Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Н.Ә.Назарбаев - сенімнің шырқау биігі

22 қыркүйек 2013, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Н. Ә. Назарбаев - сенімнің шырқау биігі

Мақсаты: Еліміздің тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев туралы кең түсінік беру. Президенттің балалық шағына тоқталып, әр жылдардағы өмір жолдарын баяндау
Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтауын дамыту, өз ойларын дұрыс жеткізуге, мәнерлеп оқуға ынталандыру.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды Отан сүйгіштігіне, адамгершілігіне, Отанына, халқына адал қызмет етуге, президент өмірін үлгі етуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Н. Ә. Назарбаев - сенімінің шырқау биігі» тақырыбына жасалған слайдтар, суреттер, жазулар, Әнұран, «Балалық шағымның аспаны», «Көк тудың желбірегені», «Қарт сөзі» бейне - баяны, теледидар, мультимедиялық проектор.
Барысы:
І Кіріспе бөлім. Сынып жетекшісі Қасиет Байдашқызының әңгімелеуі
ІІ. Әдеби - сазды бағдарлама
ІІІ. Қасиет Байдашқызының қорытынды сөзі
Қарақат: Қымбатты ұстаздар! Ата - аналар! Бәрімізге белгілі биылғы жылдан бастап 1 желтоқсан тұңғыш президентіміздің мерекесі болып шешім қабылданды.
Олай болса, Қазақстан халқы бұл мерекені тойлап жатыр. Біздер де бүгінгі күні осы мерекеге орай «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - сенімнің шырқау биігі» тақырыбында ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Назерке: Біздер тәуелсіз қазақ елінің жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.
Отан - жерім, Отан - суым,
Отан қуат, нәр береді...
Отан - ұран, Отан - туым,
Отан мәңгі гүлденеді

Қарақат: Қазақстан
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған.
Бұл далаға жылап келім, уанғам,
Бұл даланы алғаш көріп қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

Әйгерім: Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.

Зүльфия: Бейнелеп сан ғасырды
Елтаңбасы елімнің,
Таратады хас үлгі
Киесіндей жерімнің.
Бабам тұлпар жаратты,
Құлынында танып - ақ.
Тұлпар барда қанатты,
Шайқалмайды шаңырақ.
Тәуелсіздік көркі ол да,
Өркениет өрінде.
Нұр төгеді елтаңба
Ақ орданың төрінде

Алтынай мен Аружанның орындауында қазақ биі
Гүлдана:
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың болуы
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды.
«Көк тудың желбірегені» бейне - баяны

Досжан: Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Бұның бәрі елбасының арқасы.
Шықты тарап ой - данадан,
Бері қарап жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар Президенті

Аяулым: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
1940 ж. шілденің 6. Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.
1967 ж. Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітірді. Экономика ғылымдарының докторы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей федерациясы әлеуметтік ғалымдар академиясының академигі. Әл - Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.
«Балалық шағымның аспаны» бейне - баяны.
Асанәлі: 1960 - 69 жж.- Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.

Ақнұр: 1969 - 73 жж.- Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия - комсомол жұмыстарында жауапты қызметкер атқарды.
Досжан: 1973 - 77 жж.- Қарметкомбинаттың партком хатшысы.
Аружан: 1977 - 79 жж.- Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, 2 - ші хатшысы.
Перизат: 1979 - 84 жж.- Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы
Дильназ: 1984 - 89 жж.- Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы.
Нұрай: 1989 - 91 жж.- Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы.
Асылжан: 1990 ж. ақпан - сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болды.
Бекзат: 1990 ж. сәуірінен - Қазақ КСР президенті
Ұлжан: 1991 ж. желтоқсанның 1 - інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98, 7 %) жеңіске жетті.
Алтынай: 1995 ж. сәуірдің 29 - ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.
Әліби: 1999 - ж. қаңтардың 10 - ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесінде Н. Назарбаев 79, 78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды
Елдар: 2005 ж. желтоқсанның 4 - інде сайлаушылардың 91, 5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.
Қарақат: Кезінде Жұмекен Нәжімеденов жазған ән сөзіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен кейбір түзетулер енгізілді. Елбасының ұсынысы бойынша біріншіден, Әнұранның мәтінінде ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күрескен бабалар ерлігі көрініс тапты. Екіншіден, мәтінде асыл мұрамыз - еліміздің кең байтақтығы, үшіншіден, жер мен ел байлығы біздің ұрпақтарымыздың болашағына айқын жол ашатыны көрініс тапқан. Ең бастысы - тәуелсіздігіміздің алтын діңгегі - ел бірлігі баса айтылған.

Әлихан: Әнұраным - жан ұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім
Туған жерім сағынарым
Бақыт - бірлік күн талабы.
Тоқтамайды дабыр әні
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам Әнұраны!
Жансая: Барша халық таныған
Біздің үміт, тілекті.
Шырқалғанда әнұран
Шаттың кернер жүректі
Жеңіс туын көтерген
Жарыстарда сан қилы,
Жетіп бізге шетелден
Көкке әнұран шалқиды.
Шәмші атаның сазды үні
Жігер беріп қайратты,
Бәрімізді мәз қылып,
Жаңғыртады аймақты.
Әнұран бейне - баяны көрсетіледі, оқушылар қосыла айтады
Асанәлі: Оянады көңілден қайдағы арман,
Бақыт желі ескендей жайлап алған.
Президентім бар менің елі түгел,
Ақ киізге көтеріп сайлап алған.
«Атамекен» әні орындалады
6 418
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Ол 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қарасай ауданының, Шамалған ауылында дүниеге келген. Ақылды, зерек бала болып өсті.
Менің тұңғыш президентім
Менің тұңғыш президентім
Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру.
Елбасы - ел көсемі
Елбасы - ел көсемі
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өмірі мен патриоттық сезімдерді ұялату. Болашақта отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді, білікті адамдар керек екенін аңғарту.
Ел сүйген, елін сүйген Президент
Ел сүйген, елін сүйген Президент
Алматы облысы, Қаратал ауданы, №97 балабақша Наренбаева Махаббат Жұмабекқызы
Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы
Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №244 Ы. Жақаев атындағы орта мектептің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Хайтенова Қалдыгүл
Менің Президентім
Менің Президентім
Шалқар қаласы №6 орта мектебі Төреханова Г. – МАД «А» тобының мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×