Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ана тілінен тест

26 қаңтар 2013, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ана тілі
І тоқсан қазан
1. Т. Жароковтың «Кемедей кешіп комбайн
Алтын дария егінді,
Сүзіп жүр маржан бидайын,
Күзіміз неткен көңілді!» деген өлең жолдарында күздің қай кезі суреттелген?
а) Күздің басы б) Күздің соңы
ә) Күздің ортасы в) Күздің табиғаты
2. Т. Жароковтың «Ауыл күзі» өлеңін есіңе түсір. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қой: Алма піскен...
а) Уылжып б) Албырап
ә) Қызарып в) Балбырап
3. Бөлімдегі оқиғасы «Ас атасы - нан»деген мақалға құрылған мәтінді ата:
а) І. Жансүгіров. Малта б) И. Бази. Жеміс бағында
ә) Ә. Табылдиев. Күздің кереметі в) Егінші мен қасқыр
4. Сары кілем төселген жер. Тиін. Борсық. Қоян. Қай шығармадан алынған?
а) Ә. Табылдиев. Күздің кереметі б) И. Бази. Жеміс бағында
ә) Е. Салықов. Күзгі орманның көріністері в) Т. Жароков. «Ауыл күзі»
5. «Екі құлағы тас төбесінде. Ұзын қылышты көкке көтерілген құйрығы әдемі, ұшы сәл ғана төмен иілген» деген жолдарда не сипатталған?
а) Қоян ә) Тиін б) Мысық в) Түлкі
6. «Күн жаңа көтеріліп келе жатқан кез. Шөптегі шық тамшылары моншақтай мөлдіреп, жылт - жылт етеді». Бұл мәтіннің қай түріне жатады?
а) Пайымдау ә) Хабарлау б) Сипаттау в) Түсіндіру
7. «Борсық - қысқы ұйқыға кеш жататын аң. Ол күздің ақырғы күндерінде де інінен шығып, күнге жылынып жүреді». Бұл мәтіннің қай түріне жатады?
а) Пайымдау ә) Хабарлау б) Сипаттау в) Түсіндіру
8. Абай аударған «Шегіртке мен құмырсқа»мысалын жазған кім?
а) И. Крылов ә) И. Бази б) В. Сухомлинский в) Р. Василек
9. И. Крыловтың «Шегіртке меент құмырсқа» мысалын есіңе түсір.
«Қарағым, жылыт, тамақ бер»деген ненің сөзі?
а) Құмырсқаның ә) Шегірткенің б) Баланың в) Қыздың
10. Бірнеше қатардан тұратын құрт жаятын орын қалай аталады?
а) Өре ә) Күрке б) Қора в) Сөре
11. Қазақстан туындағы еркіндіктің, тәуелсіздіктің, бостандықтың, жомарттық пен қырағылықтың нышаны -...
а) Күн ә) Өрнек б) Қыран в) Жұлдыз
12. Елтаңбадағы «Отан от басынан басталады»деген киелі ұғым не арқылы бейнеленген?
а) Тұлпар ә) Шаңырақ б) Жұлдыз в) Күн
13. Қазақстан Республикасы Әнұранның әнін жазған кім?
а) Ш. Қалдаяқов ә) Ж. Нәжімеденов б) Н. Назарбаев в) М. Әлімбаев
14. Тәуелсіз елдің балаларын еңбекке, адалдыққа шақыратын мәтінді ата.
а) Бостандық таңы атты ә) Мен елімді сүйемін
б) Туған ел в) Туған тілім
15. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны мен Ш. Құдайбердіұлының «Бостандық таңы атты»мәтіндерінде қайталанатын сөзді тап:
а) Бірлік ә) Қазағым б) Еркіндік в) Елім
16. Д. Әбілевтің «Туған тілім - бабам тілі - өз тілім!
Туған тілім - анам тілі - өз тілім!»деп келетін өлең шумағы қалай аяқталатынын тап.
а) Туған тілім – адам тілі - өз тілім!
