Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


В дыбысы

17 сәуір 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі (2 сынып)
Сабақтың тақырыбы: В дыбысы (88 - 91 жаттығулар)

Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: В дыбысының айтылу ерекшелігін байқату, в дыбысы бар сөздердің орыс тілінен енгендігін аңғарту, в әріпі бар сөздердің мағынасын түсіндіріп, оларды дұрыс жазуға үйрету, в дыбысы туралы алған білімдерін кеңейту.
2) Дамытушылығы: Балалардың ойлау, есте сақтау, қиялдау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын арттыру
3) Дағдылық: Балаларды в әріпі бар сөздерді дұрыс айтуға және қатесіз жазуға машықтандыру
4) Тәрбиелік: Оқушыларды тапқырлыққа, өзара сыйластыққа, саналылыққа баулу, ұйымшылдық пен еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сюжетті суреттер, оқулық, аквариум суреті, интерактивті тақта, электронды оқулық, үлестірмелі қағаздар.
Әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгіме, ойын, жұптық жұмыс
Типі: Білім бекіту
Түрі: Саяхат сабақ
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, денешынықтыру, дүниетану, орыс тілі

Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Қызығушылығын ояту.
«5» болсын алар бағамыз
Білімнен бақыт табамыз
Өнерменен өрістеп,
Өсе берсін санамыз.

2) Үй тапсырмасын тексеру
- Балалар, кәне, бәріміз бері қарайық.
- Үйге 87 - жаттығудағы берілген сөйлемдердің ішінен в әріпі бар, сөздерді ғана теріп жазып келуге берілді.
- Кәне, бәріміз тақтаға қараймыз, дұрыс жазылып па?
- Дұрыс, ия, балалар.
- Киев - дегеніміз не?
- Волейбол - дегеніміз не?
- Паровоз ден не?
- Автобус ше? – Ваза дегеніміз не?
Әрбір сөздің қандай мағынаны беретінін сұрау.
- Бұл аталған сөздердің бәріде қай тілден енгенін білеміз бе?
- Орыс тілден енген екен, ия.
- Сендер биылдан бастап орыс тілін өтіп жатырсыңдар иә, алдағы уақытта көптеген жаңа сөздермен танысатын боласыңдар.
- Бұл сөздердің бәрінде де В әріпі бар. В әрпінің сөз ішіндегі орнын анықтайықшы?
- Киев – сөз соңында
волейбол, ваза - сөздің басында,
автобус, паровоз - сөздерінде сөздің ортасында келіп тұр.
- Бұдан шығатын қорытынды не?

Ережені оқыту, тақтадан -
1) слайд
- Өте жақсы балалар. Сендер, білесіңдер ме, балалар, неге біз тек в әріпі бар сөздерді теріп жаздық?
- Себебі, біз «Ғажайып В дыбысы» әлемінде саяхаттап жүрміз иә. Кешегі сабағымызда біз сиқырлы поезға бірнеше вагондарды тіркеп алып саяхатқа шыққан болатынбыз. Бүгінгі сабағымызда да сол саяхатымызды жалғастырамыз. Бүгін біз тағы да В әрпін әлемдегі сиқырлы вагондардың көмегімен жолда кездесетін тапсырмаларды орындайтын боламыз.
- Ал кәне, саяхатты жалғастырайық, жолға шығуға дайындалыңдар?
Кәне, вагондарға жайғасайық.
2) слайд
Ал, балалар жүрелік
Асықпай ғана мінелік
Ғажайып В - ның сырларын,
Бүгінде оқып білелік.
Ал, ендеше, балалар,
Жылдамырақ жүрелік.

- Ал, балалар, сиқырлы вагонға жайғастық.
Саяхаттаған адамның алдынан небір қызық, жұмбағы көп әлемдер қақ ия. Ендеше бізді де жолымызда « Жұмбақтар әлемі» күтіп тұр екен. Бұл жерде бізге бірнеше жұмбақтарды шешуге тура келеді, кәне, дайынбыз ба? Шешуін тапсақ қана бұл елге кіре алады екенбіз.

