Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Есептерді теңдеу құру арқылы шығару

06 сәуір 2013, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: теңдеу құру арқылы есептер шығартып, оқушылардың білімдерін бекіту.
Дамытушылығы: оқушылардың таным қабілеттерін, зейіндерін, белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелігі: оқытудың өмірмен байланысын нығайту, ұжымда бірлесе бірге жұмыс істеуге тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс жасауға төселдіру, алған білімін пайдалана білуге, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Есептерді теңдеу құру арқылы шығару
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: теңдеу құру арқылы есептер шығартып, оқушылардың білімдерін бекіту.
Дамытушылығы: оқушылардың таным қабілеттерін, зейіндерін, белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелігі: оқытудың өмірмен байланысын нығайту, ұжымда бірлесе бірге жұмыс істеуге тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс жасауға төселдіру, алған білімін пайдалана білуге, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Түрі: ойын сабақ.
Типі: білім, білік, дағдыларын тиянақтау, жүйелеу.
Әдістері: жеке, өзіндік, ұжымдық жұмыстар.
Көрнекілігі: слайд тапсырмалары, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Психологиялық дайындық.
- Балалар, бір - бірлеріңе қандай жақсы тілектер айтар едіңдер?
(балалар кезектесіп, жақсы тілектер айтады)
- Мен саған ашық аспан тілеймін!
- Мықты денсаулық тілеймін.
- Мен бақыт тілеймін!
- Нұрлы күн тілеймін! т. б.
Нұрлы күн сендер секілді әдепті, ұқыпты, тапқыр балаларға аямай нұрын төгіп тұр.
(Күннің суреті №1 слайдпен көрсету)
Нұрлы күннің әкелген сандықшасы бар екен. Сандықшаны ашып, ішінде не бар екенін білу үшін мына жұмбақты шешейік (№2 слайд)
Айқасқан екі таяқ,
Тұрады жоқты сұрап. (Жауабы: х – икс.)
Сандықшадан бүгінгі сабақтың жоспары шығады. (№3 слайд)
- Бүгінгі сабақта төмендегі жоспар бойынша жұмыс жасаймыз.

Жоспары:
1. Бәйге.
2. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл».
3. «Бойы сергектің, ойы да сергек».
4. «Еңбек түбі - береке».
5. Қызықты есептер.
6. Сандық ақпараттар.

Дәптерімізді ашып, күн жадын, тақырыпты жазамыз.
І. «Бәйге» ойыны. (өткенді қайталау) (№4 слайд)
1. Қарама - қарсы қабырғалары өзара тең геометриялық фигураны қалай атаймыз? (тік төртбұрыш)
2. Ауданды қалай табамыз? (ұзындығы мен енін көбейтеміз)
3. Көлемді қалай табамыз? (ұзындығын, енін, биіктігін көбейтеміз)
4. Фигураның периметрін қалай табамыз? (барлық қабырғаларын қосамыз)
5. Жылдамдықты қалай табамыз? (қашықтықты уақытқа бөлеміз)
6. Теңдеу дегеніміз не? (Теңдеу дегеніміз – құрамына енетін әріптің мәнін табу.) Неше түрі бар? (2 түрі).
2. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» (5 слайд)
Есеп шығару. Оқулықпен жұмыс.
1 - тапсырма.
- Есеп не жайында?
- Есепте не белгілі?
- Есепте нені табу керек?
Х – бұл ағасының жасы.
Х - 3 – бұл қарындасының жасы.
Х - 3=8 – құрылуға тиісті теңдеу. (Интерактивті тақтаға жазу.) (№6 слайд)
Қ - 8 жас ------ 3 жас кіші
А -?

Ж: Ағасы 11 жаста.
Ш: 1) 8+3=11
2) Х - 3=8
Х=8+3
Х=11
11 - 3=8

- Ал өзіміз неше жастамыз? Қай жылы дүниеге келдік, сол жылды разрядтық қосылғыштарға жіктейміз.
2003=2000+3
№2 (№7 слайд)
Малдың жас ерекшеліктеріне қарай аталуы.
Құлын - биенің жас төлі.
Жабағы – жас құлында алты айға толған соң, күзде жабағы деп атайды.
Бұзау – сиырдың төлі.
Торпақ – сиыр төлінің бір жасқа келгенге дейінгі ортақ атауы.
- Есеп не жайында?
- Есепте не белгілі?
- Есепте тағы не белгілі?
- Шешуін бірден таба аламыз ба?
- Неліктен?
Торпақ - 16 - 3? бірдей
Жабағы -?, 2а
Ш: Х+2=16 - 3
Х+2=13
Х=13 - 2
Х=11
11+2=13
13=13
Ж: 13 жабағы өсірді.
3. «Білгенге маржан, білмеске арзан» (№8 слайд)
№3
Оқулықпен жұмыс. Оқыту, талдау. Сызба сызу.
S= 300 км
t= 2 сағ
v= 60 км/сағ
v=? км/сағ

