Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тіл - ұлт қазынасы

10 қазан 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Тіл - ұлт қазынасы
Мақсаты:
- Оқушылардың тіл жайында білімдерін тереңдету.
- Қазақ тілінде ауызекі тілде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын, ой өрісін дамыту.
- Мемлекеттік тілді қадірлей білуге, туған жерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Түрі: сайыс
Көрнекіліктері: интерактивті тақта, тіл туралы нақыл сөздер:

-«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде»
(Н. Ә. Назарбаев)
- «Тіл жоқ жерде ұлт жоқ»
(Ш. Айматов)
- «Тіл адамның даңқын асырады,
Адам ол арқылы бақыт табады»
(Ж. Баласағұн)

Барысы:
Ұйымдастыру. Іс - шараның мақсатымен таныстыру
- Қайырлы күн, құрметті қонақтар, оқытушылар, оқушылар! Күздің жайма шуақ күнінде сіздермен « Тіл мерекесінде» кездесіп отырмыз.
«Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл, дұрысы –
Мемлекеттік тілді білген жөн болар!» - деп айта отырып, бүгінгі біздің сайысымызды тілдер апталығына арнаймыз. Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз – басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен қатар теледидарда жүргізілетін қазақша хабарларға қызығушылықтарын арттыру.
- Сайыскерлер бұл сайыс болғандықтан жеңіс пен жеңіліс аралас келеді. Сондықтан, құрметті сайыскерлер, өз білімдеріңді дәл әрі көркем тілмен жеткізе білулеріңе тілектестік білдіремін. Сонымен осы сайысымызды әділ бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.
- Әділқазылар алқасы: -------------

Бүгінгі сайысымызға 6 адамнан құралған 3 топ қатысады. Сайысымыз мынадай кезеңдерден тұрады:
1 Таныстыру
2 Бәйге
3 Сөз мәйегі - мақал
4 Кім жылдам?
5 Әріптестер сайысы
6 Сен білесің бе?
7 Ойлан, тап
8 Өнерпаз болсаң......

Әр жүргізілген кезең бойынша шарттар түсіндіріліп, топтарды әділқазылар бағалап отырады.
« Сайысымыздың бет ашарын бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық.
Таныстырсын сайыскерлер өздерін,
Өнеріне ду қол соғып қостайық», - деп, кезекті сайысқа қатысушы топтарға берейік.

I кезең. Таныстыру.

I топ: 7 « А» сыныбы - « Жасұлан»
Қалықтап көкте жас қыран,
Халықпыз сөзге тоқтаған.
Тілімен топты жаратын,
Тобымыз біздің – « Жас ұлан»

II топ: 7 « «Б» сыныбы – « Топжарған»
Шығарар намыс топты алдан,
Дуалыауыз тілге арман.
Сайысқа келдік біліммен,
Тобымыз біздің - « Топжарған»

III топ: 7 « В» сыныбы – « Тұлпар»
Көгілдір көктің жүзінде
Шаңырақ – күн, уық – нұр
Елімнің елдігін танытқан
« Тұлпар» тобы біз боламыз.
- Жақсы, үш топ өздерін таныстырып өтті.
- Ойыншылар, сендермен танысқанымызға қуаныштымыз.
- Ал енді әділқазылар өздерінің бағаларын берсін.
- Жақсы, келесі II кезеңіміз
II кезең. «Бәйге»
Сонымен, бірінші сайыста әр түрлі топқа сұрақтар қойылады. Соның дұрыс жауабын басқыш басу арқылы жылдам, дұрыс жауап берулерің керек.
Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпайдан қойылады. Әр кезеңнен соң әділқазылар алқасы ұпай санымен таныстырып отырады. Сонымен бірге бір – бірлеріңе кедергі жасамауларыңызды сұраймын.
- Қане, бастайық
1 Қазақстан қандай мемлекет? (тәуелсіз)
2 Көктем мезгілінде неше мереке бар?
3 Қазақ тіліндегі әріптердің реті бойынша орналасу жиынтығын не дейміз? (әліпби)
4 Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
5 ҚР – ның мемлекеттік тілі?
6 Күздің бірінші айын атаңдар (қыркүйек)
7 Қазақстанның туының түсі қандай? (көк)
8 Наурызда пісірілетін басты тағам. (наурыз көже)
9 Тіл туралы Заңға қай жылы соңғы өзгеріс енгізіліп қабылданды? (1997ж)
10 Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар? (12)
11 Қазақстанда неше қорық бар? (9)
12 Қазақ тіліне ғана тән әріптер саны нешеу? ( 9 )
13 Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр? (көз – қорқақ, қол - батыр)
14 Әнұранның әнін, сөзін жазған кімдер? (Әнін: Ш. Қалдаяқов, сөзін: Ж. Нәжімеденов, Н.. Назарбаев)
15 Ел рәміздерінің қайсысында қанатты пырақ суреттелген? (елтаңбада)
16 Жылататын да, жұбататын да не? (Тіл)
17 Қазақ тілі - мемлекеттік тіл, ал орыс тілі қандай тіл? (ресми)
18 Қобыланды батырдың әкесінің аты кім? (Тоқтарбай)
19 Конституция неше баптан тұрады? (9)
20 Қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алған жыл? (1989ж)
21. Тудың авторы кім? (Ш. Ниязбеков)
22. Елтаңбаның авторы кім? (Ж. Мәлібеков, Ш. Уалиханов)
Тіл - ұлт қазынасы. жүктеу
6 897
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
22 қыркүйек күнгі тіл мерекесіне арналған "Қазақшаңыз қалай?" ойын - сайыс
22 қыркүйек күнгі тіл мерекесіне арналған "Қазақшаңыз қалай?" ойын - сайыс
Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру.
Тіл – халық қазынасы
Тіл – халық қазынасы
«Тіл – жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт – жойылған жұрт» - деп Халел Досмұхамедұлы атамыз айтқандай, Тіл – халық қазынасы, ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы – ана тілінде. Әр ұлттың тілі – оның бақыты мен тірегі.
Жұлдызды сәт ойыны
Жұлдызды сәт ойыны
Оқушыларды қазақ тілінде ауызекі тілде еркін сөйлеуге үйрету; қазақша байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; сұрақтарға тез, дұрыс жауап беруді меңгерту, сөзжұмбақтарды шешу арқылы оқушылардың білімдерін шыңдап, ой - өрісін кеңейту;
Өзге ұлт мұғалімдері арасында «Қазақшаңыз қалай» сайысы
Өзге ұлт мұғалімдері арасында «Қазақшаңыз қалай» сайысы
Тіл - өте маңызды құрал. Тіл - халықтың ұлттық мақтанышы, атадан балаға қалған мұрасы. Тіл болмаса, адам өз ойын біреуге жеткізе алмас еді. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет - ғұрыптары дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы жетеді.
"Тіл  білгірі" сайысы
"Тіл білгірі" сайысы
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, №7 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұмажанқызы Тұрсын
Тіл білгірі
Тіл білгірі
Қарағанды облысы, Шет ауданы, "Қызылқой жалпы орта білім беру мектебі" бастауыш сынып мұғалімі Кадирбаева Бекзада Жаксыгелдыкызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×