3) слайд Жұмбақтар
1) Балаларға ұнайтын
Ең әдемі көлікпін
Ал, балақай, айта ғой,
Мініп көрді мені кім?
( велосипед)
2) Ауырғанда күш беретін,
Ақыл қосар менің сана - бойыма.
Дәрігерлер оны жазып береді,
Ішкен сайын, ішкім келе береді. ( витамин)
3) Поездардың тұрағы,
Үп - үлкен боп ғимарат
Жол бойында тұрады. ( Вокзал)

- Өте жақсы балалар, ендеше оқулығымызды ашалық. В әлеміндегі кезекті тапсырмамыз жұмбақты шешу керек.
88 - жаттығу
Жұмбақты оқу, шешуін табу.
Үй ішінде - бөлме,
Бөлме іші - көлде.
Түрлі ұсақ - балық,
Жүзді сайран салып.
- Шешуі не екен? - Аквариум
- Аквариум дегеніміз не, білеміз бе? Көргенбіз бе?
4) слайд Аквариум суретін көрсету.
Аквариум сөзі де орыс тілінен енген екен. Бұл сөздің қазақшасы қандай мағына береді деп ойлайсыңдар? ( оқушыларды сөйлету)
- Дұрыс. Аквариум - қолда балық өсіруге арналған су құйылған шыны ыдыс.
- Өте жақсы балалар, ал енді осы жұмбақтың шешуін қатыстырып сөйлем құрап көрейікші.

1. Мен аквариумнен түрлі балықтарды көрдім.
2. Арман аквариумдегі балықтарға жем берді.
- Балықтарға не үшін жем береді? Себебі оларды жем беріп асырамаса өліп қалады, оның ішіндегі суында белгілі бір уақыттан кейін тазарту керек екен.
- Ал енді кім бізге осы жұмбақ өлеңді қара сөзбен шешуін қатыстырып, сөйлем құрап бере алады?
- Үй ішінде бөлмедегі аквариумде, түрлі ұсақ балықтар сайран салып жүр.

Аквариум сөзін буынға бөлдіре отырып, в дыбысының орнын анықтату.
- Өте жақсы балалар, аквариумнен басқа тағы қай жерлерде балықтар болады?
- Өзен, көл, су тоғандарында.
5) слайд ( өзен, көл, ағын су суреттерін көрсету)
6) слайд Океанариум суретін көрсету, бас қаланың мақтанышының бірі екенін айту.

- Балықтардың қандай пайдасы бар? 1. Еті пайдалы, адамның ми қызметін жақсартады.
2. Жүйкең шаршағанда балыққа қарасаң, бар теріс энергияңды жояды екен.
3. Сатсаң қып - қызыл ақшаның көзі.
- Заңсыз аулап сатқан адамдар жауапқа тартылады және де көп ауласа таусылып та қалуы мүмкін.
- Балалар жұмбақтар еліндегі тапсырманы жақсы орындадық, енді ары қарай жүріп, в дыбысы әлемінің ғажаптарының сырын ұғуға асығайық.
7) слайд
Ал, балалар жүрелік
Вагонға тез - тез мінелік
Айналып өтіп бұл жерден
Келесі елге жетелік.
8) слайд
- Балалар, біздің алдымыздан кездескен ел « Жоғалған әріптер» елі деп аталады екен.
- Кәне, бұл жерде бізге қандай тапсырма беріліпті. Ол үшін оқулықтағы 89 - жаттығуға қарайық.
« Қай әріпті жоғалттым?» ойынын ойнату.
Оқулықпен жұмыс