ә) Деген кім бар: өз тіліңді ұстанба?
б) Туған тілде сыры терең жаным бар,
в) Жүрегімді суырып - ақ алыңдар.
17. «Туған жерсіз адамның күні жоқ» деген жол кімнің шығармасынан алынған?
а) С. Сейфуллин. Туған ел ә) Ә. Кекілбай. Туған ел
б) С. Мәуленов. Мен елімді сүйемін в) Ш. Құдайбердіұлы. Бостандық таңы атты
18. Қай өлеңде туған жерді анаға теңейді?
а) Үш бақытым ә) Туған ел б) Туған тілім в) Бостандық таңы атты
19. М. Мақатаевтың «Үш бақытым» деп отырғаны -...
а) Білім, өнер, ғылым ә) Бейбітшілік, ынтымақ, бірлік
б) Отан, халық, тіл в) Әке, ана, бала
20. Туған тіл туралы жырлаған ақынды ата.
а) Т. Айбергенов ә) Д. Әбілев
б) М. Жұмабаев в) М. Мақатаев

Ана тілі
І тоқсан қыркүйек
1. «Алма бағындағы жұмыс»Бұл қай шығармадан алынған?
а) Жеміс бағында б) Күзгі орманның көріністері в) Ауыл күзі
2. Ықтыру сөзінің мағынасы:
а) айдау, қудалау б) тапал в) жем беру
3. «Күмән» мәтінінде терезе сындырған кім еді?
а) Рақила б) Дәуіт в) Боранбай
4. Корректор не істей алады?
а) өлең жазады б) газет қатесін түзейді в) газет шығарады
5. М. Әлімбайдың мамандар туралы жазған өлеңін тап:
а) Шахтер мен космонавт б) Мұғалима в) Сылақшы апай
6. Жезқазғаннан не шығады?
а) бидай б) көмір в) мұнай
7. М. Жұмабаев қай ауданда туған?
а) Жаңаарқа б) Қызылқоға в) Булаев
8. Мына өлеңнің қайсысы Абайдың өлеңі?
а) Оқуға шақыру б) Үш бақытым в) Адам болам десеңіз
9. Бөлімде берілген шығармаларға ортақ тақырыпты ата:
а) Мектеп, кітап б) Мектеп, мұғалім в) Білім, оқу
10. Ұршық, өрмек, кітап. Бұлар қай мәтінде айтылған?
а) Мұғалима б) Кім жүйрік? в) Жақсылардың жақсысы
11. «Талаптан да, білім мен өнер үйрен» деп өсиет қалдырған кім?
а) Абай б) Шәкәрім в) Ахмет
12 « Мұздай болат киінген, батпан қару үйірген» жолдарында кім суреттелген?
а) Батыр б) Бала в) Ұшқыш
13. «Мен ең әуелі қазағымды жақсы көремін»деген кімнің сөзі?
а) Шоқанның б) Абайдың в) Ыбырайдың
14. «Оқу - білім бұлағы, білім - өмір шырағы»
а) өлең б) жұмбақ в) мақал
15. «Бостандық таңы атты» өлеңінің авторы кім?
а) Мағжан б) Шәкәрім в) Ыбырай
16. «Түн ұйқысын төрт бөліп»- деген жолдар кім туралы айтылған?
а) әке б) бала в) ана
17. Егінді қай уақытта жинайды?
а) қыста б) күзде в) көктемде
18. Ең алғаш мектеп ашқан кім?
а) Абай б) Ахмет в) Ыбырай
19. Әнұранның әнін жазған?
а) Асқар Тоқмағанбетов б) Шәмші Қалдаяқов в) Жадыра Дәрібаева
20. Шық қай кезде түседі?
