Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сынып озаты

23 мам 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы:«Сынып озаты»
Мақсаты:
Оқушыларды білімдік, жан - жақты болуға үйрету. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: шарлар, плакаттар.

Сабақтың барысы:
Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар! Бүгінгі біздің 4 класс оқушылары арасында «Сынып озаты» атты интеллектуалды ойынымызға қош келдіңіздер. Оқушыларымызға тек қана сәт - сапар тілейік. Ойынымызды бастауға рұқсат етеңіздер.

Сайыс 4 - турдан тұрады.
1 - тур «Бәйге»
2 - тур «Тіл - өнер»
3 - тур «Жұмбақ сандық»
4 - тур «Жорға»

1 - тур «Бәйге».
Бұл турда берілген сұраққа бірінші жауап беруге тырысыңыздар. Жауабыңыз дұрыс болмаса, келесі бала жауап береді.! р дұрыс жауап үшін 10 ұпай алуға болады.
1. Қазақ тарихында тұңғыш рет ғарышқа кім ұшты? (Т. Әубәкіров)
2. Қай жылы 1 - класс оқыдыңдар? (2007 жылы)
3. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қай күн? (16 - желтоқсан)
4. Абайдың әжесі кім? (Зере)
5. Көру мүшесі. (көз)
6. Жыл басы (тышқан)
7. «Кел, балалар, оқылық» өлеңінің авторы. (Ы. Алтынсарин)
8. Адам денесінің тірегі. (қаңқа)
9. Есту мүшесі. (құлақ)
10. Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз? (ұзындығы мен енін көбейту)
11. Қыс айларын ата. (Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан)
12. 1 м - де неше см бар? (100 см)
13. Жылдың неше мезгілі бар? (төрт)
14. Сөйлемнің неше түрі бар? (үш)
15. Біздің сыныпта неше оқушы бар? (21)

2 - тур «Тіл - өнер»
Бұл турда қазақша сөзді орысша тілде дұрыс сөйлеумен қатар, тез аудару керек.
1. Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі? (Көктем - Весна)
2. Өзі қандай аппақ, жесең оны тәтті - ақ. (Қант - сахар)
3. Жүз теңгең болғанша, жүз... болсын. (дос - друг)
4. Қыс бойына жатады, Тәтті ұйқыға батады. (аю - медведь)
5. Қалқиып екі құлағы, Елеңдеп қорқып тұрады. (қоян - заяц)
6. Футболшының алаңдағы ойын заты. (доп - мяч)
7. Әр адамның шағын отаны. (Отбасы - семья)
8. Қабат - қабат қаттама, Ақылың болса аттама. (кітап - книга)
9. Өзі айлакер, өзі бір қу – жүрген жері айқай да шу. (түлкі - лиса)
10. Білімнен мол сый - осы, Балғындардың ұясы. (мектеп - школа)

3 - тур «Жұмбақ сандық»
20.
1. Жеті күн (апта)
2. Батыр туса ел ырысы.... (жаңбыр жауса жер ырысы)
3. Жылдан құр қалған жануар (түйе)

30.
1. Қысқарған сөздің толық атауын ата БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы)
2. Көкжиек тұстарын анықтайтын арнаулы құрал қалай аталады. (компас, түсбағдар)
3. Сәулелі жұлдыз іздеген адам кім? (Ы. Алтынсарин)

40.
1. Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз? (ұзындығы мен енін қосамыз)
2. «Сен қырдың жас түлегісің. Қыран қырды аңсамай тұра ала ма?» деген сөздер кімге арналып айтылған. (Шоқанға)
3. Желтоқсанда құрбан болған қыздарымыз кім? (Ләззат, Сабира)

4 - тур «Жорға»
Бқл турда 15 - сұрақтың қаншасына жауап берулеріңе қарай ұпай жинауларыңа болады. 1 сұрақ – 1 ұпай болып саналады.

1 - балаға сұрақ.
1. Аналар мерекесі қай айда болады? (8 - наурыз)
2. Өсімдіктің негізгі және жер астындағы мүшесі (тамыр)
3. ҚР - ның Мемлекеттік тілі (қазақ тілі)
4. Басты байлық (денсаулық)
5. 12 ай (жыл)
6. «Ғылым таппай мақтанба» кімнің өлеңі? (Абай)
7. Орман дәрігері. (тоқылдақ)
8. Ұя салмайтын құс. (көкек)
9. х+2=10 бұл не? (Теңдеу)
10. Зат есімге мысал келтір. (Бала)
11. 9 мамыр қандай күн. (жеңіс күні)
12. Заттың атын білдіретін сөз табы. (Зат есім)
13. Жаңа туған балаға ат қойып, оны алғаш бесікке бөлеу тойы. (бесік тойы)
14. Күйді орындаушы адам. (күйші)
15. Ақан серінің тұлпарының аты. (құлагер)

2 - балаға сұрақ.
1. Жылбасы не? (тышқан)
2. 8+2=10 бұл не? (өрнек)
3. 25 қазақ қандай күн? (Республика күні)
4. Баланы тәй - тәй бастырып күрмеу жібін шешетін кезең (тұсау кесер)
5. Біржанмен айтысатын ақын қыз. (Сара)
6. Иіс сезу мүшесі. (мұрын)
7. Мәтіннің неше түрі бар. (3)
8. Жаз айларын ата. (Маусым, Шілде, Тамыз)
9. а+5=20 бұл не? (теңдеу)
10. 1 қыркүйек қандай күн. (Білім күні)
11. Қабанбайдың шын есімін ата. (Ерасыл)
12. Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақтың батыр қыздары кімдер? (Әлия,
Мәншүк)
13. Қазір қай жыл (барыс)
14. Қазақтың ұлттық ойындарын ата. (көкпар, қыз қуу т. б.)
15. Дәм сезу мүшесі. (тіл)

Міне, құрметті көрермендер, біздің сынып озатын көріп отырсыздар. Екінші оқушымызды қошеметтеп шығарып салайық. Енді ортаға жеңімпазымызды шақырып арнайы мақтау қағазымызды табыс етіп, оларға ән шырқап, би билейік.
Сау болыңыздар!
5 615
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғажайып алаң интеллектуалдық ойыны
Ғажайып алаң интеллектуалдық ойыны
Білімді, жан - жақты болуға үйрету. Білуге үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
«Зерде» интеллектуалды ойыны
«Зерде» интеллектуалды ойыны
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан - жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, логикалық ойлауларын қалыптастыру, дарынды, озық болуға тәрбиелеу, ұжымда достық қарым - қатынасты,
Жүзден жүйрік
Жүзден жүйрік
Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуға дамыту.
Кел, балалар, оқылық!
Кел, балалар, оқылық!
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, "Қ. И. Сәтбаев атындағы №7 мектеп - лицейі" КММ бастауыш сынып мұғалімі Козыбаева Гульнур Жумабековна
XXI – ғасыр көшбасшысы (интеллектуалдық сайыс)
XXI – ғасыр көшбасшысы (интеллектуалдық сайыс)
Мақсаты: Оқушыларды білімді, жан - жақты болуға баулу. Білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Көшбасшылық қабілеттерін ояту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Бәсекеге қабілетті ұландар
Бәсекеге қабілетті ұландар
«Бәсекеге қабілетті ұландар» /Білім сайысы./
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×