Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кітап – біздің досымыз

08 ақпан 2020, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: «Кітап – біздің досымыз»
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды оқулықты құрметтей білуге, кітапты ұқыпты ұстауға баулу, оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру
Кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Кітапқа деген оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, сөйлеу мәнерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды кітапты сүюге баулу, кітапты күтіп ұстау ережелерін білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ашық сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: балалар әдебиетінен кітап көрмесі, мақал - мәтелдер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Кіріспе
Біз бүгін балалар, осы жерге не үшін жиналып отырмыз. Оның сырын білу үшін үлкен тақтадағы жұмбақты шешейік.
Қабат - қабат қатталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтін,
Ол қазына өлмейтін.( Кітап)
Осы кезде музыка әуенімен қақпа ашылып, тәрбие сағатының тақырыбы ашылады. «Кітап - біздің досымыз»

Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Кітап та алма ағашы,
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы,
Кітабыңның әр бетін.- деп Мұзафар аталарың жырлағандай, әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Кітапты оқи отырып адамның ішкі жан дүниесі артады. Айналадағы өмірмен, құрбы - құрдастарымен танысып, жақсы болуға, жақсылық іс істеуге құштарландыратын осы құрал - кітап.
Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі өнеге, тәрбиесінен әсер аламыз. Оқыған, тоқығаның көп болса, жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ. «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген халық даналығы бекер айтылмаған. Ендеше кітап біздің рухани байлығымыз.
Адамның досы кітап, өмір кілті,
Тең келмес оған жиған мүлкі.
Ақылшы жанға серік жол бастаушы,
Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.
Тұрады басын құрап әріп неден,
Басталған білім басы әліппеден.
Қарасаң шалқар теңіз, түпсіз мұхит,
Оқысаң кітап сырын ашып терең. (Кітап макетін қолына ұстап тұрып)
Мен адамның досымын. Мені жасау үшін адам баласы көп еңбек сіңіреді. Алдымен адам орманнан ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарады. Фабрика ол ағаштан қағаз жасап шығарады. Содан соң оған авторлар жазады. Суреттер салады. Баспахана жазулар мен суреттерді басып, кітап етіп шығарады. Жұмысшылар машинаға тиеп, ауылға, қала – қалаға таратады. Міне, мен енді сенің қасыңда тұрмын. Мені күтіп, жыртпай ұста. Мен сенімді досыңмын.
Қазіргі кезде барлық мектеп оқушыларына оқулықтар тегін берілуде. Оқулықты бүктеп, жыртып бүлдіруге болмайды. Өйткені әр кітап – Отан байлығы, аға – апаларымыз бен әже – аталарымыздың маңдай тері.
Келесі сөз кезегін 2 «б» сынып оқушыларымыздың өлең шумақтарына береміз.
1 – оқушы:
Оқулықты мектебің
Берер саған теп - тегін
Білмейсің – ау сен бірақ
Қаншама еңбек кеткенін.
2 – оқушы:
Айдын шалқар кейде бір,
Кітапты тұнған көл дерсің
Ауадай қажет бейне бір
Таппасаң нәрін шөлдерсің.
 3 – оқушы:
Сөйлесіп өзіңменен тіл қатады,
Еріксіз сөзін жұртқа тыңдатады
Жеткізіп өткендердің өсиетін,
Шешіліп кейде достай сырласады.

