Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Ормандағы оқиға"

13 қараша 2020, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Қайнекей Жармағамбетов. Ормандағы оқиға
Мақсаты: ақпарат көздерін тиімді пайдалана отырып, Қайнекей Жармағамбетовтың «Ормандағы оқиға» ертегісінің мазмұны мен идеясын меңгерту. 
Міндеттері: 
  • ертегідегі кейіпкерлердің көңіл күйлерін сезіне отырып, бейнелі сөйлей білуге машықтандыру;
  • оқушылардың шығармашылық бағытта жұмыс істеуіне ықпал ету;
  • өзіндік пікір қалыптастыру арқылы өзара талқылау, қорытынды жасау, түйінді ойлар жинақтауға үйрету;
  • қоршаған ортаның байлықтарын аялай білуге, сұлулығын сезіне білуге, жағымды – жағымсыз қасиеттерді бойна сіңіруге үйрету.

Күтілетін нәтиже: Ертегіні оқи отырып, кейіпкерлерінің бойындағы жақсы - жаман қасиеттерді анықтайды.
Топпен жұмыс жасау арқылы ынтымақтастыққа дағдыланады, өздерінің жұмыстарын бағалай білуге үйренеді.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: ой қозғау, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, АКТ
Пәнаралық байланысы: дүниетану, қазақ тілі
Ресурстары: интербелсенді тақта, жемістер мен орман ағаштардың суреттері, бейнефильмдер, плакат, фломастер, ертегі кейіпкерлері (қарлығаш пен дәуіт)
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңдеріМұғалімнің іс - әрекетіОқушының іс - әрекетіБағалау
І. Ұйымдастыру
А) Сәлемдесу
Ә) Топқа бөліну
Топ ережесін құру;
Топ құрамын сайлау;
 Бағалау парақшаларын тарату.
Оқушылармен амандасу.
- Қоршаған орта дегенде ойымызға не келеді?
- Ауамыз таза, денсаулығымыздың мықты болуына нелер ісер етеді?
- Қажеттіліктерін сұрау
- Түрлерін сұрау

