Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үйді немен тұрғызамыз

30 шілде 2019, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Үйді немен тұрғызамыз
Білім беру саласы: «Қатынас», «Шығармашылық»
Кіріктірілген білім салалары: Сөйлеуді дамыту, Жапсыру.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: «Мен құрылысшы боламын», «Біз үй саламыз».
Мақсаты:
1. Білімділігі: Балаларды құрылысшы мамандығымен таныстыру, құрылыс материалдарынан өз үйін құрастыру, ойлануға, өздігінен әрекет етуге баулу;
2. Дамытушылығы: Құрылысшы мамандық иелерінің қызметі туралы білімдерін дамыту, үй құрастырып жапсыру дағдыларын қалыптастыру.
3. Тәрбиелілігі: Еңбексүйгіштікке баулу, амандық иелерінің жұмысын құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдері: Сұрақ – жауап, ойындар ойнау, сурет бойынша жұмыс.
Көрнекілік құралдары: Суреттер, желім, түрлі - түсті қағаздар, қайшы, слайдшоу.

Шаттық шеңбері
Біздің үйден ән тарап,
Думандатар өмірді.
Біздің үйде салтанат,
Біздің үйде көңілді.
Балалар өлең жолдарын нақышына келтіре орындайды.
Әңгімелесу: Балаларға өздері тұратын үйлері жайында әңгімелету. Мекен жайын сұрау.
Балалар өз үйлерінің неше қабаттан тұратынын және мекен жайын айтады.

Дидактикалық ойын: Бұл қандай үй?
Балалар сурет бойынша үйлерді таңдап, оның неше қабатты, қандай екенінәңгімелеп айтып береді.

Балалармен бірге бірнеше үйлердің суреттерін қарап, талдау жасау.
Тәрбиеші балалардан өз үйлерін қалай құрастыруға болатынын ойлануды өтінеді, балалар көз алдарына елестетеді. Балалар үлгіден көрген үйлерден өз үйіне ұқсастығы барма екенін айтады. Әр бала құрылыс материалдарынан өз үйлерін құрастырады, үйдің ірге тасы, қабырғалары, төбесі, терезелері т. б. бөліктерін нақтылап алады. Балаларға үйдің айналасында не бар екенін бейнелеу үшін қағаздар, ұсақ ойыншықтар т. б. беріледі.
Құрастырып болған соң балалар бір - бірінің үйлері туралы әңгімелейді.
Сергіту сәті:
Жақсы бала еңбекшіл,
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүлге толады.
Еңбекшіл осындай
Болайықшы досым - ай.

Мақал мәтел:
Ер сүрінбей, ел танымас.
Ат сүрінбей, жер танымас.

Ер жігіт не көрмейді,
Ер көңілі не бермейді.
Тәрбиеші:
- Балалар, сендер үй құрылысын бақылап көрдіңдерме?
- Иа
- Үй құрылысы неден басталады?
- Жерден, іргетастан
- Адамдарға қандай машиналар көмектеседі?
- Кран
- Құрылысқа қандай мамандықтың адамдары қатысады?
- Құрылысшылар

Құрылысшы
Тас қалаушы үй салып,
Алғыс алды бірінші.
Үй болмаса, мысалы,
Не істер еді тігінші.
Құрылысшылар салады,
Біз тұратын жерлерді.
Үлкен болып өскенде
Саламын әсем үйлерді.
Қимыл қозғалыстар жасап, өлең сөзін нақышына келтіре орындайды.

Тәрбиеші балаларға үй құрылысы бейнеленген сурет көрсетеді. Үй, көтергіш кран және жүк машинасын қандай геометриялық фигуралар арқылы бейнелеуге болатынын мұқият қарауды ұсынады. Тәрбиеші балаларға терезелерінің көлемі әртүрлі, сыртқы есігі мен шатыры нашар желімденген қисық үй, дөңгелектері әртүрлі машина бейнеленген апликацияны көрсетеді.
Ойын «Қатені тап», мақсаты: осы тақырып бойынша жапсырылған жұмыстағыдай қателік болдырмау.
Балалар қатені табады.
Тәрбиеші:
- Осындай үйде тұрғыларың келер ме еді?
- Жоқ
- Олай болса, балалар, өзіміз дұрыстап үй салайық.
- Иа
Тәрбиеші балаларға түрлі - түсті қағаздардан геометриялық фигураларды: үй қабаттарын, есік - терезелерін, дөңгелектерді дұрыстап, қатпарлап бүктеу арқылы тең қиюды көрсетеді.
Балалар назар салып тыңдайды және өздері желімдеп үй салуға кіріседі.
Балалар қандай суретті бейнелеп, қиып, жапсырғандарын әңгімелейді.
Тәрбиеші балалардың жасаған жұмысын тексеріп қарап, бағалап, қателіктерін көрсетіп, ұқыпты жұмыстарды мадақтайды.

Күтілетін нәтижелер:
Нені білу керек: өз үйлерін көз алдарына елестете отырып құрылыс материалдарынан
құрастыра білуге үйренеді
Қандай түсініктерді игереді: үйлердің құрылысы жайында: іргетасы, қабырғалары, төбесі, терезесі, есігі т. б. түсініктер игереді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктерді қолдана алады: құрылыс материалдарын пайдаланып құрастыра алуға дағдыланады.

Атырау қаласы,
№55 «Жадыра» балабақшасы
II санатты тәрбиеші
Даутова Бибігүл Сайынқызы
Үйді немен тұрғызамыз. жүктеу
1 648
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кім қайда істейді?
Кім қайда істейді?
Мақсаты: Түрлі мамандық иелерінің еңбектері жайлы әңгімелесу. Сұрақтарға жауап беру арқылы байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру. Балаларды еңбек етуге баулу.
Мен құрылысшы боламын, Біз үй саламыз
Мен құрылысшы боламын, Біз үй саламыз
Әр түрлі мамандық туралы білімдерін кеңейту, түрлі мамандыққа, жұмыс түрлеріне қатысты сөздерді (құрылысшы, мұғалім) айта білу. Құрылысшы мамандығымен және олардың еңбегімен таныстыру
Мен құрылысшы боламын, Біз үй саламыз
Мен құрылысшы боламын, Біз үй саламыз
Әр түрлі мамандық туралы білімдерін кеңейту, түрлі мамандыққа, жұмыс түрлеріне қатысты сөздерді (құрылысшы, мұғалім) айта білу. Құрылысшы мамандығымен және олардың еңбегімен таныстыру
Мамандықтар
Мамандықтар
Әртүрлі мамандықтармен таныстыру, дәрігер, тәрбиеші, аспазшы, құрылысшы, ғарышкер, жүргізуші мамандықтарының маңызымен таныстыру, мамандықтарға қызығушылығын арттыру, олардың еңбегін көрсету.
Мамандықтар еліне саяхат
Мамандықтар еліне саяхат
Бастауыш сынып мұғалімі Акбаян Сыздыкбаева
Құрылысшы болғым келед
Құрылысшы болғым келед
Алматы облысы, Қаратал ауданы, Мақсат жекеменшік балабақша меңгерушісі Жакеева Алма Маратқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×