Ж: 90 км/сағ
Ш: 2*Х+2*60=300
2*Х+120=300
2*Х=300 - 120
2*Х=180
Х=180: 2
Х=90
2*90+2*60=300

4. «Бойы сергектің, ойы да сергек».
«Баспалдақ» ойыны. (тез есептеу). (№9 слайд)
4. «Еңбек түбі - береке».
№5
Жол – 80 км --------------------- Ш: 1) 80: 5=16 км (1 күні)
1 - ші күні – 5/1 ----------------- 2) 80: 4=20 км (2 күні)
2 - ші күні – 4/1? км ----------- 3) 16+20=36 км (жөнделмеген жол.)
Қалғаны -? ----------------------- 4) 80 - 36=44 км
--------------------------------------- 80 -(80: 5)-(80: 4)=44 км
Ж: 44 км жол жөнделмеген

№6 (Интерактивті тақтаға түрлі - түсті бояумен сызып, жазу). (№10 слайд)
Кесінді: ОК, ОЕ.
Сәулелер: ОА, ОС, ОД, ОВ, ЕВ, КД, ЕС, КА.
Түзулер: АД, СВ.
№7 (№11 слайд)
S= 300 км ----------- Ш: 80+70=150 км/сағ
v= 70 км/сағ ------- 300 км: 150 км/сағ=2 сағ
v= 80 км/сағ
t=?
Ж: 2 сағ.
5. Қызықты есептер.
1. Атасы мен әжесінің екеуінің туған күндері бір күнде. Бірақ олар құрдас емес неге?
2. Су жағасында тауықтың, үйректің 7 балапаны келді. Суда бірақ 5 балапан жүзіп жүр. Сонда екі балапан қайда? (2 балапан тауықтікі)
3. Жаңа жыл дастарқанына біздің мектепте 263 дана алма даярланды. Егер мерекеге 86 ұл және одан 2 есе артық қыз бала келсе, барлық балаға алма жете ме?
Ш: 86*2=172 (қыз)
172+86=258
263 - 258=5
Ж: Алма жетеді, 5 алма қалады.
7. Сандық ақпараттар.
Сандарға қарап, оқушылар өз ойларын айтады.
8. Үйге тапсырма. №4 119 - бет.
9. Бағалау.
10. Қорытындылау.
46 460
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Есептерді теңдеу құру арқылы шығару
Есептерді теңдеу құру арқылы шығару
Оқушылардың есептерді теңдеу құру арқылы шығару тәсілдері жөнінде білімдерін тиянақтау, есептеу дағдыларын жетілдіру;
Есепті теңдеу құру арқылы шығару
Есепті теңдеу құру арқылы шығару
Есептерді теңдеу құру отырып шешу жолын ұғындыру. Сөз есептерге теңдеу құру арқылы шешуді үйрену, сауатты түрде шапшаң орындау арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту.
Квадрат теңдеулер арқылы шығарылатын есептер
Квадрат теңдеулер арқылы шығарылатын есептер
Квадрат теңдеулер арқылы шығарылатын есептер. Мәтінді есептерді квадрат теңдеу арқылы шешу алгоритмімен таныстыру, квадрат теңдеуге келтірілетін есептерді шығаруды үйрету.
Санды 5 ке көбейту және бөлу
Санды 5 ке көбейту және бөлу
5 - ке көбейту және бөлу кестесін жүйелеу, жетілдіру, тереңдету және тиянақтау, бекіту. Балалардың танымдық қабілеттерін, зейіндерін, шығармашылық белсенділігін дамыту. Ауызша санау, көбейту, бөлу дағдыларын қалыптастыру.
Есепті теңдеу құру арқылы шығару
Есепті теңдеу құру арқылы шығару
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Ж. Қалдығараев атындағы орта мектеп" ММ бастауыш сынып мұғалімі Набиева Гүлжанат Темирхановна
Теңдеулер және теңдеулер жүйесі
Теңдеулер және теңдеулер жүйесі
ШҚО, Аягөз ауданы, Сарыарқа орта мектебі математика пәнінің мұғалімі Жанболатова Айгүл Армияшевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×