Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Атадан қалған асыл сөз

23 сәуір 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Атадан қалған асыл сөз
Мақсаты:
а) білімділік: Атадан қалған асыл сөздерді өскелең жас ұрпаққа мирас ету, дәстүр сабақтастығын ұғындыру. Оқушыларды сөздің төркінін түсініп, орынды сөйлеуге, өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету;
ә) тәрбиелік: Аталы сөздерден үлгі, өнеге алуға, ұлттық құндылықтарды бойларына сіңіріп өсуге тәрбиелеу;
б) дамытушылық: Оқушылардың аталы сөздер арқылы рухани байлығын, ойлау қабілеті мен сөйлеу мәнерін, сөздік қорын дамыту, ұлттық дүниетаным негіздерін қалыптастыру;
Көрнекіліктер: Төле, Әйтеке, Қазыбек билердің суреттері, қанатты сөздер, оқушылардың ұлттық киімдері, сиқырлы таяқша, шарлар, бағалаушылар.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Әнұранды орындау
Сынып оқушыларын топқа бөлу.
Әділқазылар мүшелерімен таныстыру.
І топ: «Сұңқарлар»
Топ басшысы: Сұңқармыз ұша жетілер,
Төменде бәрін қалдырып.
Жамбы тұр көкте біз ілер,
Қанатты нұрға малдырып!
ІІ топ: «Тұлпарлар»
Топ басшысы:
Тұлпармыз шаба жетілер,
Жаралған жігер, намыстан.
Жеңістің туы желбірер,
Жүйрікпіз желмен жарысқан!
Топтардың ұрандары:
І. Сұңқарлар ұша жетіледі.
ІІ. Тұлпарлар шаба жетіледі.

Мұғалім: Атадан қалған асыл сөздерді үйренуге біз «Сөзстанға» саяхатқа шығамыз. «Сөзстан» дегеніміз - атадан қалған асыл сөздер, көп ғасырлық тарихы бар қазақ әдебиеті. Халқымыз «Өнер алды - қызыл тіл» деп аса жоғары бағалаған. Сондықтан біз сол «Сөзстанға» саяхат жасауды мақсат еттік. Бүгінгі ашық тәрбие сағатында асыл сөздер еліне бет алған жолда көп кедергілер кездеседі екен. Біз сол кедергілерден табандылықпен, тапқырлықпен өтуіміз керек.
- Қалай ойлайсыңдар, атадан қалған асыл сөздерге не жатады?

Оқушылар: Нақылдар, ырым - тыйым сөздер, мақал - мәтелдер, өтірік өлеңдер, көркем сөздер, аңыз әңгімелер, шешендік сөздер.
Мұғалім: Бұларды неге асыл сөздер дейміз?
Оқушылар: Өйткені аталарымыз асыл сөздер арқылы ақыл айтып, «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деген.

Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар балалар. Бұрынғы аталарымыз өмірден көрген - түйгендерін жинақтап, бай тәжірибесін бізге сөзбен өрнектеп, мұра қылып қалдырған. Ендеше, біз «Сөзстанға» жету үшін үлкен үш кедергі бекеттен өтеміз. Бекеттерге жеткенше мына тапсырмаларды орындауымыз керек.
І кедергі бекет: «Өнер жастан»
І.«Бәйге» Бұл кезеңде топтарымыз салт - дәстүр, әдет - ғұрып бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.
1. Мұсылманның қасиетті кітабы? (құран)
2. Қазақ шопандарының шахматы не? (тоғызқұмалақ)
3. Қылыштан өткір не бар? (тіл)
4. Ең киелі құс не? (аққу)
5. Қазақ ырымында балаға ми жегізбейді. Ол нені білдіреді? (Себебі мидай былжыр, бос белбеу, ынжық болып өседі дейді)
6. Киіз үйдің құрылысында кереге мен шаңырақ ортасын қосатын бөлігі не?(уық)

ІІ. «Мақал - сөздің мәйегі» Бұл кезеңде сұрақтарға мақал - мәтелдер арқылы жауап бересіңдер.
1. Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр? (Көз қорқақ, қол батыр)
2. Түкірік көл бола ма? (Көп түкірсе, көл болады)
3. Қандай жағдайда айнаға өкпелемеу керек? (Аузың қисық болса, айнаға өкпелеме)
4. Семіздікті көтеретін жануар? (Семіздікті қой ғана көтереді)
5. Отқа түсіп күймеуге бола ма? (Отан үшін отқа түс күймейсің)
6. Жыланды інінен қалай шығарамыз? (Жылы - жылы сөйлесең, жылан інінен шығады)

