Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мен – егеменді елдің болашағымын

05 қаңтар 2014, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мен – егеменді елдің болашағымын»
Тәрбие сағатының мақсаты: Білімділік: Оқушылардың бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, өз Отанын, елін сүюге, мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, мемлекеттік тілін құрметтеуге, өз ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді, іскер азамат қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу дағдыларын, өз ойын ортаға салу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: Оқушылардың жеке басындағы патриоттық сезімді, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру. Еліміздің болашағы жас өспірімдердің Отан алдындағы борышын өтеуге тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының міндеті: Оқушылар бір - бірімен ұжымдық тапсырма атқару барысында бірлесіп жасауға үйренеді. Басқаның пікірімен санасу және өзінің ойын анық жеткізу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Патриоттық үлгідегі бейнематериалдар Мультимедиада дайындалған слайдтар.
Тәрбие сағатының әдісі: дәстүрлі сабақ, әңгімелеу.
Тәрбие сағатының барысы: Оқушыларды топқа бөліп ұйымдастыру, психологиялық дайындық.

Тәрбие сағатының жоспары:
1 - бөлім. Үнсіздік сәті.
2 - бөлім. Ой толғау.
3 - бөлім. «Болашақ Жаңаөзен»
4 - бөлім. Мақал - мәтел сайысы.
5 - бөлім. Шығарма. Отан оттан да ыстық

Кіріспе: Құрметті қонақтар және оқушылар!. Бүгінгі тәуелсіздік мерекесіне арналған «Мен – егеменді елдің болашағымын» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Сыныптағы оқушыларды топқа бөлу.
1 - топ: Қазақстан.
2 - топ: Байтерек.
3 - топ: Тәуелсіздік.

І Мұғалім сөзі:
Он алтыншы желтоқсан
Он алтыншы желтоқсан -
Тәуелсіздік алған күн.
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн!» — дей келе, тәуелсіздік жолында талай жандар құрбан болып, елім деп еңіреніп өткені белгілі. Талай қиын - қыстау, қуғын - сүргінді ата - бабаларымыз басынан кешті. Сан ғасырлар бойы ата - бабаларымыз еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсап келген. Аллаға шүкір көксеген арманға ХХ ғасырдың соңына қарай қол жеткіздік.
«Желтоқсан желі» видеоролик
Енді, 1986 жылғы алаңда азаттық үшін алысқан жастарымызға арнап бір сәт үнсіздік минутын жарияласақ.

II Мұғалім: Еліміздің егемендік алуы халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты, бүкіл қоғамдық өмірімізге жаңа леп, серпін ала келді. Ол — баршамыз бейбіт өмірде, еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі.
Тәуелсіздік — теңдік, бостандық, еркіндік!
Ой толғау. Оқушылар, сендер Қазақстан жайлы, яғни еліміз туралы не білесіңдер соны орта салып тыңдап көрейікші. Сендердің пікірлерің дұрыс болса, тақтада белгісіз тұрған сөз ашылады..
Жарайсыңдар балалар, сендердің ойларын өте дұрыс. Жасырын тұрған сөз қандай екен? Әрине, еліміздің астанасы Астана қаласы. Балалар сендер Астана қаласы жайлы не білесіңдер? Ойларыңды ортаға салыңдар.
Келесі бөліміміз «Болашақ Жаңаөзен» жобасы.
Оқушылар «Болашақ Жаңаөзен» тақырыбында өздерінің шығармашы лық ойларыңды, қиялдарыңды ортаға салыңдар. Яғни, ол тақырып негізінде сендер болашақта өз қалаларыңа тигізетін көмегіңді, дамыту үшін қосатын қарқынды үлесіңді сурет салып орындаңдар. Уақыт 10 минут санаулы.
Біздің келесі бөліміміз мақал - мәтелдер сайысына кезек берсек.
Балалар сендер топпен өзара ақылдасып Тәуелсіздік, Отан, ерлік жайлы 5 мақал - мәтел жазуларың керек. Сендерге 5 минут уақыт беремін.
Қазақстан тобы:…
Байтерек тобы:…
Тәуелсіздік тобы:…
Жарайсыңдар балалар! Ендігі сендердің мақсаттарың мынау болмақ. «Отан оттан да ыстық» деген мәтелдің негізгі мазмұны мен идеясын түсініп, ойларыңды ортаға сала отырып, әр топтан бір шағын шығарма жазуларың керек. 5 минут уақыт беремін.

Қорытынды.
Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұланымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармаймыз. Кең байтақ Қазақстан – менің туған өлкем, оның асқар таулары мен айдын көлдері, жайқалған орманы мен жасыл жайлауы – менің ақ бесігім. Сондықтан да мен оны анамдай сүйемін.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 080
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен – егеменді елдің болашағымын
Мен – егеменді елдің болашағымын
Жамбыл облысы, туған жерімізбен таныстыру. Отанын, елін, табиғатын, жерін құрметтеп аялауға және ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Жылға арналған сынып сағатының жоспары
Жылға арналған сынып сағатының жоспары
Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие Өлкенің тума таланты Қазақстанның халықаралық ұйымдармен байланысы
Мен – егеменді елдің болашағымын
Мен – егеменді елдің болашағымын
Петропавл қаласы, «Өнер колледжі - музыкалық - эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп - интернат»кешені» Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Ж.Б.Ашимова
Елбасы - ел көсемі
Елбасы - ел көсемі
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өмірі мен патриоттық сезімдерді ұялату. Болашақта отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді, білікті адамдар керек екенін аңғарту.
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Атырау қаласы жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ахмеджанова Гүлжан Утеуовна
Біздің Отанымыз - Қазақстан, біздің мемлекеттік тіліміз - қазақ тілі
Біздің Отанымыз - Қазақстан, біздің мемлекеттік тіліміз - қазақ тілі
Ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, өз Отанын, елін сүюге, мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, мемлекеттік тілін құрметтеуге, өз ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді, іскер азамат қалыптастыру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×