 
Мұғаліммен амандасады.
- Адам, өсімдік, жан - жануар, табиғат, т. б атайды.
- Өсімдіктер екенін және қажеттіліктерін атау,
- Түрлерін атай отырып топқа бөліну
(шие, алма, алмұрт, банан, құлпынай, апельсин, жүзім)
(қарағай, терек, тобылғы, қайың, сексеуіл, емен, шырша)
І - топ: Жеміс ағаштары
ІІ - топ: Орман ағаштары
Мадақтау сөздер:
Өте жақсы!
Жарайсыңдар!
 Сәттілік тілеу!
ІІ. Өткен материалға шолу
 Сұрақ - жауап
Қағаз қиындыларында жасырынған сұрақтарды қою.
1. Өлеңде қарлығаштың өмірі‚ үй салуы‚ балапан басуы қалай суреттелген?
2. Қарлығаш ұясын неліктен адам жүрген жерге салады?
3. Қарлығаштың шаруашылыққа қандай пайдасы бар?
4. Қарлығаштар туралы қандай мультфильм көрдің? Қандай ертегілер білесің?
5. Сен тұрған жерде қандай құстар бар?
6. Өлеңде әңгімеленген жәндіктер мен шыбын - шіркей‚ құрт - құмырсқаларды ата.
- Сонымен өткен тақырыыбымыз не туралы болды?
- Қарлығаш ұясын қалай салады‚ көргендерің бар ма?
- Ойымызға не түйдік?
 Жекелей қатысқан оқушыларды бағалап отырамын
Сұрақтарға жауап береу арқылы қарлығаш бейнесін құрастырып шығарады.
- Қарлығаштың бойындағы қасиеттерін әңгімелеу
 - Өз бойларындағы жақсы бір қасиеттерін атап өту
Қол соғу арқылы топтар бірін - бірі бағалайды
ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе
 Бейнефильм
Оқушылар назарына бейнефильм ұсынамын
Суреттер арқылы тақырыпты шығару
- Олай болса, біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз Қайнекей Жармағамбетовтың «Ормандағы оқиға» ертегісі.
Аталған кейіпкерлердің қайсысы қандай қасиеттерге ие деп ойлайсыңдар?
 (Мәтін мазмұнына байланысты болжам жасату)
- Фильмнен көргендері жайында өз ойларын ортаға салады, пайдалылығын әңгімелейді.
Болжамдарын жасайды
 Мысалы, қайың - сырты қандай ақ болса, іші де сондай адал, таза, ақ ниетті т. б
Жарайсыңдар, тамаша!
ІV. Жаңа сабақ
Мәтінмен жұмыс
 Топтық жұмыс
Шығарманың авторы жайында түсінік беру (өмір сүрген жылдары, еңбектері, шығармашылығына тоқталу)
Жармағамбетов Қайнекей
 1918ж Қостанай обл,Жангелдин ауд,Шиелі ауылында туған. Ақын,әдебиет зерттеушісі. Жармағамбетовтың тұңғыш туындылары 1945 жылы жарық көрді. “Заман біздікі” “Адам туралы аңыз”, “Балладалар”, “Соңғы түн”, “Дәурен”, “Сырлы тал”өлеңдер жинақтары шықты. 3 рет “Құрмет Белгісі''” орденімен және медальдермен марапатталған.
Мәтінді бөлікке бөлу
А) Жағымды - жағымсыз қасиеттер тізбегін орындату
 Ә) «Бес жолды өлең» старатегиясы
Дәптермен жұмыс
Тақырыпты, автор жайында берілген мағлұматты қысқаша жазу
Берілген мәтінді оқу, өздігінен түсіну
Мәтінге өзара талдау жүргізу, не жайында екенін пайымдау,
Түсінгендері бойынша постермен жұмыс жасау
Адам бойындағы жақсы – жаман қасиеттерін жазу
І - топ: а) Жақсы адамның бойында болатын қасиеттер:
Әдептілік, қамқорлық, достық, ынтымақтастық, мейірімділік, жанашырлық, қайырымдылық
ә) «Қайың» сөзі
1. Қайың
2. Ақ, әдемі, жіңішке
3. Өседі, өнеді, жайқалады
4. Қайың орманда өседі
5. Ағаш
ІІ - топ: а) Жақсы адамның бойында болмайтын қасиеттер:
Қара ниетті болмау, қатігездікке бармау, жамандық жасамау, мейірімсіздік танытпау
ә) «Тобылғы» сөзі
1. Тобылғы
2. Кішкентай, пайдалы, қара
3. Өседі, өледі, көбейеді
4. Тобылғы - пайдалы өсімдік
 5. Өсімдік
Жарайсыңдар, епті екенсіңдер!
V. Жаңа сабақты бекіту «Көршің қандай?»Жақсы қасиеттер айтқызуӘр оқушы қасындағы көршісінің есімінен басталатын сын есімдер айтады Мысалы, Аяулым ақылды, Елдос ержүрек, т. бТамаша жауаптар, жарайсыңдар!
Артық болмас білгеніңТабиғат байлықтарын қалай пайдаланып жатырмыз?
Видеофильм көрсету
 Ағаштың пайдалылығын айту
Ағаштардан алынатын өнімдерді атау
VІ. Жаңа сабақты қорытындылау«Алты қалпақ» тәсіліҚалпақтың түстеріне байланысты сабақты қорытындылайды.
VІІ. Үйге тапсырмаІ - деңгей: Мәтінді оқу, мазмұнын айту
ІІ - деңгей: Мазмұнын айту, кейіпкерлердің суретін салу, сөзжұмбақ құрау
 ІІІ - деңгей: Мәтінге сүйене отырып эссе жазу, жақсы қасиеттерге жайында өлең шығару, ребус құрау


VІІІ. БағалауТоп құрамының ұпайын тыңдау, топтың қорытынды ұпайын анықтау
Жарайсыңдар!
Өте жақсы!
Жақсы!
 Әлі де дайындалу керек!
Сергіту сәтіОқушылардың сабақтан алған әсерімен көңіл күйлерін көтеру мақсатында сергіту сәтін өткізу

3 573
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қайнекей Жармағамбетов. Ормандағы оқиға
Қайнекей Жармағамбетов. Ормандағы оқиға
Ақпарат көздерін тиімді пайдалана отырып, Қайнекей Жармағамбетовтың «Ормандағы оқиға» ертегісінің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Абайдың Қыс өлеңі
Абайдың Қыс өлеңі
Ақпарат көздерін тиімді пайдалану арқылы Абай Құнанбаевтың «Қыс» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу
Көктем сәні. (Ертегі)
Көктем сәні. (Ертегі)
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, В.И.Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бибінұр Құлмұханбетқызы Сеиітова
Абай Құнанбаев «Жазғытұры» өлеңі
Абай Құнанбаев «Жазғытұры» өлеңі
Бастауыш сынып мұғалімі Парменова Маржан
Қайнекей Жармағанбетов. «Ормандағы оқиға»
Қайнекей Жармағанбетов. «Ормандағы оқиға»
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы,Теректі ауылы, №1 Теректі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Садуова Қаламқас Құмарғалиқызы
Қ. Жарғамбетов «Ормандағы оқиға»
Қ. Жарғамбетов «Ормандағы оқиға»
Атырау қаласы, №35 мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Уапова Жаңылсын
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×