Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Туған ел" Сәкен Сейфуллин

30 сәуір 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Туған ел. Сәкен Сейфуллин
Сабақтың мақсаты:
1. Туған ел өлеңінің мазмұнымен таныстыру, түсіндіру. Сәкен Сейфуллин өмірімен шығармашылығымен таныстыру.
2. Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру, сөйлеу дағдысын жетілдіру. Өз ойын еркін айтуға дағдыландыру, білімге құштарлығын арттыру.
3. Оқушылардың туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, туған елдің табиғатын қорғауға және құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Білім ордасының суреті, кілт, слайд.
Сабақтың түрі: Аукцион сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, ой тастау

Сабақтың жүрісі:
Ӏ. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылардың оқу құралдарын шығарып, үй тапсырмасын тексеру.
- Балалар, біздер білімді болу үшін бізге не керек?
- Біз білімді қайдан аламыз?
- Ендеше балалар, бүгінгі біздің сабағымызда Білім ордасын аукционға саламыз. Осы білім ордасынан сіздер алдағы уақытта керекті білімді алатын боламыз. Аукцион дегеніміз бұл ең көп ақшаға сату деген сөз.
- Ал, бүгін біз, ақшаның орнына білімімізді сала отырып, ең көп ұпай жинауға тырысамыз. Көріп тұрғанымыздай аукцион бірнеше сатыдан тұрады. Әр сатыдан өзімізге тиісті ұпай санын алып отыруымыз керек. Ең көп ұпай жинақтаған топ, бүгінгі білім ордасының иесі болып табылады.

1 - саты. «Ой жинақтау» сатысы Бұл жерде біздер үй тапсырмасын тексереміз.
Үй тапсырмасы:
1. Өлеңді жатқа айту
2. Сұрақтарға жауап алу.
а) Өлеңнің авторы кім?
ә) Тіл туралы қандай мақал білесің?
б) Дихан Әбілов кім?
в) Дихан Әбіловтің өлеңі не туралы айтылған?
д) Екі өлеңнің ұқсастығы мен айырмашылығы неде?
г) ₺Оты сөнген от ал мен, жүрегімді суырып алыңдар₺ деген тіркесті қалай түсінесіңдер?

ӀӀ Жаңа сабақты түсіндіру
2 - саты. Топтастыру.
- Балалар, «туған» сөзіне сөз тіркестерін құрайықшы.
- Осы сөздердің ішінен қай сөздерді бір сөзбен атауға болады? - Өлке, ауыл, ел, жер.
– Дұрыс айтасыңдар, балалар,.
- Туған жер, туған ел тіркесін қалай түсінесіңдер? (Оқушылардың ой - пікірін тыңдау.) Мұғалімнің түсіндіруі
- Дұрыс айтасыңдар, туған жер дегеніміз туып - өскен жерің. Қазір барлығымыздың тұрған жеріміз қалай аталады?
– Ендеше бұл біздің туған жеріміз. Біздің ауылымыз өзіндік ерекшелігі бар, ауданымыздағы көлемі, халқы жағынан үлкен ауыл болып саналады. Бұл жерге көшіп келуші халықтар саны әлі толастар емес. Каспий теңізінің жағасында орналасқан. Табиғатымыз облысымызға тән. Ауылымызда өзіміз білетін мектебіміз, кітапханамыз, мәдени ошағымыз, бала - бақшамыз, дәрігерлік көмек көрсету орталығымыз да бар. Сонымен бірге біздің ауылымызда тарихи ескерткіштерде бар. Айта кететін болсақ «Қошқар ата» әулиесі, Мәдениет үйінің жанындағы бақта ұлы отан соғысының ардагерлеріне қойылған ескерткіш. Әрбір адам өзінің туған жерін, ондағы тарихи ескерткіштерін қорғауға міндетті. Бұл біздің Конституциямызда айқын көрсетілген.