 4 - оқушы
Саған білім жемісін,
Оқулығың береді.
Талай адам сол үшін
Маңдай терін төгеді.
5 – оқушы:
Орманшының аялы
Алақаны өсірген
Сансыз ағаш саяла,
Қағаз үшін кесілген.
6 – оқушы:.
Ағаш кесіп қанша адам,
Ормандарда жүреді.
Аға қанша шаршаған
Ағаш тиеп үнемі.
7 – оқушы:
Машинист боп жасынан,
Дүбірлетіп даланы.
Сол ағаштан тасыған,
Білер ме көп ағаны.
8 – оқушы:
Заводтарда күні – түні,
Қағаз жасап бағалы
Қанша адамның кім үшін,
Маңдай тері тамады?
9 – оқушы:
Оқулықты баршаға,
Талай ғалым қолға алып.
Жылдар бойы қаншама,
Жазады ұзақ толғанып.
10 – оқушы:
Әдемілеп берсем деп,
Бояу жағып не түрлі.
Суретшілер көркемдеп,
Қанша уақыт отырды.
11 – оқушы:
Әріп теру үшін де,
Талай адам терледі.
Баспахана ішінде,
Айлап тыным көрмеді.
12 – оқушы:
Кітаптар бейне жапырақ,
Жырлайтын сырын өмірдің
Оқисың кейде жаттап
Көтеріп күйін көңілдің
13 - оқушы
Оқулығың құралың,
Жоғары білім шырағың.
Баса алмайсың ешқашан,
Онсыз алға бір адым.
14 - оқушы
Оқулықты құрметте,
Күтіп ұста, кірлетпе.
Кішілерге табыс ет,
Дақ түсірмей бір бетке.
Түлекті тәрбиелер кітап - мектеп,
Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп.
Молайтып ақылыңды сан еселеп,
 Береді білім нәрін кітап көптеп.
Хор: «Мұғалім ол біздің»
Кітапты оқымайды сыйламаған,
Білімге жанын жайып қинамаған.
Өсірген кімнің болсын ой - өрісін,
Сол кітап бек ақылшы күнде маған.
 Ойын: «Ия - жоқ». Кітап нені сүйеді?
Кітап бауы “иә”,
Қар не жаңбыр “жоқ”,
Кір қолды “жоқ”,
Ұқыпты ұстауды “иә”,
Кітап бүктеуді “жоқ”,
Еденде жатқанды “жоқ”,
Білгіш оқушыларды “иә”,
Кітап сөресінде тұруды”иә
ІV. Кітап - рухани байлығымыз.
Жүргізуші: Ерасыл.
Кітап - ұрпақтан - ұрпаққа жеткізіп отыратын, білім және тәрбие беретін құрал.
Жүргізуші: Балауса
Ол - адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі, халқымыз кітапты аса құрметтейді.
Ендігі кезекті оқушыларымыздың кітап туралы мақал – мәтелдерін тыңдаңыздар.
Кітап, білім туралы мақал – мәтелдер, нақыл сөздер. «Жалғасын тап» ойыны арқылы меңгеру.
V. Кітап ұстау ережесі (Кітапхананың тұрақты оқырмандары бізді кітапты пайдалану ережесімен таныстырып өтеді)
1. Кітапты тек таза қолмен алуға болады.
2. Кітаптың арасына дәптер, қалам салуға болмайды, одан мұқаба бүлінеді.
3. Кітапты бүктеме, кітап баулығын пайдалан.
5. Тамақ ішкенде кітап оқымау керек.
6. Кітап бетіне қалам не қарындашпен сызуға болмайды.
VІ. Сабақты бекіту.
1. Кітапқа қандай құрмет көрсетуіміз керек? (Оқушылардың ықтимал жауаптары: құрметпен қарау, таза ұстау, сақтау, күту, жыртпау, т. б)
Жарайсыңдар, сендер кітапхананың оқырманы болуға лайықтысыңдар, кітап біздің досымыз, өмірлік ұстазымыз.
Жүргізуші: Ерасыл.
Кітап – біздің рухани жан азығымыз. Өмірдің қиын сәттерінде сенімді сырласымыз, адал досымыз.
Жүргізуші: Балауса
Кітап – жаман әдеттерден аулақ болуға үндейді. Ақыл кеңес, тәлім – тәрбие, үлгі - өнеге береді. Елді, жерді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға мейірімділікке баулиды. Сондықтан оқулықты бүктеп, жыртып бүлдіруге болмайды.
ҮІІІ. Қорытынды:
«Кітап» сөзін оқушылар құрастырып тұрып, хормен айтады.
Оқы талмай, түй санаңа жас бөбек,
Сыр құямын, жыр құямын бойыңа.
Таза ұстап, оқы мені, қастерле,
Бар білімді мен егемін санаңа.
Мұғалім:
Иә, балалар! Білімнің кілті осы оқулықта. Оқулық – біздің өміріміз. Оқулықты жыртпай таза ұстайық. Оқулықта қаншама адамның еңбегі бар. Өзімізден кейінгі іні – сіңлі, қарындастарымыз бар, күтіп ұстап, соларға табыс етейік. Сыныбымызда кітап қадірін білетін балалар көбейе берсін. Сыныпта сайланған кітап бақылаушыларымыз күнделікті оқулықтың сырты қапталуын, таза ұсталуын бақылап отырады деп сенеміз.
Келген қонақтарға көп рахмет. Осымен сабағымыз аяқталды.
5 659
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Білім көзі – кітапта
Білім көзі – кітапта
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жумаханова Алтын Тенгизбаевна
Кітап – асыл қазына
Кітап – асыл қазына
Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Байқоңыр ауылы, «№17 Байқоңыр орта мектебі» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Абдибекова Айгуль Жанкараевна
Кітап - біздің досымыз
Кітап - біздің досымыз
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жақсықылыш кенті, №19 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сейтова Айгерім Тұлымшаққызы
«Кітап – рухани сарқылмас қазына»
«Кітап – рухани сарқылмас қазына»
Қарағанды облысы Балқаш қаласы, №15 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сатыбалдина Гульжазира Хайдаровна
Кітап − білім  бұлағы
Кітап − білім бұлағы
Тақырыбы: КІТАП − БІЛІМ БҰЛАҒЫ Мақсаты: Білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.
Кітап – білім бұлағы
Кітап – білім бұлағы
ШҚО. Аягөз қаласы «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш класс мұғалімі Аязбекова Дария Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×