Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Тіл білгірі" сайысы

24 мам 2014, Сенбі
Сабақтың тақырыбы: "Тіл білгірі" сайысы.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың ойлау, еске сақтау, қайта жаңғырту қабілеттерін дамытумен қатар, қазақ тілі мен әдебиет пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі: сайыс сабағы.
Көрнекілігі: интерактивті тақта.
Сабақтың ұраны:
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы -
Мемлекеттік тілді білген жөн болар.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Құрметті әріптестер, оқушылар! Бүгінгі "Тіл білгірі" сайыс сабағымызды қазақ тілі мен әдебиеті апталығына арнаймыз. Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз - басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен бірге мемлекеттік тілге қызығушылығын арттыру.

Бүгінгі сайысымыз 9 кезеңнен тұрады, олар:
1. Таныстыру, сәлемдесу.
2. "Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы" (мәнерлеп оқу)
3. "Зымыран сұрақтар" (қазақ тілі пәні бойынша)
4. "Жеті жұрттың тілін біл"
5. "Ойлы болсаң, озып көр"(әдебиет пәні бойынша)
6. Жұмбақ сандық
7. "Жүйрік болсаң, шауып көр"
8. "Тапқыр болсаң, тауып көр"
9. "Мықты болсаң, тауып көр"
Сайысқа 5 сыныптар арасынан 10 оқушы қатысады.
"Сайысымыздың бет ашарын бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық.
Таныстырсын сайыскерлер өздерін,
Өнеріне ду қол соғып қостайық",- деп, кезекті сайысқа қатысушы оқушыларға берейік.

I кезең. Таныстыру, сәлемдесу.
II кезең: "Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы" мәнерлеп оқу сайысы.
Оқушылар Үш бәйтерек иелері: Сәкен, Ілияс, Бейімбет өлеңдерін мәнерлеп оқиды.
III кезең: "Зымыран сұрақтар" кезеңі (қазақ тілі пәні бойынша)
Мықты болсаң - алдағыны басып оз.
Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт – деп сайысымыздың үшінші кезеңіне өтейік.

Қазақ тілі пәні бойынша берілетін сұрақтарға дұрыс және жылдам жауап беру. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі. Сұраққа бірінші болып қол көтерген ойыншы жауап береді. Егер ол ойыншының жауабы дұрыс болмаса, онда қолын екінші болып көтерген ойыншы жауап береді.
Осы кезеңнің қорытындысы бойынша ұпайы аз 3 оқушы ойыннан шығарылады.

1. Батыр сөзінің синонимін ата? (ержүрек, батыл, жаужүрек)
2. «Ақ киізге көтерді» сөз тіркесінің мағынасы қандай? (хан сайлады)
3. Қазақ тілінде қанша әріп бар? (42)
4. Ұзын сөзінің антонимі? (қысқа)
5. Қолданудан шығып, аз айтылатын сөздер (көне сөздер)
6. Фонетика нені зерттейді? (тіл дыбыстарын)
7. Қазақтың алғаш әліппесін жазған кім? (Ыбырай Алтынсарин)
8. «Жаны зәр түбіне жету» сөз тіркесінің мағынасы қандай? (қорқу)
9. Мағыналары бір - біріне қарама - қарсы сөздер (антоним)
10. Айтылуы бірдей, мағынасы басқа сөздер (омоним)
11. Атын тура айтуға болмайтын сөз (табу)
12. Тіліміздегі сөздердің жиынтығы (лексика)
13. Басқа тілден енген сөздер (кірме)
14. Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздер (диалект)
15. Дөрекі, әдепсіз сөздер (дисфемизм)
16. Белгілі бір кәсіпке айтылатын сөздердің түрі (кәсіби сөздер)
17. 16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік алған күн)
18. Мақалды жалғастыр: Тіл тас жарады,....
19. Дулыға, сауыт сөздері қандай сөздер?(көнерген сөздер)
20. Ойды әдепті, сыпайы етіп жеткізу (эвфемизм)

ІV кезең: "Жеті жұрттың тілін біл"
Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл – деп кезекті сайысымыздың шарттарымен таныстырайын.
Кезеңіміздің атауын «Жеті жұрттың тілін біл» деп атадық. Мұнда сендерге жұмбақтар
жасырылады, ал сендер сол жұмбақтардың шешуін үш тілде, яғни, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтуларың қажет. Бұл кезеңде де әр дұрыс жауап үшін 10 ұпайдан беріледі. Ұпайы аз оқушыдан бастайық. Барлықтарыңа табыс тілеймін!

1. Қабат – қабат қаптама
Ақылың болса аттама. (кітап – книга - book)
2. Көзге көрінбейді, жұтсаң білінбейді. (Ауа – воздух - air)
3. Үнемі ауызда бұлтыңдайды,
Бірақ жұтылмайды. (тіл - язык - language)
4. Әй, керемет бір ит бар
Үй бағады үрмейді.
Аяғы жоқ жүрмейді.
Рұқсатсыз ол иттен
Ешкім үйге кірмейді. (құлып – замок - lock)
5. Бір үйге көзсіз боп кіресің,
Бұл үйден көреген боп шығасың (мектеп – школа - school)
6. Қалқиып ұзын құлағы
Елеңдеп қорқып тұрады
(Қоян - заяц - carrot)
7. Тілден ұшып, құлаққа қонады. (сөз - слова - words)
8. Мұрты бар, иегінде сақалы жок,
Тоны бар, киетін шапаны жок,
Пайдасы үй ішінен табылған соң,
Далаға кіріп шығар сапары жоқ.
(Мысық - кот - cat)
9. Қозғалмастан бір елі, күні бойы жүреді. (сағат - часы - Watch)
10. Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады. (күн - солнце - Sun)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
52 970
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
22 қыркүйек күнгі тіл мерекесіне арналған "Қазақшаңыз қалай?" ойын - сайыс
22 қыркүйек күнгі тіл мерекесіне арналған "Қазақшаңыз қалай?" ойын - сайыс
Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру.
Тіл - ұлт қазынасы
Тіл - ұлт қазынасы
Қазақ тілінде ауызекі тілде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын, ой өрісін дамыту.
Тіл сайысы
Тіл сайысы
Қазақ тілі пәнінен өтілген материалдарды меңгеруін, білім деңгейін тексеру. Оқушылардың білім - білік дағдыларын қалыптастыру
Тіл білгірі
Тіл білгірі
Қазақ тілінде ауызекі тілде сөйлеу дағдыларын әдебиет пәнімен ұштастыра отырып қалыптастыру арқылы өз тілін, туған жерін құрметтеуге тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру.
Тіл білгірі
Тіл білгірі
Қарағанды облысы, Шет ауданы, "Қызылқой жалпы орта білім беру мектебі" бастауыш сынып мұғалімі Кадирбаева Бекзада Жаксыгелдыкызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×