Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


С. Мәуленов. Дала жұлдызы

17 қазан 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: С. Мәуленов. Дала жұлдызы
Мақсаты: 1. Оқушылардың Ы. Алтынсарин туралы алған білімдерін жаңа мағлұматтармен толықтырып, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру.
2. Оқушының ойлау, қиялдау, елестету, іздену іс - әрекеттерін қалыптастыру. Сөздік қорын молайтып, өз ойларын, пікірлерін еркін айтуға. көз қарастарын дәлелдей білуге машықтандыру.
3. Балаларға Ыбырай ата өмірін үлгі ету, білімді, ақылды, ізденімпаз етіп тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, баяндау, әңгімелеу, топпен жұмыс
Қолданылатын стратегиялар: көрнекілік, талқылау, бес жолды өлең, алма - кезек оқыту, топтастыру, болжау.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, мақал - мәтелдер, портрет, сызбалар, суреттер, С. Мәуленов портреті

І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Психологиялық дайындық

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Қырдан келген жас қазақ
1. Мазмұнын ашуға арналған сұрақтармен жұмыс
2. Бөлімдерге бөліп, сол бойынша әр топ әңгімелейді
а) Шоқан келген оқу орны немесе Кадет корпусы
ә) Шоқанның ұстаздары
б) Потанин мен Шоқан арасындағы достық
в) Шоқан – данышпан

ІІІ. Үй жұмысын қорытындылау.
I топ. Мәтінге сүйеніп Шоқанға мінездеме беріңдер.
2 топ. Биік төбеге шықсаң көзің ашылады,
Жақсыменен сөйлессең көңілің ашылады - деген мақал Шоқан өміріне қатысты ма? (дәлелдеңдер)

IV. Жаңа сабаққа дайындық
- Осындай ойы, пікірі жоғары білімді адамдар қазақта көптеп саналады. Бүгінгі сабағымыз солардың бірі туралы болмақ.

V«Ой қозғау»
- Мына суреттерге назар аударып қараңдар. Бұл суреттер жайлы не айтар едіңдер?
● Молдадан хат тану
● Ыбырай Алтынсарин мектебі
● Қазіргі кездегі мектеп
● 2030 жыл

- Ал 2030 жылдары мектептер қандай болады деп ойлайсыңдар?(Болжау)
- Қазақ даласына ең алғаш мектеп салып, балаларды оқуға, білімге шақырған кім еді?
(Ы. Алтынсарин)

VI. Поэзия минуты. Ы. Алтынсарин өлеңдерін еске түсіру.(жатқа өлеңдерін оқу)
VII. Сөз жұмбақ.
- Қане, балалар мына берілген сөз жұмбақты шешсек бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбын білеміз.

-----------------Д а р а б о з
------------а б А й
---------------і Л и я с
-------қ а й р А т
----б а у ы р Ж а н
-----------------Ұ л ж а н
-----------к ү Л п а ш
т а у і ш і н Д е
--------қ а з Ы б е к б и
--------ә у е З
-----------а ғ Ы б а й

1. Абылайдың Қабанбайға қойған аты.
2. Қазақтың ұлы заңғар ақыны.
3. «Малта» өлеңінің авторы.
4. Еркек тоқты құрбандық,
Атам десең атыңдар! - өмірден қасқиып өткен желтоқсан құрбаны.
5. «Халқымыз бізді қонаққа жіберген жоқ. Майданға халық бақытын қорғауға жіберді.» - деп қай қазақ батыры айтқан еді.
6. Абайдың шешесі.
7. Б. Майлиннің шығармасы.
8. Аяқталмай қалған ән.
9. «Дүниенің төрт бұрышын тірей туған ұл» - кімге қатысты айтылған сөз?
10. М. Әуезовтің атасы.
11. Жорықтарда үнемі жолы болып, жеңіске жетіп жүрген ақжолтай батыр.

