Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ылғал сүйгіш және су өсімдіктері. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер

07 маусым 2013, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Дүниетану 3 сынып.
Тақырыбы: «Ылғал сүйгіш және су өсімдіктері. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер»
Жалпы мақсаттар: Оқушыларға өсімдіктердің сыртқы орта жағдайларына бейімділігіне байланысты жалпы түсінік беру. Білімін, тілін, есте сақтау қабілетттерін дамыту. Ұқыптылыққа, қамқорлыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі:
1. Өсімдіктердің түрлерін білу;
2. Өсімдіктер не үшін қажет екенін білу;
3. Суретпен дұрыс жұмыс жасай білуге үйрену.
4. Алған білімдерін өздіктерінен қорыта алу.

Негізгі идеялар: Көп өсімдіктер топырақтың ылғалды болуын қажет етеді. Шалғындық беде, бақбақ, қоңырбас ылғалы жеткілікті топырақта өседі. Топырақтың құрамында ылғал болғандықтан тамырлары онша ұзын емес, шашақты. Жапырақтары жалпақ, ылғалды буландыруға жақсы бейімделген: жапырақтарында қақпақты саңылаулары болады. Суды буландырған кезде саңылаулар ашылады. Артық су буланған соң жабылады. Осылай өсімдік булануды реттейді. Мұндай өсімдіктерді ылғал сүйгіш өсімдіктер деп атайды.

Тапсырмалар: 1. Тірек сөздер (ылғалды, саңылаулары, бейімделген).
2. Жаңа мағынаны таныту. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқу. Тізбектей оқу. Оқығанды талқылау.
3. «Ойлан - жұптас - талқыла»
4. «Ой - толғаныс» Семантикалық карта.

Кейінгі тапсырмалар: Өзгерістерді бағалау;
Басқа әріптестермен ақылдасу;
Тәжірибе негізінде өзгерістерді сипаттау.

Жүргізетін жұмысым
Мұғалімнің іс - әрекеті:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Тренинг «Бақыт шеңбері»
Сыныппен сәлемдесу.
Сыныптың оқушыларын 3 топ бойынша отырғызу. Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу.

Оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.
Бағалау критерийлерімен таныстыру.

1. Үй тапсырмасын орындап келуі;
2. Жаңа тақырыпты меңгеруі;
3. Топпен жұмыс жасауы;

14 - 15 - өте жақсы
10 - 13 – жақсы
6 - 9 - қанағаттанарлық
5 - төмен қанағаттанарлықсыз және әр тапсырма сайын оқушыларға «жүрек жылуларын» тарату арқылы бағалап отыру.
«5» – 5 - 6 жылу
«4» – 3 - 4 жылу
«3» – 1 - 2 жылу

1. Қызығушылықты ояту. «Ой қозғау»
- суреттер көрсету.
- Тақтаға тірек сөздерді жазу
(ылғал, су өсімдіктер, бейімделген)

Үй тапсырмасын тексеру.
«Аққала жасау» ойыны.
1. Ғалымдардың есептеуі бойынша, біздің елімізде неше мыңнан астам өсімдік түрі өседі екен?
2. Өзіңіз білетін ағаштар мен бұталардың бір - бірінен ең негізгі айырмасы неде?
3. Ал шөптесін өсімдіктердің ағаштар мен бұталардан ерекшелігі қандай?
4. Өсімдіктерді ерекшеліктеріне қарай неше топқа біріктіреді?
5 Өсімдіктердің адам мен жануарларға қандай қажеттілігі бар? Мысал келтір, дәлелде.
6. Адам өз әрекетімен өсімдік әлеміне қалай әсер етеді?
7. Өсімдікті қорғау үшін қандай шара қолданылады?
Жеке оқушыларға «жүрек жылуын» ұсыну.
«Ой шақыру» Әр түрлі тамырлардың суретін салу.

Сұрақ: - Қалай ойлайсыздар, мына өсімдіктер қандай ортада өседі?
- Олардың тамырына қарай отырып анықтауға бола ма?

