Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Не үйрендік, не білдік?

22 шілде 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Не үйрендік, не білдік?
Мақсаты: Жыл бойы оқылған материалдарды қайталау, бекіту, ортаға салу.
Кіріспе: Мұғалім
Құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар 1 сыныптың жыл соңындағы «Не үйрендік, не білдік?» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.!
Оқушылар:
Жарқырап күн де ашылды
Айналаға нұр шашылды
Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз!
Қайырлы күн! Біз сүйкімді баламыз!

Баршамызды бал тілімен баурайтын Бала деген бір бақыт қой самғайтын
Ата - ананың арманы мен тілегін
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын
Сүйкімділер, періштелер сендерсіздер
Қандай бейне өздеріңе тең келсін
Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да
Ең алдымен балалықты меңгерсін
Иә, рас бала болған бәрі де
Салған олар балалықтың әнін де
Бала кезді еске алып отырсақ
Сол емес пе тіршіліктің мәні де

Армысыздар ұстаздарым қымбатты
Біздер үшін ашатын сан жұмбақты
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Шәкірттердің қылықтары тым - тәтті

Ардақты аталар мен әкелер
Құрметті аналар мен әпкелер
Бізге қызыға қарап отырған іні - қарындастар
Баршамызға бүгінгі мереке құтты болсын!

Ән: Көңілді күн

Мұғалім: Жақсы білім көрімдік
Болсын сізге халайық
Не үйрендік, не білдік?
Қане, ортаға салайық
1.«Бәйге» бөлімі
« Есіңе түсір, жылдам айт» Сауат ашу
- Адамға тіл не үшін керек? Сөйлеу үшін
- Дыбыс дегеніміз не? Естиміз, айтамыз
- Әріп дегеніміз не? Көреміз, жазамыз
- Буын неден құралады? Дыбыстан
- Сөз дегеніміз не? Заттың атауы
- Сөйлем дегеніміз не? Тиянақты ойды білдіреді
- Дыбыс нешеге бөлінеді? Дауысты, дауыссыз
- Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді? Жуан, жіңішке
- Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді? Қатаң, ұяң, үнді
- Алфавитті жатқа айт
- Ағылшын алфавитін айт
- Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қойылады?
- Заттың қимылын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қойылады?
- Заттың сынын білдіретін сөздерге қандай сұрақ қойылады?
« Сөз ойла, көп ойла» ойыны
Сөз ойлап, дыбыстық талдау жасайды
Математика
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан
Математикаға орын берсең басыңнан
Досың солар табылатын қасыңнан
1 - 10 санау. 10 - 1 дейін 10 - 20 дейін Ағылшынша санау Ондықтармен санау 10, 20, 30, 40, 50, 60, 70, 80, 90, 100
Сұрақтар:
1. Натурал сандарды ата
2. Ондықтармен сана
3. Жұп сандарды ата
4. Тақ сандарды ата
5. Қосудың компоненттерін ата
6. Азайтудың компоненттерін ата
7. Бір жылда неше мезгіл бар?
8. Әр мезгілде неше ай бар?
9. Қазір қай мезгіл?
10. Бір айда неше күн бар?
11. Бір жылда неше ай бар? ата
12. Бір аптада неше күн бар? ата
13. Бір сағатта неше минут бар?
14. Бір минутта неше секунд бар?
15. Сәуле дегеніміз не?
16. Кесінді дегеніміз не?
17. Жазық фигураларды ата?
18. Кеңістік фигураларын ата?
Дүниетану. Жаратылыстану пәні
1. Отбасы дегеніміз кімдер?
2. Табиғат нешеге бөлінеді?
3. Көкжиек дегеніміз не? Неше тұсы бар?
4. Отанымыз қалай аталады? Президентіміз кім?
5. ҚР рәміздерін ата?
6. Сақ ханшайымы кім?
7. Табиғат нешеге бөлінеді? Жанды, жансыз
8. Өсімдіктің қандай түрлері болады? Мәдени, жабайы
9. Қозғалыс дегеніміз не? Бұл дененің бір жерден, екінші жерге орын ауыстыруы.
10. Табиғи, жасанды жарық көздері деген не?
Орыс тілі
Школа – мектеп
Двер - есік
Окно - терезе
Мел - бор
Книга - кітап
Глова - бас
Глаза - көз
Ән: Ана тілім тұғырым

2.«Тапқырлық» бөлімі
« Жалғастыр» ойыны
Жүзің жылы құшағың кең
Сенен түлеп ұшамын мен
Өзің береген біліміңмен
Биіктерге шығамын мен

Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте

Ұ: Отан – жерім, Отан - суым
Отан қуат, нәр береді
Отан - ұран, Отан - туым
Отан мәңгі гүлденеді

А: Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң арқалан
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та бар қалан

Ә: Отан сенің ата - анаң
Отан – досың, бауырың
Отан - өлкең, астанаң
Отан аудан, ауылың
Би: Қара жорға
3. «Жеті жұмбақ» бөлімі
Математикалық жұмбақтар
Т+10, 6+н, 7+к, 100+ім, к+2+л. 3+кір, 5+ік, с+10+а, қ+10+ақ, 8+көз
Т+10, 6+н, 7+к, 100+ім, к+2+л. 3+кір, 5+ік, с+10+а, қ+10+ақ, 8+көз

Жұмбақ есеп
Алдында 3 балапан
Артында 3 балапан
Ақ тауық пен балапан
Айтшы санын балақан 8

Ала шапан киініп,
Қарбыз жатыр үйіліп,
Қарбыздарды шетінен,
Санап шықтым екіден
Бесеу болды жұп саны
Нешеу болды түп саны? 10
Не үйрендік, не білдік? жүктеу
1 400
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1 маусым балаларды қорғау күніне арналған тақпақтар
1 маусым балаларды қорғау күніне арналған тақпақтар
Ортақ мекен жер шары, Төбемізде бір аспан. Барлық ұлттың баласы Достығымыз жарасқан.
Мен өмірдің гүлімін (1 маусым балалар күні мерекесі)
Мен өмірдің гүлімін (1 маусым балалар күні мерекесі)
«Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту. Ойын - сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу.
1 маусым – Балаларды қорғау күні!
1 маусым – Балаларды қорғау күні!
Баршамызды бала тілмен баурайтын, Бала деген бір бақыт қой самғайтын Ата - ананың арманы мен тілегін, Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын Сүйкімді періштелер сендерсің Қандай бейне өздеріңе тең келсін! Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да, Ең алдымен
Бала деген бір бақыт!
Бала деген бір бақыт!
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жағабұлақ ауылы, №3 "Балауса" МДҰ меңгерушісі Утешева Гульзада Гайнедзиновна
Балаларды қорғау күніне арналған музыкалық іс - шара "Өлкенің гүл жайнаған балғындары"
Балаларды қорғау күніне арналған музыкалық іс - шара "Өлкенің гүл жайнаған балғындары"
Мақсаты: балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіре айтуды үйрету. Бір - бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.
Не білдік?, Не үйрендік?
Не білдік?, Не үйрендік?
Сабақтың мақсаты: Жыл бойы оқылған материалдарды қайталау, пысықтау, білімді бекіту. Тіл байлығын дамыту, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу, баланың бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×