Олай болса біз бүгін С. Мәуленов ағаларыңның «Дала жұлдызы» әңгімесімен танысамыз.
3. Автормен таныстыру
С. Мәуленов 1922 жылы Торғай облысының Жанкелдин ауданында туған. Ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері. «Ақкөл», «Ізгілік», «Өмірімдей өзімнің» т. с. с. шығармалардың авторы.

VIII. Жаңа сабақ
1. Алма - кезек оқыту стратегиясы
2. Тауып оқу.
3. Сөздік жұмыс. Қос -
Ағартушы -
4. Бөліктерге бөлу, ат қою, неге олай атағанын дәлелдеу
5. Қосымша деректер. Ы. Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда Торғай даласында туған. Әкесі Алтынсары ерте қайтыс болып, атасы Балқожаның тәрбиесінде болған. 1864 жылы 8 қаңтарда мектеп ашып, мұғалім болды.
5. «Ойлан» кестесімен жұмыс. Әңгімелерін еске түсіру.
«Аурудан аяған күштірек», «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Әке мен бала», «Таза бұлақ», «Асыл шөп»
6. Сергіту сәті

IX. Дамытушылық тапсырма.
Ы. Алтынсарин кім?

Тұңғыш ағартушы
Тамаша ұстаз
Аудармашы
Жазушы
Дала жұлдызы
Мұғалімдер дайындады
Тұңғыш хрестоматияның авторы

X. Қорытынды
1. Сұрақ - жауап.
«Жалғыз еменнен мыңдаған бұтақ тарады. Жарық жұлдыздың төңірегіне мыңдаған жұлдыз жиналып, шоғырланып жарық нұрын шашты.» - дегенді қалай түсінесіңдер? (талқылау, пікірлесу)
2. Шәкірттері жайлы не білеміз
С. Көбеев, А. Байтұрсынов «Еңбекпен ел көгерер», «Екі балықшы», «Керіскеннің кесірі келесіңді кетірер», «Ата насихаты», «Тірліктің күші бірлікте».
3. Шығармашылық тапсырма.
1. Азбайды, тозбайды
Ақыл, білім
2. Білім бітеді басқа
Бітеді қына тасқа

3. Аты өлмейді жақсының
Ғалымның өлмейді хаты
4. Адам бала болатын
Қарайды алысқа

4. Болашаққа болжам. Топтастыру
Мұғалім болсам...

батыл
тапқыр
қарапайым
табанды
іскер
әдепті
мейірімді
төзімді
талғампаз
шыншыл
әділ
биязы

5. Бес жолды өлең. Ұстаз
XI. Үйге тапсырма
Еңбек, оқу, білім туралы мақалдар. Ы. Алтынсарин жайлы дерек жинау. Мәтінді оқу, әңгімелеу
6 373
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тест жұмысы. Әдебиеттік оқу 3 сынып
Тест жұмысы. Әдебиеттік оқу 3 сынып
1.«Дала жұлдызы» мәтінінің авторы кім? а) Ы. Алтынсарин б) С. Мәуленов в) А. Байтұрсынов
Сырбай Мәуленов «Дала жұлдызы»
Сырбай Мәуленов «Дала жұлдызы»
Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығымен, өмірбаянымен таныстыру; оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу, Тсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру
Күншіл үйрек ертегісі
Күншіл үйрек ертегісі
Ертегінің мазмұнын, негізгі ойды меңгерту, түсініп оқу, түсінігін әңгімелеу дағдысына үйрету. Шығармашылық қиялын, жүйелі ойлау қабілетін, сөздік қорын молайтып, тіл байлығын жетілдіру.
Мен елімді сүйемін
Мен елімді сүйемін
Алматы облысы, Балқаш ауданы, «Н. Бозжанов атындағы орта мектебі шағын орталығымен» ММ бастауыш сынып мұғалімі Султанова Гүлбану Абдирешовна
Дала жұлдызы
Дала жұлдызы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі" ММ-нің бастауыш сынып мұғалімі Дуйсалиева Айконил
Туған жер туралы жыр (қалмақ ертегісі)
Туған жер туралы жыр (қалмақ ертегісі)
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бекманова Бибіхан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×