Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бастауыш

08 қаңтар 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі 3 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Бастауыш
Сабақтың мақсаты:
1) Оқушыларға бастауыш туралы ұғым қалыптастыру, сөйлем ішінен таба білуге үйрету.
2) Байланыстырып сөйлеу тілін және сөздік қорын дамыту.
3) Шыншылдыққа, көркем жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: ереже жазылған плакат, тірек схема, төрт түлік малдың суреті

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушыларды түгелдеу
2. Сабаққа әзірлігі «Ыстық алақан жаттығуы».
Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.
Үй тапсырмасын пысықтау
- Cөйлем мүшелері дегеніміз не?
- Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?
- Айдана жазды. Олар шықты. Сиыр ішті деген сөйлемдерге сөздер қосу арқылы сөйлем мүшелерінің санын көбейтіп жаз.

Жаңа сабақ.
Сызбаны пайдалана отырып жаңа сабақты түсіндіру.
Қимыл, іс - әрекет иесін білдіретін сөзді бастауыш дейді. Бастауыштар кім?
кімдер? не? нелер? кімі? несі? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Жәния дайындалды. Боран соқты. Ауылдан әкесі келді.
Ендеше, балалар дәптерімізді ашып, күн ретін жазайық.
- Тақтамен жұмыс
22 - жаттығу
Сөйлемдерді көшіріп жаз.
Жел соқты. Бұлт қоюланды. Жаңбыр себеледі. Оқушы оқыды. Малшы бақты.
- Қарамен жазылған сөздердің астын сыз, оларға сұрақ қой.
23 - жаттығу
Сөйлемдерді оқып, көшіріп жаз.
Мұғалім түсіндірді. Лақ маңырады. Мұз қатты. Күн шықты. Сәкен оқыды.
Қимыл иесі болатын сөздердің астын сыз, оларға сұрақ қой.

Шығармашылық тапсырма. Адасқан бастауыштарды өз орнына қойып жаз. «Не қалай дыбыстайды»
1. Арыстан боздайды. Түйе мөңірейді. Жылқы ақырады. Қой кісінейді. Сиыр маңырайды.
25 - жаттығу
Өлеңді көшіріп жазып, бастауышты тауып, астын сызу.
Төсегіне күн жатты,
Жердің бетін түн жапты.
Маужырады шың - құздар,
Көзін ашты жұлдыздар.
Жылқы жусап далада,
Қой ұйықтады қорада.

Сергіту сәті.
Кім? не? сұрағына жауап беретін сөздер арқылы қатар бойынша жарыс жүргізу.
26 - жаттығу
«Адасқан сөздер» ойынын ойнай отырып, жаттығу жазу.
Арыстан ---------- боздайды
Түйе --------------- мөңірейді
Жылқы ----------- ақырады
Қой ---------------- кісінейді
Сиыр -------------- маңырайды
28 – жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрау. Жазған сөйлемдеріңнен бастауышты тап.

Үйге тапсырма
Сурет бойынша әңгіме құрау. Ереже жаттау
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды мадақтау, бағалау

Тасқала ауданы,
Ыбырай Алтынсарин атындағы ЖОББ мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Темиргалиева Асемгуль Надировна
6 819
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тұрлаусыз мүшелер
Тұрлаусыз мүшелер
Тұрлаусыз мүшелер туралы алған білімдерін толықтыру, сөйлем мүшелері туралы пысықтау, таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру.
Бастауыш
Бастауыш
Оқушыларға сөйлемнің негізгі мүшесінің бірі бастауыш туралы түсінік беру, сөйлем ішінен таба білуге үйрету. Байланыстырып сөйлеу тілін және сөздік қорын молайтып, ой белсенділігін дамыту.
Сөйлем мүшелері
Сөйлем мүшелері
Сөйлем мүшелеріне түсінік беру бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің тұрлаулы мүшелері екенін ұғындыру. Бастауыш пен баяндауыштан басқа сөйлем мүшелері тұрлаусыз мүшелер екенін ұғындыру.
Тұрлаулы мүшелер
Тұрлаулы мүшелер
Тұрлаулы мүшелерді мүшелер туралы ұғым қалыптастыру, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру Таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру, оқушылардың ой - өрісін, сөйлеу тілін дамыту
Баяндауыш
Баяндауыш
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Мұқыр селосы, Мұқыр орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Маханбетова Қарылғаш Сағынғалиқызы
Бастауыш
Бастауыш
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Майдакөл ауылы, № 98 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бакибаева Жансая
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×