Қазақстанда трам....ай 1937 жылдан бастап жүре бастады.
П, т, ш
- Қай әріпті жазамыз деп ойлайсыңдар, кәне, ойланайық?
Дәптермен жұмыс
Дұрыс нұсқасын интерактивті тақтаға жаздырту. Осылайша сөйлемдердің дұрысын тақтада орындату, тексеру. Біз жаңағы әріптерін жоғалтқан сөздерді дұрыс жаздық па, мына суреттерге қарай отырып, тексерелік.
9) слайд Суреттерді көрсету.
Троллейбус, трамвай - екеуі де көлік. Бұлар қалада жүретін көліктер, себебі екеуі де электр тоғымен жүреді.
Троллейбус - сөзінде б дыбысы жазылады.
Трамвай - сөзінде в дыбысы жазылады.
10) слайд
В мен Б дыбысын салыстырайықшы.( венн диаграммасы арқылы)
11) слайд
- Өте жақсы балалар, бұл тапсырманы да жақсы орындадық. Әрі қарай жылжиық. Саяхаттап келе жатқанда үлкен поезда, вагон ішінде отыра бермейміз ғой, ия? Кей жерлерді жаяу жүріп те аралап көруімізге де болады екен, ия?
- Жаяу жүргенде неге мінген қолайлы?
- Велосипедке мінген тиімді. Себебі майы таусылып қалады деп қорықпаймыз. Бірақ дұрыс айдамасақ, құлап жарақат алуымызда ғажап емес. Сондықтан жол ережесін сақтап айдауымыз керек.
- Ал велосипед сөзінің қандай мағына беретінін білесіңдер ме?
« Велосипед» - сөзі «жел аяқ» деген ұғымды білдіреді екен. Велосипедтің қандай түрлерін білесіңдер?
12) слайд ( велосипед түрлерін көрсету)
Бұл жайында 90 - жаттығуда берілген екен. Кәне, жаттығуға қарайық.
1) Мәтінді оқыту.
2) В әрпі бар сөздерді тапқызу, дәптерге жаздырту. Бір оқушыға оқыту, интерактивті тақтаға орындату.
Велосипед, автомобиль, трамвай, автобус.
- Бұл сөздердің бәрінде де В әрпі бар екен, ия.
Жұптық жұмыс.
- Ендеше үш қатарға үш сөз беріледі, әр жұп бірлесе отырып, сол сөзге дыбыстық талдау жасайды.
1 қатар ---------------- 2 қатар ---------- 3 қатар
Велосипед ---------- трамвай --------- автобус
Жұмыстарын жинап алу.
- Осы велосипедтен әлемдік жарыстарға қатысып жүрген қазақстандық азаматтың есімін білесіңдер ме?
- Винакуров
- Сендерден де сондай чемпион шығады деп сенемін.
- Кәне, балалар бәріміз ары қарай жылжиық
Мен тағы да жылжимын
Қалыспаңдар балалар
Жолда келе жатқанда
Жан - жағыңа қараңдар
Қарап едік алысқа
Өсіп тұрған алып бір
Түсті көзіміз ағашқа.
- Ой, балалар, қандай алып ағаш екенін көргілерің, білгілерің келе ме?
13) слайд. Эвкалипт ағашының суретін көрсету.
14) слайд. 91 - жаттығу. Оқулықпен жұмыс.
1) Мәтінді оқыту, түсіндіру.
- Үйде осы 91 - жаттығудың алғашқы екі сөйлемін көшіріп жазып, в әрпі бар сөздердің астын сызып келеміз.
- Балалар, өсіп тұрған ағаштарды шауып, қырқуға болады ма? Неге?
Себебі ағаштар 1. Жанымызға сая, көлеңке болады.
2. Жемісін жейміз.
3. таза ауа сыйлаушы
4. Боранда пана, ық болады.- сондықтан да ағаштарды есік алдына болсын, мектеп ауласына болсын көбірек отырғызуымыз керек. Өсімдіктерді қорғау біздің парызымыз.

4) Қорытынды
- Балалар, саяхатымыз сәтті болды деп ойлаймын. Көп нәрсені білдік, В әрпі бар сөздерді дұрыс жауды үйрендік. Енді мына « Пікірлесу ағашына» бүгінгі сабақта нені оқып, нені үйрендік соны жазайық.

15) слайд. Ағаштың суретін көрсету.
- Ал, балалар, бәріміз мұнда қарайық. (Электронды оқулықтан В дыбысына қатысты сабақты көрсете отырып, бүгінгі білімдерін қорыту)
- Өте жақсы балалар, ендеше бүгінгі сабағымыз да аяқталды. Сау болыңдар.
5) Бағалау.
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалап, мадақтау.
14 923
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар Сауат ашу (48 сағат)
Ц дыбысы мен әрпі
Ц дыбысы мен әрпі
Ц дыбысының дауыссыз дыбыс екендігін өз бетімен жұмыс жасау арқылы байқату. Оның артикуляциясымен таныстыру. Ц дыбысының орыс тілінен енген сөздерде ғана кездесетіндігіне көз жеткізу.
Қ дыбысы мен әріпі (слайд)
Қ дыбысы мен әріпі (слайд)
Қ дыбысы мен әрпін таныстыру арқылы берілген сөздерді тізбектей оқыту
Ц дыбысы
Ц дыбысы
Атырау қаласы, Ы.Алтынсарин атындағы №11 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шамұратова Алмагүл
«Ц» дыбысы
«Ц» дыбысы
Атырау облысы, Атырау қаласы, №34 лингвистикалық мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Шотаева Ақырыс Қойбағаровна
В дыбысы мен әрпі
В дыбысы мен әрпі
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Дусипова Бақыт Рысқұлқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×