ІІІ. «Кім көп біледі?» ( топ мүшелері өтірік өлеңдерден жарысқа түседі)
ІҮ. «Ескірмейтін есті сөз» (топ мүшелері өздері білетін ырым - тыйым сөздерден жарысады)
Би:

ІІ кедергі бекет: «Білгенге маржан»
Ү. Сауалдарға жауап беру.
1. Жеті атаны ата.
2. Жеті қазына не?
3. Үш арсызды ата.
4. Жолаушының мұраты не? (жету)
5. Саудагердің мұраты не? (сату)
Ал біздің мұратымыз не? (оқып, білім алу)
Ән: «Сәлем берем үлкенге»
Сөзі: Өтепберген Ақыпбековтікі
Әні: Дабыл Омаровтікі

ІІІ кедергі: «Ойлан, тап!»
ҮІ. Жұмбақтар шешу. (топ мүшелері бір - біріне жасырады)
ҮІІ. Қазақта тұңғыш...
1. Ең тұңғыш шешен (Жиренше)
2. Ең тұңғыш ғалым, саяхатшы (Шоқан Уәлиханов)
3. Ең тұңғыш қазақ әліппесін жазған (Ахмет Байтұрсынов)
4. Ең тұңғыш биші (Шара Жиенқұлова)
5. Ең тұңғыш елбасшымыз (Н. Ә. Назарбаев)
6. Ең тұңғыш дүниежүзі чемпион атаған алған палуан (Қажымұқан Мұңайтбасов)

ІҮ. Қорытынды.
Мұғалім: Атадан қалған асыл сөздер - біздің өмір серігіміз, ақыл - кеңесшіміз. Ол сөздер ұрпақтан - ұрпаққа жетіп отырған. Ал енді атадан қалған асыл сөздерді ұғыну үшін не істеуіміз керек? Ол үшін Абай атамыздың өсиетті сөздерін есімізде сақтайық.
І топ: Бес нәрседен қашық бол,
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ,
Бес дұшпаның білсеңіз.
ІІ топ: Бес нәрсеге асық бол,
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой.
Бес асыл іс көнсеңіз.
«Сиқырлы таяқша» әдісі. Бүгінгі тәрбие сағатында қандай ой түйдің?
Нені үйрендің?
Ән: «Не деу керек?»
Сөзі:
Әні:
Жеңімпаз топты марапаттау.
51 768
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Атадан қалған асыл сөз
Атадан қалған асыл сөз
Ата - бабамыздан асыл мұра болып қалған тілімізді, салт - дәстүрімізді, асыл сөздерді өскелең жас ұрпаққа мирас ету, дәстүр сабақтастығын ұғындыру.
Атадан қалған асыл сөз
Атадан қалған асыл сөз
Қазақ даласында өмір сүрген, от ауызды орақ тілді шешендер сөздерінің мәнін оқушыларға түсіндіру және асыл сөздермен таныстыра отырып, сөз қадірін түсінуге, үлкеннің ақылын тыңдау парыз екенін ұғындыру.
Атадан қалған асыл сөз
Атадан қалған асыл сөз
Оқушыларға ата - бабамыздан қалған асыл мұралардың бірі – шешендік сөздердің құдіретін таныту, Қазақ даласында өмір сүрген дуалы, от ауызды, орақ тілді шешендердің ұрпақтан ұрпаққа, атадан балаға мұра ретінде жеткен асыл сөздерінің мағынасын ашу.
Бөлімді қайталау. Тест.
Бөлімді қайталау. Тест.
халық ауыз әдебиеті үлгілерінің түрлерін біледі. атадан қалған сөздердің баға жетпес қазына екенін түсінеді
Бабадан қалған бар байлық
Бабадан қалған бар байлық
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қалалық №2 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Улмагамбетова А. М.
Ата салтым-асыл мұрам
Ата салтым-асыл мұрам
Қазақ халқының ырымдары, тыйымдары ежелден келе жатқан ұлттық мәдениеттің бір бөлігі екендігі белгілі. Ғасырлар сынынан екшеліп, ұрпақтан ұрпаққа ұласып келе жатқан ырымдар мен тыйымдардың озық үлгілері жеке тұлғаның жан-жақты дамуына септігін
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×