Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мен елімді сүйемін

14 сәуір 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ана тілі 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мен елімді сүйемін
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға мәтіннің мазмұныны меңгерту, ондағы негізгі ойды ашқызу. С. Мәуленов туралы мәлімет беру.
2. Дауыс интонациясын сақтап, мәнерлеп оқуға жаттықтыру, ойларын тиянақтай білуге жаттықтыру.
3. Туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, мейірімділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: мазмұнды суреттер, сызба, тапсырмалар (слайдтар)
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап, іздену.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық:
Күн жарығын алақанға салайын,
Жүрегіме басып ұстап алайын.
Ізгі, әрі жарық, мейірімді,
Болып кетті сонда дереу жан - жағым.
- Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй жұмысын тексеру:
1. Бердібек Соқпақбаев кім?
2. Қандай кітабын, әңгімелерін білесіңдер?
3. «Сен ұйықтап жатқанда» әңгімесінде қандай жұмыс мамандары жұмыс істейді?

ІІІ. Мақсат қою кезеңі:
1.- Сендер есейгенде бір - бір мамандық иесі болып өз Отанымызға қызмет етесіңдер.
2. – Ендеше Отан дегеніміз не? (топтастыру әдісі)
1 - слайд:

3.– Ендеше, Отан әркімнің отбасынан, үйінің табалдырығынан басталады.
2 - слайд. 1. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
2. Оқулықтағы С. Мәуленов топтамасын пайдаланып, оқушыларға әңгімелету.
3 - слайд: 3. С. Мәуленов суреті, ол туралы толық мәлімет беру.
4. Мәтінді мәнерлеп оқып беру.
5. Оқушыларға түртіп алу әдісі арқылы сөздік жұмысын жасау.
6, Мәтінді оқушыларға іштей оқыту арқылы жазушының көңіл - күйін түсіну.
7. Мәтінді дауыстап мәнерлеп оқыту
8. Сұрақтарға жауап алу:
- Жазушы туған ел неден құралады дейді?
- Оның мағынасы неге тереңде жатыр дейді?
- Туған жерсіз адамның күні жоқ деп неге айтты?
- Туған елдің тілі барша жанға түсінікті дегенді қалай түсінесің?
9. Мәтіндегі негізгі ой неде?
- туған тіл, туған ел, туған жер.
10. Жазушының мәтіні бойынша топтастырып жіберейікші.
Туған жер деген не? (топтастыру әдісі) оқушылар мәтін бойынша интерактивті тақтада топтастырады.
5 - слайд: (топтастыру әдісі) Туған елдің сипаттары
11. М. Мақатаев өлеңімен салыстыру.
12. Ой толғау 6 - слайд:( өз ауылымыздың суреті, көрінісі)
А) Оқушылардың туған жері Құйған ауылы туралы ой толғауларын тыңдау.
- Туған жеріміз несімен көрікті?
5 - сызба бойынша Бәрі де керемет сипат: мәтінді әңгімелету.
13. Туған ел, жер туралы мақал - мәтелдер білесіңдер ме? (мағынасын ашқызу)
14. Тақтада мақалдарды жалғастыру.
Ел іші -----------
Туған жердей жер болмас,
Туған жердің -----------------------------------
Өз елім ------------------------------------------
Туған үйдің түтіні ------------------------------
15. Туған ел, туған жер дегенде адамның бойын қандай сезімдер билейді?
( Шаттық, қуаныш, мақтаныш)
16. Ендеше осындай сезіммен 4 жолды өлең құрастырып жіберсек қайтеді. (тірек сөздер арқылы өлең құрастыру) оқыту
УІІ. Бекіту: - Біз туған жерімізді қайтеміз? (сүйеміз, қастерлейміз, сағынамыз, ұмытпаймыз)
УІІІ. Үйге тапсырма беру: мәтінді оқу, әңгімелеу, сурет салу.
ІХ. Оқушыларды бағалау.
13 307
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Келер шақ
Келер шақ
Оқушының сөйлеу тілін дамыту, өз ойын еркін, жатық жеткізе білуге одан әрі дағдыландыру, өз бетімен іздене білуге, ой қорытуға үйрету.
Санды бірнеше есе арттыру және кеміту
Санды бірнеше есе арттыру және кеміту
Санды бірнеше есе арттыру және кеміту туралы түсінік беру, білімін жүйелеу; есеп шығару, есептеу дағдысын қалыптастыру; салыстырып, талдай білуге баулу.
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу
Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу
Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі және ауданы
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі және ауданы
Тік төртбұрыш туралы алған білімдерін еске түсіру, тік төртбұрыш пен шаршының периметрін және ауданын әр түрлі тәсілмен табуды түсіндіру.
Міржақып Дулатов "Наурыз"
Міржақып Дулатов "Наурыз"
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Бейнеу селосы, Абай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нурмухаммедова Карлыга
Боран
Боран
Астана қаласы, №53 мектеп - лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Аманова Т. С
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×