйлемнен тұратын эссе жазады.

2. Мағынаны тану.
Әр топқа ертегі мазмұнын түсініп оқу тапсырылады.
Өз топтарының аттары болып тұрған ұғымның пайдалы, зиянды жақтарын теріп жазады.
Мәтінді оқи отырып, түсінбеген сөздерді түртіп алып отырады.
Жұмыс аяқталған соң, әр топтан бір оқушы шығып, мазмұнын әңгімелейді. Тақтадағы плакат не интерактивті тақтаға жұмыс нәтижесі түсіріледі. Оқушылардың сөйлеуі кезінде оларға сұрақтар қойылады: Мысалы:
- «Ойын» тобы, өздеріңнің бастапқы пікірлеріне өзгеріс кіргіздіңдер ме?
- «Еңбек» тобы, сендер баланың қандай еңбекпен шұғылданғанын қалайсыңдар?
- «Оқу» тобы, адам қанша жыл білім алу керек деп ойлайсыңдар?
- «Спорт» тобы, сендерге өмірде спортпен шұғылдануға кедергі келтіретін не деп ойлайсыңдар?
- «Өнер» тобы, адам қанша өнер түрін игере алар еді? (Мысалы, тіл үйрену де - өнер).
- «Кітап» тобы, кейбір балалар неліктен кітапты оқымайды?
Оқушылармен пікірлесуді өте ұзақ созудың қажеті шамалы.

3. Ойтолғау.
Бұл кезеңнің әртүрлі нұсқаларын ұсынамыз:
1. Әр топ өздеріне берілген атпен (сөзбен) байланысты бір - бір сөйлемнен айтады (6 адам сөйлейді). Бұл «Бір айналым сөйлесу» стратегиясы деп аталады. Мысалы: Бала ойынмен өседі. Адамды адам еткен - еңбек. Спорт - денсаулық кепілі, т. с. с.
2. Әр топқа өз аттарына байланысты мақал - мәтелдер жазу ұсынылады.
Оқулықтың 11 - бетіндегі соңғы сұрақтар бойынша ертегіні ойша жалғастыру немесе жазу. Бұл жерде балаларға зиянды әдеттердің дәлелі көрнекі, анық болу керек.
Түсінбеген сөздермен жұмыс кезінде оқулықтағы сөздікті пайдалануға болады.
10 651
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бармақтай бала (ертегі) Шарль Перро
Бармақтай бала (ертегі) Шарль Перро
Оқушыларды қиялдау, армандау арқылы жақсы ойларға жетелеу. Кейіпкерлер мен оқиғаны өмірдегі жағдайлармен салыстыра отырып, оқыған, көргендерін еске түсіруге мүмкіндік беру.
Әдебиеттік оқу 3 сынып күнделікті сабақ жоспарлары
Әдебиеттік оқу 3 сынып күнделікті сабақ жоспарлары
Ұйқышыл болғанның адамға келтіретін зиянын түсініп, жаман мен жақсыны салыстыру бағалау дағдыларын дамыту
Қоңырау. Н. Әлімқұлов
Қоңырау. Н. Әлімқұлов
Өлең мазмұнын өмірмен байланыстыра әңгімелеуге, өлеңдегі бала сезімдерін байқай білуге, өздік жұмыстар арқылы өлең шумақтарын талдауға мүмкіндік беру.
Бұғышақ пен оның серігі
Бұғышақ пен оның серігі
Сабақтың тақырыбы: Бұғышақ пен оның серігі
Балалар елін бағындыру (Ертегі)
Балалар елін бағындыру (Ертегі)
Қызылорда қаласы, №11 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ибраева Сәрсенкүл Әбдуайтқызы
Адамның бәрі бірдей неге ақылды емес?
Адамның бәрі бірдей неге ақылды емес?
Қызылорда қаласы, №172 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Абишева Ақзейнеш
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×