Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Туған жер туралы жыр (қалмақ ертегісі)

17 ақпан 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Туған жер туралы жыр (қалмақ ертегісі)
Әдебиеттік оқу 2 сынып
Сабақтың мақсаты: Мәтін мазмұнын өз бетімен түсініп оқуға және оның идеясын ашуға жол салу.
Күтілетін нәтижелер:
Пәндік нәтиже: мәтінмен жұмыс істей білуге, мәтіндегі негізгі ойды таба білуге жағдай жасау. Түсініп, жүгірте оқи білу, ойын толық
жеткізе білуге машықтандыру, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.
Тұлғалық нәтиже: туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: әнші құстар, тордағы құстардың, туған ауланың, қаласының суреттері.
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық.
Үлкенге де – сіз,
Кішіге де – сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
Ұранымыз:
Таудай биік талабым,
Оқып, білім аламын.
Үй тапсырмасын сұрау.

Балалардың бақыты. Сырбай Мәуленов.
Мәуленов Сырбай 1922 жылы Қостанай облысы, Жанкелдин ауданы, Торғай поселкесінде дүниеге келген - ақын. Тұңғыш өлеңі Жамбыл облысы "Колхозшы" газетінде 1937 жылы жарияланды, "Өлеңдері" атты алғашқы жинағы 1948 жылы жарық көрді. Балаларға арнап "Барлаушы бала" (1961), "Құлыншақ" (1963), "Бала жолбарыс" (1963), "Қорқақ торпақ" (1966), т. б. өлеңдер мен әңгімелер жазды.

1. Өлеңді мәнерлеп оқу;
2. Әр шумақ қандай бақытқа арналған;
3. “Бақыт” сөзін топтастыру;
Әкесі
Ағасы Анасы
Бұлақ
Отан
Тәтесі
Мөлдір өзені
Байтақ даласы

Сергіту сәті: Туған жер.
Өлеңі: М. Ниязбеков
Туған жер қандай көркем мөлдіреген,
Желегі желмен ойнап желбіреген.
Аралап күндіз - түні жүрсем - дағы,
Тыншымай ет жүрегім елжіреген.
Қызығушылықты ояту.

Болжау әдісі.
1. Қалмақтар, сыйлапты, Қытай, императорына, құс, әнші.
2. Отырды, алтын, үнсіз, торда, құс.
3. Құстың, қақпағын, қоя, ашып, тордың, берді.
4. Мың, ән, туған, жерін, шырқапты, мадақтап, құс.
Осы сөздер мен сөз тіркестерін бір - бірімен байланыстыра отырып, мәтін құрастыру.

Жаңа сабақ. Туған жер туралы жыр
Сұрақ жауап
1. Қандай ертегі екенін анықтау.
2. Әнші құс сайрауын неліктен тоқтатты?
3. Императордың бағы мен құстың туған жерінің сипатын тауып оқу.
4. Ертегінің қай тұсында императордың өзі де құсқа ұқсап қалды.

Сөздік жұмыс.
Император – мемлекет билеушісі.
Жұмақ – рақат өмір.
Ғұлама, данагөй – оқымысты, білімді адам.
Нөкер – императордың көмекшісі.
Туған жер туралы мақал - мәтелдің жалғасын тап.
Бақа көлін сүйеді,
Бұлдырық шөлін сүйеді,
_____________________
Ұлтарақтай болса да,
__________________
Ат төбеліндей болса да,
____________________
Әркімнің өз жері - _______

Қорытынды:
Тесттік тапсырманы орындау.
1. Императордың ертегі соңында нені түсінді:
А) құстың тар жерде отырғысы келмейтінін;
Ә) құстың туған жерде ғана рақат өмір сүретінін;
Б) ғажайып баудың әнші құсқа ұнамағанын
Үйге тапсырма: Туған жер туралы жыр.
Бағалау:
11 862
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ө Тұрманжанов Жаралы торғай
Ө Тұрманжанов Жаралы торғай
Өлеңді мәнерлеп түсініп оқуға машықтандыру. Өлеңдегі өзекті, түйінді ойды ашуға жағдай жасау.
Әдебиеттік оқу пәні бойынша Ұзақ мерзімдік жоспар
Әдебиеттік оқу пәні бойынша Ұзақ мерзімдік жоспар
Әдебиеттік оқу Барлығы 136 сағат. Аптасына 4 сағат. 1 тоқсан 36 сағат Ұзақ мерзімдік жоспар
Көжек ертегісі
Көжек ертегісі
Көжек ертегісінің мазмұнын ашып, негізгі ойды анықтай білу.
Сырбай Мәуленов «Менің Республикам»
Сырбай Мәуленов «Менің Республикам»
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Құмжарған негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Балгарина Айзада Романовна
Сырбай Мәуленов "Балалардың бақыты"
Сырбай Мәуленов "Балалардың бақыты"
Сырбай Мәуленов "Балалардың бақыты"
"Бұқар жырау" Сөйлем
"Бұқар жырау" Сөйлем
Атырау қаласы, Дамбы селосы, Амангелді атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Дюсегалиева Бақтылы Айғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×