Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жеті қазынаның бірі

18 қаңтар 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Жеті қазынаның бірі
Әдебиеттік оқу 2 сынып
Сабақтың мақсаты: мәтіннің мазмұны мен идеясын және жеті қазынаны танып, сақтай білу керектігін кейіпкерлердің әрекеті арқылы ашуға мүмкіндік беру.
Күтілетін нәтижелер:
Пәндік нәтиже: мәтінді мазмұнына сай жүйелі әңгімелеу арқылы түсінгендерін дәлелдеу. Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау арқылы идеясын ашу.
Жүйелі іс - әрекет нәтижесі: оқушыларға берілген тақырып, мәтін бойынша талдау жұмыстарын, сөздік жұмысын өз бетімен топта жүргізе білу қабілеттерінің дамуына ықпал ету.
Тұлғалық нәтиже: үлкендерді сыйлауға, бірін - бірі тыңдауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: жеті қазынаның суреті

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Үй тапсырмасын тексеру.
І. Қызығушылықты ояту
Ойын. Бір оқушы есік сыртына шығарылады. Мұғалім жеті қазына туралы жазылған кітапты бір сандықшаға салып немесе орап, оқушылардың көзінше сынып бөлмесіндегі елеусіздеу жерге тығады.
Есік сыртындағы оқушы кіреді.
- Өте бір қымбат қазына тығылды. Соның не зат екенін табу керек және ол қайда тығылғанын ізде.
- Ол алдымен қатты зат па?
- Оны кімдер ұстайды?
- Оны жеуге болама?
- Ол сатыла ма?
- Оның пайдасы көп пе?
- Оның пішіні қандай?

Зат сипаттары арқылы оның кітап екені табылады. Енді кітаптың тығылған жерін іздеп табу керек. Бала кітапқа жақындаса, оқушылар «жылы», өте жақындаса «ыстық» деп, алыстаса «салқын, суық» деп айғайлайды. Тығылған кітапты тауып, оқушылар қуанады, қол соғады.
- Балалар, кітапты неліктен қазына, байлық деп айтамыз?
Сөзге топтастыру жазу. Топтастыру көк түспен жазылады.
Жеті қазына.
Ер жігіт
Ана
Ақыл, білім
Жүйрік ат
Қыран бүркіт
Берен мылтық
Жүйрік тазы.
Мағынаны тану.
- Осы қазыналардың бүгін біреуі туралы ғана ертегі оқимыз.
Мәтіннің 1, 2 абзацын оқып, түсіну.
- Балалар, өмірде өздеріңді біреу мақтаса, қандай сезімде боласыңдар?
- Ертегінің осы бөлігіне қандай тақырып қояр едіңдер?
Мысалы: Аңдар жиналысы.
Әрі қарай ертегіні оқу.

Сұрақтар:
- Ит неліктен әңгімеге араласқысы келмеді?
Қалай ойлайсың Арыстан Итті қалай жазалауы мүмкін?
Олай болса осы бөлімді қалай атауға болады?
Мысалы: Арыстанның қаһары.
Ертедегі Ит пен Түлкіні салыстыру.

Сергіту сәті:
Ойтолғау.
«Биопоэма» әдісін қолдану.
Аты - Ит
Сипаттайтын 2 - 3 сөз - адамға адал, ұйқыға сергек, суыққа төзімді.
Жақсы көретіні - сүйек, сипағанды, еркелеткенді.
Қорқатыны - қасқырдан, өзінен үлкендерден.
Басынан өткізген сезімдері - рақаттанып ұйықтауы, аң қуғандағы қуанышы.
Болашақтан күтетіні - қарны тоқ болып, иесінің амандығы.
Мекен - жайы - үйшігі.
Тегі - жабайы иттер.
Осындай қасиеттеріне қарап, адамдар оны жеті қазынаның біріне жатқызғаны туралы қорытындылау.

Қорытынды. Бағалау.
ІҮ. Үйге тапсырма. Түсініп оқу. Интернеттен иттер туралы қосымша материал жинау.

Тастенова Куралай Алтынбековна
СҚО, Мағжан Жұмабаев ауданы
Надежка орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
2 183
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жеті қазынаның бірі
Жеті қазынаның бірі
Жеті санының киелі сан және жеті қазынаға не жататынын түсіндіру арқылы халқымыздың өсиет - танымының көптігін айтып, олардың тәрбиелік мәнін ұғындыру.
Жылқы – малдың патшасы
Жылқы – малдың патшасы
Жылқыға деген құрмет пен деген жанашырлық сезімдерін дамыту. Балалардың тіл байлығын, шығармашылық қабілеттерін кеңейту.
Жеті қазынаның бірі
Жеті қазынаның бірі
Балаларға жеті санының киелі екенін жеті сурет бойынша түсіндіру. Жеті қазынаны атауға, саусақ театры арқылы балаларға әңгімелеу, айтылған ертегі бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру, ертегі бойынша анық, мәнерлі сөйлеуге
Жеті қазына
Жеті қазына
Алматы қаласы, Бостандық ауданы, №146 мектеп-лицей бастауыш сынып мұғалімі Ибраева Нургул
Жеті қазынаның бірі
Жеті қазынаның бірі
МАД сыныбының тәрбиешісі А. К. Токубаева
Жеті қазынаның бірі
Жеті қазынаның бірі
Бекова Ақбота Токеновна Қарағанды қаласының №65 мектебінің дайындық тобының мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×