Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Көркем жазу» факультатив курсынан 1 - сыныпқа арналған күнтізбелік сабақ жоспары

12 маусым 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
«Көркем жазу» факультатив курсынан 1 - сыныпқа арналған күнтізбелік сабақ жоспары

Бұл бағдарлама әдістемелік отырысында қаралып, мектепішілік таратуға ұсынылды.
Түсінік хат
Факультатив курсының тақырыбы: «Көркем жазу»
Жүргізу формасы: танымдық сабақ, аралас сабақ, жарыс, дәстүрлі.
Аптасына 1 сағат. Жылына 33 сағат.
Оқушының каллиграфиялық қабілетін қалыптастырудың педагогикалық, қоғамдық тәрбиелік мәні зор.
Әріп таңбаларын әдемі, көркем етіп салуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстар оқушы бойына жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы етеді. Таза, әдемі, дұрыс жазуды талап ету оқушының әсемдік сезімін оятып, мінез - құлқын тәрбиелеп, жауапкершілікке, ұқыптылыққа үйретеді. Бұл тұрғыдан қарағанда көркем жазу үйірме курсы оқушыларға бағыт - бағдар береді.
Ол үшін алдымен оқушылардың қолының икемділігі мен көзбен мөлшерлеу қабілетін жетілдірудің маңызы зор. Әріп элементтерін үйреткенде соларға сәйкес келетін таңбаларды таңдап алынады. Буын, сөз жазуда әріп таңбаларын бір - біріне қосып жазудың (ілмек сызық, жанастыру арқылы) тәртібі қатаң сақталады.
Бұл таңдаулы курс Қазақстан Республикасы үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысы мен бекітілген ҚР мемлекеттік жалпы білім беру стандартына негізделген.
Мақсаты:
Оқушылардың ойларын еркін және дәлелді түрде ауызша да, жазбаша да сауатты жеткізе білуін жетілдіру. Ауызекі және жазба тілде қарым - қатынас жасау дағдыларын дамыту, орфографиялық дағдылар мен көркем жазу дағдыларын қалыптастыру. Жазудың түрлі тәсілдері /көшіріп жазу, әріптік, буындық, сөздік, сөйлем, шағын мәтін т. б./арқылы сауатты жазуға үйрету.
Міндеттері:
- бас және кіші әріптерді каллиграфия талаптарына сай жазуға дағдыландыру;
- әріптерді бір - бірімен өзара байланыстыра қосып жазуға үйрету;
- сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру;
- эстетикалық талғамға сай жазу әрекетін игеру арқылы каллиграфиялық көркем жазуын қалыптастыру;
Қүтілетін нәтижелері:
- әріптерді каллиграфия талаптарына сай жазуға дағдыланады;
- әріптер сырын толық игеруге мүмкіндік алады;
- грамматикалық тапсырмаларды орындай алуға машықтанады;
- шығармашылық тапсырмаларды орындап үйренеді.
- сауатты жазу дағдылары қалыптасады;

1 Жазу ережелерімен таныстыру
2 Тік қиғаш сызықтар салу.
3 Сызықтарды параллель жүргізу.
4 «Ілмек біз»сызықтары.
5 «Ілмек» сызықтар.
6 Әріп жазуға дайындық элементтері
7 Әріп элементтерін бөлек салу.
8 Әріп элементтерін қосып, бірге салу.
9 Кіші әріп элементін үзіліссіз жазу
10 Бас әріп элементін үзіліссіз жазу
11 А, Ә, Б, В әріптерін жазу
12 Г, Ғ, Д, Е әріптерін жазу

13 З, Ж, И, Й әріптерін жазу
14 К, Қ, Л, М әріптерін жазу
15 Н, Ң, О, Ө әріптерін жазу
16 П, Р, С, Т әріптерін жазу
17 Ұ, Ү, У әріптерін жазу
18 Ф, Х, Ц, Ч әріптерін жазу
19 Ш, Щ, Ы, І әріптерін жазу
20 Орыс тілінен енген әріптерді жазу: Ю, Я, Э, Ь, Ъ
21 -
22 Әріптерден буын құрап жазу
23 Буындардан сөз құрап жазу
24 -
25 Бас әріппен жазылатын сөздер
26 Көшіріп жазу
27 Суретке қарап мәтін құрастырып, жазу
28 Әріптік диктант
29 Мәтінді есте сақтап, жазу.
30 Сөздік диктант
31 Шығарма:«Менің анам»
32 Көру диктант
33 «Сөйлемді қайтала» /жаттығу/

Жасқайрат негізгі ЖББМ
Бастауыш сынып мұғалімі:
Асаинова Салтанат Жакеновна
«Көркем жазу» факультатив курсынан 1 - сыныпқа арналған күнтізбелік сабақ жоспары. жүктеу
13 100
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көркем жазу үйірмесінің 1 сыныбына арналған күнтізбелік жоспары
Көркем жазу үйірмесінің 1 сыныбына арналған күнтізбелік жоспары
Әріп таңбаларын әдемі, көркем етіп салуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстар оқушы бойына жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы етеді. Таза, әдемі, дұрыс жазуды талап ету оқушының әсемдік сезімін оятып, мінез - құлқын тәрбиелеп,
Функционалды сауаттылықты дамыту таңдау курсының күнтізбелік жоспары
Функционалды сауаттылықты дамыту таңдау курсының күнтізбелік жоспары
Ұсынылып отырған таңдау курсы Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандарты және бастауыш сынып бағдарламасына сәйкес, жалпы білім беретін мектептің 4 - сыныптарына арнайы құрастырылған.
Күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар 3 сыныптарға арналған
Қызықты грамматика
Қызықты грамматика
Қазақ тілінде оқытылатын орта мектептердің 3 - сыныбына арналған факультативтік курсқа жылдық жоспар мен сабақ жоспарлары
5- сыныпқа арналған “Хор үйірмесі” тақырыбындағы факультатив курсының бағдарламасы
5- сыныпқа арналған “Хор үйірмесі” тақырыбындағы факультатив курсының бағдарламасы
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақтөбе ауылы №109 қазақ орта мектебінің ән - әуез пәні мұғалімі Қожаева Ақтолқын Сабытбекқызы
Көркем жазу 2-сынып
Көркем жазу 2-сынып
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, № 13 орта мектеп гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Науризова Оразхан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×