Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ц дыбысы мен әрпі

24 қаңтар 2014, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Ц дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Ц дыбысы мен әрпін таныту. Ц дыбысына байланысты жаңа сөздермен таныстыру. Балалардың дыбыс, әріп, буын, сөз, сөйлем туралы білімдерін толықтыру. Сызба арқылы сөз, сөйлем құрау дағдыларын жетілдіру, сөз сызбасымен ондағы буын санын анықтай білуге үйрету. Тақырыптық суреттер бойынша әңгіме құрастыруға баулу.
Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі сөйлеуге баулу. Сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, спортқа баулу. Достық қарым−қатынасқа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы..
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, жарыс, ойын.
Көрнекілік: Тақырыпқа байланысты суреттер, қималар, заттар.

Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Психологиялық дайындық: Шырылдады қоңырау
Біз сабақты бастаймыз.
Жаңа білім алуға,
Алға қадам бастаймыз
Геометриялық фигура дөңгелектер көрсету Неге Ұқсатуға болады?
(Аққала жасауға болады)
1. Үлкен денесі - Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
Щ - дыбысын сөйлету.
Щ - дыбысына сөздер айту.
2. Кіші денесін жасау - 1қатар сөз жазу, 2 қатар мәтінді оқу, сұраққа жауап беру.
3. Басын құрастыру - Щеткалар тақпағын айту.
4. қол - аяғын құрастыру - Щетка түрлерін сөйлету.
5. Бас киімін кигізу – үй тапсырмасын бекіту.
ШЕТКА - сөзіне дыбыстық талдау жаса.

Жаңа сабақ.
Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
1. Оқушыларға Ц дыбысы мен әрпін таныту.
2. Ц дыбысына байланысты жаңа сөздермен таныстыру.
Бүгінгі сабақта аққаламен бірге саяхатқа поезбен шығамыз.
Жолда көп таулардың арасымен жүреміз. Таулардың ішінде құстар, аңдар, әріптер адасып жүр екен соларды вагондарға мінгізіп алуымыз керек. Вагондар қызыл, көк екен.

Қалаға кірерде біздерге жұмбақ жасырыпты соны шешіп көрейік.
Жұмбақ
Аяғын жерге тірей қалып,
Шеңбер сызды шыр айналып. (Циркуль)
Ц Ц Ц -

Қане, дыбыстап көрейік.

Электрондық оқулықпен жұмыс.
1. Ц − дауыссыз дыбыс.
2. Сөздерді буынға бөліп, буын санын анықтау.
3. Дыбыстың сөз басында, ортасында келетініне мысалдар келтіру

Оқулықпен жұмыс. Цех цирк концерт цифр (Сөздерге түсінік беру)
Дәптермен жұмыс. (Электрондық оқулықтан көрсету.)

Сергіту сәті.
Енді «Циркке» барамыз. Циркке бізден бұрын әріптер барып қойыпты. Циркте сайқымазақ билеу арқылы өнер көрсетеді екен. Оның әр биі әріпке ұқсайды. Қане атап көрелік.
Слайдпен жұмыс.
Мәтінмен жұмыс. «Цирк»
Мәтінді буындап оқу. Тізбектеп оқытқызу.

Мәтінді мәнерлеп оқу.
Мазмұнын айту.
Электрондық оқулықпен жұмыс.
Ойын. «Жоғалған әріпті тап»

Сабақты бекіту. Сөздер жазғызу.
Дыбыстарды дауысты және дауыссызға ажыратып, тиісті киіз үйге апар.
Ц қандай дыбыс? Дауысты ма, әлде дауыссыз ба?

Сабақты қорыту.
Сонымен қандай жаңа дыбыспен таныстық?
Ц дыбысы бар сөздерге мысал келтіру.
Ц дыбысын сөйлету.
“Буындар сыйлығы”
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.
Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма:
14 774
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жаңбыр. Б. Майлин.
Жаңбыр. Б. Майлин.
Оқушыларды «Жаңбыр» өлеңі мен «Бұлбұлдың әні» әңгімесімен таныстыру. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту. Жыл мезгілдерінің ерекшеліктері мен сұлулығы жайлы әңгімелеу.
Атай. Ә. Дүйсенбиев.
Атай. Ә. Дүйсенбиев.
Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Т дыбысы мен әрпі
Т дыбысы мен әрпі
Өткен дыбыстарды қайталау, зейінін бақылау, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Кеспе әріптерден буын, сөз, сөйлем құрату. Т дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар Сауат ашу (48 сағат)
Ц дыбысы мен әрпі
Ц дыбысы мен әрпі
Ц дыбысына байланысты жаңа сөздермен таныстыру. Балалардың дыбыс, әріп, буын, сөз, сөйлем туралы білімдерін толықтыру. Тақырыптық суреттер бойынша әңгіме құрастыруға баулу.
Ә дыбысы мен әрпі
Ә дыбысы мен әрпі
Жаңа технологияларды қолдана отырып Әә дыбысы мен әрпін таныту, сол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға, буын және оның түрлерін ажырата білуге үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×