Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақшаңыз қалай?

07 сәуір 2014, Дүйсенбі
Сабақтың тақырыбы: Қазақшаңыз қалай?
Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, ой - өрісін, білім деңгейін көтеру.
2. Дамытушылық: Түрлі әдіс - тәсілдер арқылы оқушылардың тіл байлығын, ойлау қабілетін, қазақ тілінде еркін сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру. Отанын, туған жерін, елін сүюге, халық дәстүрлерін сыйлауға тәрбиелеу, шапшаңдық пен зеректікке баулу.
Сабақтың түрі: танымдық сайыс сабақ
Сабақтың формасы: топтық
Сабақтың әдістері: эвристикалық, репродуктивтік
Сабақтың тәсілдері: демонстрациялау, баяндау, көрсету, өздік жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта, кеспе қағаздар
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, дүниетану, математика, бейнелеу

1 - жүргізуші: Құрметті әріптестер, оқушылар! Бүгінгі «Қазақшаңыз қалай?» атты танымдық сайыс сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз - басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен қатар, өзара ынтымақтастықта жұмыс жасай алуға үйрету.

2 - жүргізуші: Қадір Мырза Әлі айтқандай, ұлы қазақ даласында 130-дан астам басқа ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны бәрімізге мәлім. Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіну қажет. Осындай мақсатпен біздің мектебіміздің 4 - сыныптар арасындағы «Қазақшаңыз қалай?» атты танымдық сайыс сабағымызды бастаймыз.

1 - жүргізуші: Бүгінгі сайыс мынадай кезеңдерден тұрады:
1. Таныстыру. (өз тобын таныстыру)
2. Сөздер сөйлейді... (шашыраңқы сөздерден сөйлем құрау)
3. Кім жылдам? (сөздікпен жұмыс)
4. «Өнерпаз болсаң...» (үй тапсырмасы: өлең, мақал,
жұмбақ, жаңылтпаш)
5. Сен білесің бе? (сұрақ – жауап)
6. Кім тапқыр? (сурет бойынша әңгіме құрау)
7. Кім жүйрік? (бір сөз құрамындағы әріптерден сөздер құрау)
8. Капитандар сайысы (бір әріптен басталатын сөздер айту)

2 - жүргізуші: Сайыскерлердің білімін таразылап, өздеріне баға беруші әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.

1 - жүргізуші:
Беташарын сайысымыздың бастайық,
Көрермендерді бір серпілтіп тастайық.
Таныстырсын сайыскерлер өздерін.
Өнеріне ду қол соғып қостайық.

2 - жүргізуші:
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық?!
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!

1 - жүргізуші: Енді, қай топ бірінші болып бастайтынын анықтау үшін қоржыннан асықты тандап, ойынның басынан аяғына дейін кім бірінші бастайтынын анықтайды.
(Қоржыннан асықты алады: қызыл асықты алғандар бірінші, көк асықты алғандар екінші, ақ асықты алғандар үшінші)

І кезең. Таныстыру
І топ. «Жас қыран»
Қалықтап көкте жас қыран,
Халықпыз сөзге тоқтаған.
Тілімен топты жаратын.
Тобымыз біздің - «Жас қыран»

ІІ топ. «Топжарған»
Шығарар намыс топты алдан,
Дуалы ауыз тілге арман.
Сайысқа келдік біліммен,
Тобымыз біздің - «Топжарған»

ІІІ топ. «Жас тұлпар»
Тұлпардың байқа шабысын,
Таңдаймыз жолдың алысын.
Білім менен өнерде
Қорғаймыз елдің намысын!

ІІ кезең. Сөздер сөйлейді... (шашыраңқы сөздерден сөйлем құрау)
1 - жүргізуші: Екінші кезең «Сөздер сөйлейді...» деп аталады.
2 - жүргізуші: Сайыскерлер бұл кезеңде берілген шашыраңқы сөздерден дұрыс сөйлем құрау керек.
1. дүкенде шешем сатады көкөністер менің
2. қасында бар үйдің дәріхана үлкен
3. сегізде келеді мектепке сағат Данияр

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 257
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
22 қыркүйек күнгі тіл мерекесіне арналған "Қазақшаңыз қалай?" ойын - сайыс
22 қыркүйек күнгі тіл мерекесіне арналған "Қазақшаңыз қалай?" ойын - сайыс
Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру.
Тіл сайысы
Тіл сайысы
Қазақ тілі пәнінен өтілген материалдарды меңгеруін, білім деңгейін тексеру. Оқушылардың білім - білік дағдыларын қалыптастыру
Қазақшаңыз қалай? Өзге ұлт мұғалімдеріне өткізген байқаудың сценариі
Қазақшаңыз қалай? Өзге ұлт мұғалімдеріне өткізген байқаудың сценариі
БҚО, Бөрлі ауданы Ақсай қаласының № 5 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ксауинова Д. С.
Қазақшаңыз қалай?
Қазақшаңыз қалай?
Қарағанды облысы, «Балқаш қаласы жалпы білім беретін №24 орта мектебі»КММ Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Оспанова Жанат Нуроллаевна
Тіл білгірі
Тіл білгірі
Қарағанды облысы, Шет ауданы, "Қызылқой жалпы орта білім беру мектебі" бастауыш сынып мұғалімі Кадирбаева Бекзада Жаксыгелдыкызы
Қазақшаңыз қалай?
Қазақшаңыз қалай?
Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебінің бастауыш сыныбының мұғалімі Макуова Нұршат Аманқосқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×