Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тіл білгірі

27 қараша 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тіл білгірі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, ой - өрісін, білім деңгейін кеңейту.
Дамытушылық: түрлі әдіс - тәсілдер арқылы оқушылардың тіл байлығын, ойлау қабілетін, қазақ тілінде еркін сөйлеу шеберлігін жетілдіру.
Тәрбиелік: оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру, Отанын, туған жерін, елін сүюге, халық дәстүрін сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабағы.
Сабақтың ұраны:
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы -
Мемлекеттік тілді білген жөн болар.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Құрметті әріптестер, оқушылар! Бүгінгі "Тіл білгірі" сайыс сабағымызды қазақ тілі мен әдебиеті апталығына арнаймыз. Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз - басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен бірге мемлекеттік тілге қызығушылығын арттыру.

Бүгінгі сайыс сабағымыз бірнеше кезеңдерден тұрады:
1. Таныстыру.
2. «Өлең - сөздің патшасы»
3. Тапқырлық
4. Әріптер сайысы
5. Ойлан тап
Әр жүргізілген кезең бойынша түсіндіріліп, топтарды әділқазылар бағалап отырады. Сайысқа сегіз адамнан құралған екі топ қатысады.
"Сайысымыздың бет ашарын бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық.
Таныстырсын сайыскерлер өздерін,
Өнеріне ду қол соғып қостайық",- деп, кезекті сайысқа қатысушы топтарға берейік.

I - кезең. Таныстыру.
1 - топ:"Жас қыран".
Қалықтап көкте жас қыран,
Халықпыз сөзге тоқтаған.
Тіліміз топты жаратын,
Тобымыз біздің - " Жас қыран".
2 - топ: '' Топжарған''.
Шығарар намыс топты алдан,
Дуалы ауыз тілге арман.
Сайысқа келдік арман,
Тобымыз біздің -" Топжарған".

II - кезең." Өлең - сөздің патшасы".
Әр топтан бір оқушы өлеңді мәнерлеп оқиды.

III - кезең. " Тапқырлық".
Берілген мақалдағы жасырын сөзді тауып, мақалды жалғастыру. Дұрыс жауапқа 5 ұпай.
1. тіл тас жарады, тас жармаса.........(бас жарады)
2. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты......(сөз бұзар)
3. Жақсы сөз -.......(жарым ырыс)
4. Шебердің қолы ортақ, шешеннің.......(тілі ортақ)
5. жақсы байқап сөйлер, жаман.......(шайқап сөйлер)
6. Бас кеспек болса да,.........(тіл кеспек жоқ)
7. Піл көтермегенді,..........(тіл көтереді)

1. Тілден артық......(қазына жоқ)
2. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі.......( ой өсіреді)
3. Жыланның уы тісінде, адамның уы......(тілінде)
4. Ең ащы да тіл, ең........(тәтті де тіл)
5. Жылы - жылы сөйлесең, жылан.......(інінен шығады)
6. Басқа пәле -........(тілден)
7. Тілге құрмет,........(елге құрмет)

IV - кезең. Әріптер сайысы. (А, Е, Т, О, С ).
Берілген сұрақтарға осы әріптен басталатын сөзбен жауап берулеріңіз керек.
1 - топ.
1. Қандай елде тұрасың?
2. Қазақ тілі пәні ұнай ма?
3. Досың кім?
4. Қазір жылдың қай мезгілі?
5. Қайдан келдің?
6. Бүгін қандай күн?
7. Сенің көзің қандай?
8. Жасың нешеде?
9. Қандай тағамды ұнатасың?
10. Бала оқытатын адам?
2 - топ (Ә, Б, М, Н, Д ).
1. Мақал білесің бе?
2. Атың кім?
3. Қандай қаланы білесің?
4. Сен тұратын қаланы ата.
5. Бір зат есімді ата.
6. Жазушыны ата.
7. Алма тәтті ме?
8. Кім болғың келеді?
9. Сенің анаң қандай адам?
10. Сыныпта неше оқушы бар?

V кезең. " Ойлан тап".
Бұл кезеңнің шарты екі топқа бірдей "Тәуелсіздік" сөзі берілген. Осы сөздің ішіндегі әріптерден жаңа сөз құрастыру.

Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық?!
Өсер болсаң, байтақ далам тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!- дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Әділқазылар өз шешімдерін шығарғанша 4 - сыныптың орындауында."Үнді" биі.
Сайыс соңында әділқазылар өз шешімін айтып, оқушыларды марапаттайды.
15 460
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
22 қыркүйек күнгі тіл мерекесіне арналған "Қазақшаңыз қалай?" ойын - сайыс
22 қыркүйек күнгі тіл мерекесіне арналған "Қазақшаңыз қалай?" ойын - сайыс
Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру.
Тіл - ұлт қазынасы
Тіл - ұлт қазынасы
Қазақ тілінде ауызекі тілде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын, ой өрісін дамыту.
Кім жүйрік!
Кім жүйрік!
Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, ой - өрісін, білім деңгейін кеңейту. Түрлі әдіс - тәсілдер арқылы оқушылардың тіл байлығын, ойлау қабілетін, тілге деген шеберліктерін жетілдіру.
Шығармашылар сайыс жоспары
Шығармашылар сайыс жоспары
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы №21 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Нурбаева Гулбану Сагынбаевна
"Тіл  білгірі" сайысы
"Тіл білгірі" сайысы
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, №7 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұмажанқызы Тұрсын
Қазақшаңыз қалай?
Қазақшаңыз қалай?
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйтерек ауылы, Әл - Фараби атындағы орта мектеп Шынтаева Рауан Жайлаубекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×