Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Туған тілім - тірлігімнің айғағы

06 қазан 2013, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Туған тілім - тірлігімнің айғағы».
Тәрбие сағатының мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір - қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
2. Сөздік қорларын молайтып, шешендік өнерге баулу.
3. Ана тілін қастерлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайд, нақыл сөздер, мақал мәтелдер

Тәрбие сағатының барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың назарын аудару.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.

ІІ. Кіріспе сөз:
- Құрметті оқушылар, ұстаздар! «Туған тілім - тірлігімнің айғағы» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Мемлекетіміз ҚР деп аталады. ҚР - дың жер көлемі үлкен. Өз әнұраны, елтаңбасы, туы, Атазаңы бар тәуелсіз елімізді Елбасы Н. Ә. Назарбаев басқарады. Мемлекетімізде бірнеше ұлт өкілдері тұрады. ҚР тәуелсіз республика болып 1991 жылдың 16 желтоқсанында жарияланды. 1989 жылы 22 қыркүйекте Республиканың Жоғарғы кеңесі қабылдаған ҚР - ң Тіл туралы Заңына сәйкес қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. Яғни қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. 22 қыркүйек
Қазақстан Халықтарының Тілдер күні деп жарияланды.

ІІІ. Көрініс: «Ең қымбат қазына»
Қатысушылар: қария, баласы, дана қарт.
Ертеде бір тілге жүйрік шешен қария көз жұмарында ұлына:
«Балам, әкем кедей болды деп қамықпа. Менің саған тастаған көп қазынам бар, соны тауып алып қадіріне жет» депті. Бала кейіннен оны әрі іздейді, бері іздейді, таба алмайды. Арып - ашып жүріп, ауылдағы абыз ақсақалдарға мұңын шағыпты. Әлгі дана қарт тыңдап болып:
«Әке баласына өтірік айтпас болар, ақтық демінде ақиқатын айтқан екен. Әкең өте шешен адам еді, жарықтық. Оның саған қалдырған мол мұрасы - қасиетті тіл. Бәріміз сөздің дәмін келтіріп, қалай сөйлеуді сенің әкеңнен үйренген едік. Дүниеде тілден қымбат, мәңгілік мұра болмақ - па, сірә!» - деп аталы сөздің жұмбағын шешіп беріпті.
Сендер осы тіл ең қымбат қазына деген сөзбен келісесіңдер ме, мүмкін біздің одан да қымбат қазынамыз бар шығар?
Жоқ, мен олай ойламаймын. Дүниедегі ең қымбат қазына, әрине тіл. Тіл - ең алдымен қатынас құралы. Егер тіл болмаса, сен маған осы сұрақты қоя алар ма едің, ал мен саған өз ойымды айта алар ма едім?
Оның өте дұрыс. Шынында да тіл қатынас құралы болумен қатар ойдың да көрінісі. «Тілі байдың – ойы бай» деп текке айтылмаса керек.

Оқушылар тақпақтары:
1 - оқушы: Жанымнан қымбат
Ана тілім маған.
Ана сөзін тыңдап
Үлгі өнеге аламын.
2 - оқушы: Ана тілім анам
Аппақ қардай арым
Мұра еткен бабам
Жарқыраған жаным.
3 - оқушы: Ана тілім елдігім
Ана тілім ерлігім
Тілді биік құрметтеп
Тойлап жатыр ел бүгін.
4 - оқушы: Ана тілім тірегім
Ана тілім жүрегім
Қасиетті елімді
Тек өзің деп білемін.
5 - оқушы: Қазағым - ау, бір - бір үлкен жүрексің,
Қадамыңа бір құдайым гүл ексін.
Тәуелсіз ел - ана тілін ардақтап,
Тәуелсіз ел - ана тілін ту етсін.
6 - оқушы: Тілім барда мақтанам
Тілім менің аппақ ән.
Бірлігімді бүгінгі
Ана тілін сақтаған.

