Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қайталауға арналған есептер

09 маусым 2013, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Пысықтау
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушылардың өткен сабақтан алған білімін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару
2. Оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілетін дамыту. Тиянақты жауап беруді талап ету
3. Оқушыларды тапқырлыққа, жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге білімпаздылыққа, сауаттылыққа, жылдам әрі дұрыс есептеуге, тапқырлыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: қайталау сабағы, ойын
Сабақтың әдісі: көрнекіліктік түсіндірмелі, сұрақ - жауап, т. б.
Көрнекілігі: қима суреттері, себеттің, саңырауқұлақтардың суреті,

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық Біздер тату баламыз, Өсіп алға барамыз Есептерді шығарып, Білімді шәкірт боламыз
- Балалар, жақсы азамат болып, жақсы қызмет істеу үшін бізге не керек?
- Білім керек. - Ал, білімді болып, биіктен көріну дегенді қалай түсінесіңдер? - Биіктен көріну үшін ең алдымен не керек екенін білу үшін бізге келген қонақтардан сұрап көрейік: (хормен оқыту)
Аю, аю, аюсың
Ара көрсе қорқатын
Жолды көрсет біздерге
Көтерілер биікке
Аюға аралардан құтылуға көмектессек бізге жол көрсетеді екен

2. Үй тапсырмасын тексеру:
0+5*5+0
10 - 5*10 - 3
7 - 5*5+0
10 - 0*10 - 1
9 - 8*9 - 9
8 - 8*5 - 1

(аралар ұшып кетеді)
1. Үйге қандай тапсырма берілді?
2. Өрнектерді қалай салыстырамыз?
- Өрнектерді салыстыру үшін ең әуелі өрнектердің мәнін табамыз

Тиін, тиін, тиінсің,
Қысқа жылы киіндің
Жолды көрсет біздерге
Көтерілер биікке
Тиінге саңырауқұлақты жинауға көмек - тессек бізге жол көрсетеді екен

1. Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер?
2. Кез келген санға 0 - ды қосса, алса не болады?
3. Қосу амалының компоненттерін ата
4. азайту амалының компоненттерін ата
5. 1 - ден 10 - ға дейін тура және кері сана
6. Көркем жазу: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 - ға дейін
- Тиін Биіктен көріну үшін не керек екенін түлкіден сұрау керек дейді. Олай боса түлкіге барайық:

Қоян, қоян, ақ қоян
Сергек қоян, сақ қоян
Жолды көрсет біздерге,
Көтерілер биікке
Қоянға көмектессек бізге жол көрсетеді екен

8 - 5=3 --------- 6+4=10 ---------- 3+2=5
6+3=9 ------------ 8 - 4=4 ----------- 9 - 2=7
10 - 8=2 ----------- 3+7=10 ------------ 6+1=7

Қоян биіктен көріну үшін не керегін түлкі біледі дейді. Кәне түлкіден сұрап көрейік:
Сергіту сәті

Түлкі, түлкі, түлкісің
Жөнін білер әр істің
Жолды көрсет біздерге,
Көтерілер биікке
Түлкінің жауабын есту үшін Есеп 2 шығару керек екен

Есепті оқып, талдау жасау, шығару:
А) Болғаны - 6
Келді - 3
Барлығы -?
6+3=9
Жауабы: 9
Түлкі биікке көтерілер жолды Ақылбай атай біледі, ал оған баратын жолды аралар біледі дейді

Ара, ара, аралар,
Гүлден сорып нәр алар.
Біз атайға барамыз
Жолды қалай табамыз
Аралардың жауабын есту үшін № 3 есепті шығару керек екен (2қатарға бөлініп шығарады)
----- =
7*8+2
5+3*3+5
4см*5см

Ақылбай атаға бару үшін өте алыс. Пілден көмек сұраңдар дейді. Ендеше пілден көмек сұрайық
Алып күштің иесі
Сен ең күшті пілсің
Біз атайға барамыз
Жолды қалай табамыз

Пілдің жауабын есту үшін оның тапсырмасын орындау керек екен
Он асықтың үшеуін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады.(7)
Мен шығам!- деп ерледі,
Қол көтеріп Қосанбай.
Тақта алдында терледі
Төртке бесті қоса алмай(9)
Мен бір сан ойладым, ойлаған санға **қосқанда ***шықты. Мен қандай сан ойладым?

- Міне Ақылбай атаның да ауылы көрінді. Оған жету үшін қанша жол жүрдік соны есептеп алайық.
Тиінге дейін 2см
Қоянға дейін2см
Түлкіге дейін 1см
Ара дейін 3см
Пілге дейін 1см
Ауылға дейін 1см

10 см кесінді сызамыз.

Қорытынды:
- «Биікке көтерілер жол, балалар, ол білім ғана. Білімнің қадірін түсініп, оқыған адам ғана биікке жете алады». – дейді Ақылбай атай.
- Балалар, талмай еңбек етіп, жалықпай білім іздесек білім бізді биікке жеткізіп, ойлаған арманымызға жетуге болады екен. Ендеше бәріміз де биіктен көрінуге талпынайық.
- Бүгінгі сабақта қандай тақырыптар қайталанды? Қандай тапсырма ұнады?

Үйге тапсырма: № 3 есеп
Бағалау: Сабаққа жақсы қатысқан балаларды бағалау
6 376
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Математика еліне саяхат
Математика еліне саяхат
Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару. Оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін дамыту. Тиянақты жауап беруді талап ету.
Озық ойлы тапқырлар сайысы
Озық ойлы тапқырлар сайысы
Оқушылардың өткен сабақтан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару. Оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін дамыту. Тиянақты жауап беруді талап ету.
Өткенді қайталау математика 1 сынып
Өткенді қайталау математика 1 сынып
Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару. Оқушылардың алған білімдерін тиянақтау. Ойын арқылы оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін, танымдық қызығушылығын арттырып, ой өрісін кеңейту.
Математика – еліне саяхат
Математика – еліне саяхат
Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару. Оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін дамыту. Тиянақты жауап беруді талап ету.
Өткенді пысықтау
Өткенді пысықтау
Амангелді атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қайрғали Айжан Зинетоллақызы
Төрттен бір бөлік (ширек)
Төрттен бір бөлік (ширек)
Сабақ мақсаты: 1. Оқушылардың өткен сабақтан алған білімдерін пысықтап, төрттен бір бөлік(ширек) ұғымын меңгерту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×