а) күзде б) жазда в) қыста

Ана тілі
І тоқсан қараша
1.«Бітім» сөзінің мағынасын тап:
а) келісім, тоқтам б) баласы жоқ в) сұлтаны, төресі
2. Қабанбайдың шын аты:
а) Дарабоз б) Нар бала в) Ерасыл
3. Қазақтың қалың қолына 30жасында қолбасшы болған батырды ата:
а) Ағыбай б) Қабанбай в) Бөгенбай
4. «Мәміле» сөзінің мағынасын тап:
а) пікірлесу б) келісім в) шарттасу
5. «Махамбет пен Жақия» әңгімесін жазған авторды тап:
а) Қ. Жұмалиев б) М. Әбсемет в) Н. Байғанин
6. Жолдасы, үйі, бүтін, кірсіз киімі жоқ, жалғыз басты адам:
а) кедей б) бай в) батыр
7. «Күлпаш» әңгімесінде Мақтым мен Күлпаш неліктен жылады?
а) қуаныштан б) қайғыдан в) байлықтан
8. Б. Майлин қай жылы дүниеге келген?
а) 1894 б) 1938 в) 1850
9. Жақия кімнің баласы?
а) Махамбет б) Амангелді в) Исатай
10. «Езілген қазақ елінің, бағы үшін туған ер» - өлең жолдары қай батырды суреттейді?
а) Исатай б) Амангелді в) Алпамыс
11. Жәңгір ханның әскерін тас - талқан еткен 14 жасар батыр:
а) Ерасыл б) Жақия в) Исатай
12. «Азаттық жолында» мәтіні кім туралы?
а) Тоқаш Бокин б) Сәкен Сейфуллин в) Қайрат Рысқұлбеков
13. Тоқаштың шешесінің аты:
а) Ақбала б) Ақбалтыр в) Дәметкен
14. Қайрат Рысқұлбеков туралы айтылған мәтін:
а) Нұркен б) Қажымұқан в) Ол ақын болар ма еді?..
15. Рейхстагқа ту тіккен кім?
а) Нұркен б) Рақымжан в) Бауыржан
16. Ту қай мезгілде тігілді?
а) 6 сағат 30 минут б) 5 сағат 30 минут в) 7 сағат 30 минут
17. Ұлы Отан соғысы қай жылы басталды?
а) 1942 б) 1945 в) 1941
18. 1986 жылы қандай оқиға болды?
а) Ұлы Отан соғысы б) Желтоқсан оқиғасы в) Ашаршылық
19. Ә. Молдағұлованың майдандағы бірінші командирі:
а) Бауыржан б) Гриша в) Мойсеев
20. Несіпбек Айтов қай өлеңнің авторы?
а) Нұркен б) Амангелді батырым в) Туған тілім
12 555
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ә. Табылды. Күздің кереметі
Ә. Табылды. Күздің кереметі
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Төлеңгүт негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кабдрахметова Забида Кусмановна
Күзгі орманның көріністері
Күзгі орманның көріністері
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу гимназиясы"ММ нің бастауыш сынып мұғалімі Гульназ Тастайбекова
Күздің кереметі. Ә. Табылдиев
Күздің кереметі. Ә. Табылдиев
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Байқадам ауылы, Қорғантұз орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Абденова Гүлдана Дүйсенбайқызы
Күздің кереметі 3-сынып
Күздің кереметі 3-сынып
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға табиғаттың әсем көрінісін бақылата отырып, әсемдікке, сұлулыққа баулып, эстетикалық талғамын арттыру, әрі оқи білуге, жүйелеп сөйлеуге жаттықтыру.
Ана тілі тест тапсырмалары
Ана тілі тест тапсырмалары
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Қарақобда орта мектебі информатика пәні мұғалімі Малаева Индира Жақсылыққызы
Әдібай Табылдиев “Күздің кереметі”
Әдібай Табылдиев “Күздің кереметі”
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Жаңа Өмір ауылы, Шаған жалпы орта білім беретін мектебі Коррекциялық /түзете дамыта оқыту /сыныбы мұғалімі Белхаирова Асемгул Мустахимовна Ана тілі Сабақтың тақырыбы: Әдібай Табылдиев “Күздің кереметі” 3к
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×