Жеке оқушыларға «жүрек жылуын» ұсыну.
- Сұрақтарға жауап беріп болған соң, деңгейлеріне қарай топқа бір - бірден ынталандыру үшін шарлар тарату.

2. Жаңа мағынаны таныту. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқу. Тізбектей оқу. Оқығанды талқылау.

3.«Ойлан - жұптас - талқыла»
1 - топ: Өсімдік
2 - топ: Ылғал сүйгіш өсімдіктер
3 - топ: Су өсімдіктері
4 - топ: Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер
Постер қорғалады.
- оқушылар қорғар алдында ескерту: Басқа топтың жұмыстарын мұқият тыңдаңыздар.
Постерлерін қорғап болған соң, деңгейлеріне қарай топқа бір - бірден ынталандыру үшін смайлик тарату.
Жеке оқушыларға «жүрек жылуын» ұсыну.
4.«Ой - толғаныс» Семантикалық карта.
Жеке оқушыларға «жүрек жылуын» ұсыну.
Бағалау.
Мұғалім: Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Мұғалім: Олай болса, бүгінгі сабақта кім өте жақсы жауап бергенін бағалайық. Ол үшін әркім өз бағыттау парағына назар аударып, кестені толтырамыз.
Жүрек жылуларын санап қорытынды шығару:
«5» – 5 - 6 жылу
«4» – 3 - 4 жылу
«3» – 1 - 2 жылу
Ризасыздар ма? Онда «Ризамын» әнін орындайық.

Рефлексия.
- Сабақ ұнады ма?
- Қандай тапсырма орындаған ұнады?
- қандай тапсырма орындағанда қиындық келтірді?
Оқушылар сабақты дұрыс түсінбесе қызыл түсті қорапшаның ішіне қызыл дөңгелектерді, егерде орташа түсінсе сары қорапшаның ішіне сары дөңгелектерді, ал егерде жақсы түсінсе жасыл қорапшаның ішіне жасыл дөңгелектерді салады.

Үйге тапсырма: Мәтінді оқу. Сұрақтарға жауап беру.
Мұғалім: Бүгінгі сабаққа белсене қатысқандарыңызға рахмет! Сау болыңыздар!
25 643
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ылғал сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер
Ылғал сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер
Ылғал сүйгіш. Суыққа төзімді. Құрғақшылыққа төзімді. Жылу сүйгіш.
Ылғал сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер
Ылғал сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер
Қазақстанда өсімдіктердің қанша түрі кездеседі? Өсімдіктер неше топқа бөлінеді? Ағаштар бүршікті қай мезгілде жарады немесе гүлдейді?
Жылу сүйгіш және суыққа төзімді өсімдіктер
Жылу сүйгіш және суыққа төзімді өсімдіктер
Өсімдіктердің түрлері жайлы тақырыпты түсіндіру, өсімдіктер тіршілігі туралы мәліметтер беру; Оқушылардың сөздік қорын молайтып, дүниетанымын кеңейту, ойлау қабілетін дамыту;
Ылғал сүйгіш және су өсімдіктері. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер
Ылғал сүйгіш және су өсімдіктері. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер
Сабақтың мақсаты: 1. білімділік: Ылғал сүйгіш су және құрғақшылыққа төзімді өсімдіктердің өніп – өсу ортасы жайлы түсінік беру.
Ылғыл сүйгіш өсімдіктер және су өсімдіктері. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер
Ылғыл сүйгіш өсімдіктер және су өсімдіктері. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы № 5 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Байдаулетова Эльмира
Жарық сүйгіш, жылу сүйгіш, суыққа төзімді өсімдіктер
Жарық сүйгіш, жылу сүйгіш, суыққа төзімді өсімдіктер
Ыстық жерде, жылуы мол жерде өсетін өсімдіктер бар. Олардың тұқымы тек сәуір айында егіледі. Ерте ексе салқынға шыдамай үсіп кетеді. Ол өсімдіктер негізінен еліміздің оңтүстігінде өсіріледі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×