Мұғалім: Жастайыңнан қиялыңды - қиялға өрлеткен ғажайып ертегілер, шыншыл да сыршыл аңыз - әңгімелер, ерлікті, елдікті дәріптеген батырлар жырлары, береке бірлікті мақсат еткен өткір де өміршең шешендік сөздер, халық даналығы – мақал - мәтелдер ана тілінде дүниеге келіп, әрбір адамға сол ана тілінде жетіп отырады.
7 - оқушы: Тіл тазалығы дегеніміз - ана тілдің сөзінен басқа тілдің сөзімен шұбарламау.
8 - оқушы: Ақыл ойын дананың
Ана тілден аламын
Ана тілі ардақты
Ақ сүтіндей ананың.
9 - оқушы: Ана тілі, дана тілі, бақ тілім,
Сенсің менің қасіретті шаттығым.
Сенсің менің тазалықты пәктігім,
Сенсіз бақыт дүние тапты кім?
10 - оқушы: Ана тілің арын бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте.

ІV. «Кім шапшаң?».
Мақалдың алғашқы жолы айтылады, әрі қарай оқушылар жалғастырады.
11 - оқушы: Шебердің қолы ортақ, Шешеннің сөзі ортақ.
Тіл тас жарады, Тас жармаса бас жарады.
Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.
Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтер.
Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады.
Тіл қадірін білмеген - жетесіз.
12 - оқушы: Ақыл көркі - тіл, тілдің көркі - сөз.
Сөз өнері - киелі өнер.
13 - оқушы: Өнер алды - қызыл тіл.
Әдептің басы - тіл.
14 - оқушы: Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышы елімнің.
15 - оқушы: Қазақ тілім өз тілім, ана тілім
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым дара тілім.
16 - оқушы: Ана тілім - ар тілім
Жанардағы жарқылым
Жүрегіңде сақталған
Ән - жыры боп халқымның.

V. «Ойлан, тап!»
Берілген сөздерден мақал құрастыру.
( ата, бала, жақсы, еңбек, Отан, батыр, ел, ана).

VІ. Жұмбақ жасыру.

VІІ. Қорытынды:
Мұғалім: Адамды жұбататын да, ақыл беретін де, күш - қуат беретін де, ой - сана беретін де осы сөз. Ана тілін ұмытқан адам өз өткенін де, болашағынан да қол үзеді. Міне, осындай даналық сөздер бізге тіл арқылы жетті емес пе?!
Олай болса, біздің тілге деген құрметіміз шексіз.

Оқушылар хормен: Туған тілім - тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы.
Осы тілмен мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
31 068
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
22 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері күніне. Тілім менің – тірлігімнің тірегі
22 қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдері күніне. Тілім менің – тірлігімнің тірегі
Оқушыларды ана тілін құрметтеуге, ұлттық тіл ретінде бағалауға, оны туған Отанында аға тіл дәрежесіне көтеретіндей қызмет жасауға үйрету; Жас ұрпақты ана тілінің қадір қасиетін түсіне білуге шақыру арқылы халқына деген сүйіспеншілігін, тіліне деген
Сөз мәйегі – мақал –мәтел
Сөз мәйегі – мақал –мәтел
Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету.
Ана тілім ажарым – асыл мұрам
Ана тілім ажарым – асыл мұрам
Қалың елім қазағыңа қорған бол! Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол, Шет тілі мен компьютерді меңгеріп, Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!
Туған тілім - тірлігімнің  айғағы
Туған тілім - тірлігімнің айғағы
Қызылорда қаласы, №39 «Қызылөзек» орта мектебі шет тілі пәні мұғалімі Жусупбекова Салтанат Зейнуллаевна
Ана тілім – қанатым
Ана тілім – қанатым
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қазтұрғанова Мейрамгүл
Тіл тағдыры – ел тағдыры
Тіл тағдыры – ел тағдыры
Оқушыларға ана тілінің және мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру. Өлең, тақпақ, мақал-мәтелдер айту арқылы тіл туралы сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×