Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сурет бойынша әңгіме құрастыру

29 сәуір 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сурет бойынша әңгіме құрастыруды үйрету. Байланыстырып, жүйелі, мазмұнды әңгімелеуге қалыптастыру. Сөйлеу тілін жетілдіру, сөздігін байыту, сөйлемдерді дұрыс құрып, өз ойын айқын, дәл жеткізуге үйрету. Сауатты, көркем жазуға төселдіру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық.
Қолымызды созайық.
Қағып - қағып алайық
Бойымызды жинайық
Көркем етіп жазайық!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Бес жолды өлең оқу.
- өткен тақырыпты еске түсіру.
- сұрақтар мен тапсырмалар.

ІІІ. Жаңа сабақ.
а) - Балалар жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілінде қандай өзгерістерді байқадыңдар?
Көркем жазу минуты (әріптің жазылуын түсіндіру)
К
к
Көрікті көктем келді.
1 - жаттығу.
Сурет бойынша әңгіме жазу.
Тірек сөздер: жеңіл киім, бүршік, ұя, ағаш, құстар, қар, су.
2 - жаттығу. Жасырын сөздерді тауып, өлеңді оқу.
(Көктем келді) күлімдеп,
(Жердің беті) құлпырып.
(Күннің көзі) шуақты,
(Жылғалардан) су ақты.

Сергіту сәті.
Мынау менің жүрегім
Осыдан бәрі басталады
Мынау менің басым
Осы бәрін басқарады
Менің оң қолым
Мынау менің сол қолым
1, 2, 3 біз жинаймыз күш.
3 - жаттығу. Әр қатар өздеріне берілген сурет бойынша жұмбақ құрастырады.
1 - қатар. Күн
2 - қатар. Гүл
3 - қатар. Мұз

4 - жаттығу. Тақтамен жұмыс.
Ұлттық ойындар: асық, арқан тарту, алтыбақан, қыз қуу, күрес.
Ұлттық киімдер: камзол, кимешек, сәукеле, тақия, ішік.
Ұлттық тағамдар: наурыз көже, ет, жент, қазы - қарта, жал - жая, құрт, ірімшік, қымыз, шұбат.
Бекіту.
- Көктемде қандай өзгерістер болады?
- Көктемнің алғашқы мерекелерін ата.
Үйге: Көктем тақырыбы бойынша бес жолды өлең құрастыру
112 851
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бастауыш
Бастауыш
Оқушыларға бастауыш туралы ұғым қалыптастыру, сөйлем ішінен таба білуге үйрету. Байланыстырып сөйлеу тілін және сөздік қорын дамыту.
Көктем. Сурет бойынша әңгіме құрастыру
Көктем. Сурет бойынша әңгіме құрастыру
Сурет бойынша әңгіме құрастыру дағдыларын дамытуға мүмкіндік туғызу, көктемнің әртүрлі кезеңдері туралы ұғымдары мен әсерлерін өз бетінше сипаттауға, осы белгілерді өз бетінше таба білуге үйрету.
Көктем
Көктем
8 - сынып оқушысы Абдраманхан Марат
Көктем келді Мұзафар Әлімбаев
Көктем келді Мұзафар Әлімбаев
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Ақмая ауылы, №49 орта мектеп мұғалімі Дәрібаева Нұржамал
Апама. Анаға сыйлаймыз, заттың атын білдіретін сөздер
Апама. Анаға сыйлаймыз, заттың атын білдіретін сөздер
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Ойыл қазақ орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Майланова Тойдушат Елемесқызы
Көрікті көктем
Көрікті көктем
№39 «Қызылөзек» орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі аракөз Асарбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×