– Енді балалар, көптеген ақын - жазушыларымыз өздерінің туған жеріне арнап өлеңдер, шығармалар жазған. Соның бірі Сәкен Сейфуллиннің «Туған ел» деген өлеңімен танысамыз. 3 - 3 - 3 - саты. Мағына тану. - Біздер қазір мағына тану сатысына көтерілеміз. 1. Сәкен Сейфуллиннің өмірімен таныстыру. Слайд арқылы түсіндіру. 2. Өлеңді мәнерлеп оқу арқылы түсіндіремін. Оқушыларға оқытамын.

4 - саты. ₺Ой қозғау сатысы₺ Орталықтармен жұмыс.
а) Әдебиет орталығы. 1. ₺Зеректер₺ тобы: Берілген суретке өлең құрастыру. ₺Алғырлар₺ тобы: Берілген суретке шығарма жазу.
2. Мақал - мәтел жарысы. Екі топ кезектесе отырып, туған жер туралы мақал айтып жарысады.

ә) Тарихи орталығы.
Сұрақтар; 1. Ауылымыздың қандай тарихи ескерткіштері мен тарихи орындары бар?
2 Тарихи орындарды қорғау туралы қай бапта айтылған? Түсіндір

б) Дүниетану орталығы. Болашақта үлкен азамат болғанда туған жеріміздің табиғатын қалайша қорғар едің? (Оқушылардың пікірін тыңдау)

в) Театр орталығы. Көрініс «Кімнің мекені жақсы?»- Сонымен балалар, кімнің мекені жақсы болды? - Әрбір адамның туған жерінен артық жер жоқ екен. Мейлі ол салқын болсын, мейлі ол шөл болсын. Сондықтанда балалар әрқайсысымыз туған жерімізді қадірлеп, оның табиғатын қорғай білейік. Жеңімпаз топты анықтау.

ӀӀӀ. Сабақты қорыту
- Бүгін балалар, біз қандай тақырыппен таныстық? - Туған ел
- Туған ел өлеңін кім жазған? - Сәкен Сейфуллин дегеніміз кім?
- Туған ел өлеңінен не ұқтық?
Үйге тапсырма: 1. Өлеңді жатқа айту.
2. «Туған ел - алтын ұям» тақырыбына шығарма жазу
11 532
0
  • 100
5 дауыс


Жаңалықтар
С. Сейфуллин Қызыл шұнақ
С. Сейфуллин Қызыл шұнақ
Сәкен Сейфуллин туралы түсініктерін кеңейту. «Қызыл шұнақ» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу. Мәнерлеп оқуға үйрету.
Сәкен Сейфуллин. Ақсақ киік
Сәкен Сейфуллин. Ақсақ киік
Сәкен Сейфуллин (Сәдуақас) (1894 - 1938) Қазақтың көрнекті жазушысы, ақын, қоғам қайраткері.
Сәкен Сейфуллин “Сыр сандық” өлеңі
Сәкен Сейфуллин “Сыр сандық” өлеңі
Сәкен Сейфуллин жырының ішкі сезімін сезіп, сым кернесін шертетін сырын дәлелдеп, талдауға, өз ойын еркін жеткізуі тиіс.
«Ақсақ киік» Сәкен Сейфуллин
«Ақсақ киік» Сәкен Сейфуллин
Бастауыш сынып мұғалімі Жолшибекова Индира Тұрғанбекқызы
Сәкен Сейфуллин «Қызыл шұнақ» (слайд)
Сәкен Сейфуллин «Қызыл шұнақ» (слайд)
Батыс Қазақстан облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы Құлсары гуманитарлық - техникалық колледжі Бастауыш білім беру бөлімінің ІІІ (11) студенті: Батыр Нұрайым
Сәкен Сейфуллин "Туған ел"
Сәкен Сейфуллин "Туған ел"
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ю.А.Гагарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Искакова Кенжегүл Сәрсенбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×