Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қайнекей Жармағанбетов. «Ормандағы оқиға»

17 қазан 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Қайнекей Жармағанбетов. «Ормандағы оқиға»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды әдеби ертегінің мазмұнымен таныстырып, олардың жеке қабілеті мен білімділігіне сүйене отырып негізгі ойды ашу.
Оқушыларға болжау әдісі арқылы ертегіні көз алдарына елестету. талдату және салыстыра отырып олардың қиялын, ой - өрісін дамыту.
Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ақылды парасаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу, болжау, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.

Қане, достым, тексерші,
Дайынсың ба сабаққа?
Орнында ма, бүтін бе,
Дәптер, қалам, кітабың?
Тұрма күнделік алдыңда,
Қолыңда ма қаламың?
II. Үй жұмысын тексеру.
а) Тізбектеле оқу.
б) Рөлдерге бөлініп сахналау.
в) Қорытынды. - Ал сендердің ойларыңша адамға ең жақын не?

Неге олай ойлайсыңдар? (Оқушылардың ойларын білу)
г) Ойтолғау. «Өмірде өзіңе ең жақын адам кім?» (2 - 3 балаға оқыту, жинап алу)
д) Үй жұмысын қорытындылау.
- Бұл өлең қай жанырға жатады?
- Ал ертегілердің қандай түрлері болады?

Ертегілер:
Қиял - ғажайып ертегісі
Шыншыл ертегілер
Жан - жануарлар ертегісі
Әдеби ертегілер

- Әдеби ертегі дегеніміз қандай ертегі?
III. Жаңа сабақ. Бүгін сабақта «Ормандағы оқиға» деген Қайнекей Жармағанбетов ертегісімен танысамыз.

Қ. Жармағанбетов кім? Алдымен Қайнекей аға жөнінде білімімізді тексерейік.
Қайнекей Жармағанбетов

Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Шиелі ауылында туған
1918 жылы туып, 1974 жылы қаза болған
«Ара», «Әдебиет және искусство» журналының редакторы
«Құрмет белгісі» орденімен 3 рет марапатталған
«Әнші азамат», «Азамат жолы», «Заман біздікі» т.б туындылары бар
Аудармашы

Бүгінгі ертегіміздің кейіпкерлері: Тобылғы, Сексеуіл, Ақ қайың, Қараағаш

Тобылғы бұта тектес өсімдік. Сабағы қатты, қызыл түсті. Сабағынан ұршықтың, қамшының сабын жасайды.
Басқа ертегі кейіпкері туралы не білеміз? (Оқушылардың жауабын тыңдау)

IV. Әжейдің ертегісін тыңдау.(Үн таспадан ертегіні тыңдау... Тымпың қағып тобылғы кетті....)

V. Болжау. – Ертегідегі қалай аяқталады деп ойлайсыңдар? (оқушылардың ойын тыңдау)
Шындығында ертегі қалай аяқталды білгілерің келе ме? Қане әжейден сұрап білейік.(ертегіні жалғастыру)

VI. Оқулықпен жұмыс.
а) Тізбектеле оқу.
б) Тауып оқу
в) Сөздік
Қосақ – сауу үшін ұзын арқанмен мойындарынан бір - біріне тақап қосақтай байланған қой немесе ешкілер тобы.

VII. Нақты сұрақ – дәл жауап.
• Ертегінің қай жері сендерге ерекше әсер етті? Неліктен?
• Қайың мен қарағаштың қатты ашуланғанына не себеп болды?
• Сенің қай ағашқа жаның ашыды? Неліктен?
• «Қосақ арасында шыбын өледі» деген қай өсімдікке қатысты айтылған?
• Сенің ойыңша, екі айнымас достардың бір - бірімен ренжісуіне не себеп болды?

VIII. Ойқозғау.
• Шынында да ағаштар жанжалдаса ма?
• Ақынның негізгі ойы қандай?
• Олай болса автор бұл кейіпкерлер арқылы нені уағыздап отыр?
• Балалар бұл ертегіден қандай ой түйдіңдер? Қандай қорытынды пікір айта аласыңдар?

IX. Кейіпкерге хат.(бір кейіпкерді таңдап соған хат жолдау)
X. Қорытынды. Бүгін сабақта не үйреніп, не білдік? Қане олай болса «Данышпан» атаның ақыл - кеңесін тыңдайық.
XI. Үйге тапсырма: Ертегіні мәнерлеп оқу, мазмұнын баяндау, өсімдіктің пайдасы туралы жазып келу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 751
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қайнекей Жармағамбетов. Ормандағы оқиға
Қайнекей Жармағамбетов. Ормандағы оқиға
Ақпарат көздерін тиімді пайдалана отырып, Қайнекей Жармағамбетовтың «Ормандағы оқиға» ертегісінің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Қайнекей Жармағанбетов «Ормандағы оқиға»
Қайнекей Жармағанбетов «Ормандағы оқиға»
Атырау облысы, Атырау қаласы Қ. Смағұлов орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Ажигалиева Гулзира
Ормандағы оқиға
Ормандағы оқиға
Бастауыш сынып мұғалімі: Досанова Гульмаржан
Менің ертегі әлемім
Менің ертегі әлемім
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тасшағыл ауылы бастауыш сынып мұғалімі Тоғай Алмагүл Молжігітқызы
Қ. Жарғамбетов «Ормандағы оқиға»
Қ. Жарғамбетов «Ормандағы оқиға»
Атырау қаласы, №35 мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Уапова Жаңылсын
Ертегілер елінде
Ертегілер елінде
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Жалаңтөс батыр ауылы, Қ.Пірімов атындағы № 103 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Карабекова Лаура Бибитовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×