Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қайратым - қайсарым

10 ақпан 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қызылорда қаласы,
№172 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Абишева Ақзейнеш

3 сынып. Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Қайратым - қайсарым
Сабақтың мақсаты:
Білімдік мақсаты: Оқушыларға Желтоқсан оқиғасының мәні мен мақсатын түсіндіре отырып, тәуелсіздік үшін, еліміздің болашағы мен келер ұрпақ үшін
жанын қиған Қайрат Рысқұлбеков туралы мәлімет беру.
Дамытушылық мақсаты: Оқиға мәнісін түсіндіре отырып, тәуелсіз елдің қол жеткізген табыстарын, рухани еркіндігін, адам құқы мен бостандығын дәріптеу.
Тәрбиелік мақсаты: Өз Отанын сүюге, елін қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу, СТО стратегиялары, топпен жұмыс.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, «Желтоқсанның асықпаған ақиқаты», «Желтоқсан құрбандары»атты бейнежазба.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын сұрау. Өткен сабақты төмендегі сұрақтар арқылы бекіту.
- Балалар, 1986 жылы желтоқсанда Брежнев атындағы алаңға жастар мен студенттер не үшін жиналған еді?
- Үкімет басына Колбиннің келуіне байланысты.
- Колбинге неге қарсы шықты?
- Себебі, ол орыс тілділікті қолдады. Қазақстанда қазақ мектептері мен балабақшалар азая бастады. Қазақтар өз ана тілін де ұмыта бастады.
- Колбин қайдан келген?
- Колбин Ресейден келген.
- Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіңдер?
- Өз алдына дербес, еркін мемлекет болу, ешкімге тәуелді, бағынышты болмау.

Жаңа сабақ.
Қызығушылығын ояту. Сөзжұмбақ шешу.
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.
«Желтоқсанның асықпаған ақиқаты» атты бейнежазбаны экраннан көрсету.
Слайдтарды көрсете отырып, шығарма кейіпкері Қайрат Рысқұлбековтың балалық шағына шолу жасау.
Қайрат Рысқұлбеков 1966 жылы 13 наурызда Мойынқұм өңіріндегі Бірлік ауылында дүниеге келді. Шу қаласына таяу жердегі Новотроицк
(қазіргі Төле би) селосындағы шопан балаларына арналған мектеп - интернатта оқыды. Әкесі Ноғайбай орталау білімі бар мал маманы, бақташы.
Шешесі Дәметкен сауыншы болатын.
Қайрат үйдегі жеті баланың үшіншісі. 1986 жылдың жазында жалғыз өзі Алматыға келіп, «Сәулет - құрылыс институтына» оқуға түсті.
Сол 1986 жылдың 16 желтоқсанында яғни, ызғарлы қыста қазақ елінің азаттық көктемі үшін, солақай саясатқа қарсы алғаш рет бас көтеріп, Алматыда мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп, шеруге шықты. Олар «Тәуелсіздік керек», «Қазақ елінің өз көсемі сайлансын»т. б.
тілектер білдірді. Сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен күш көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді. Солардың ішінде Қайрат Рысқұлбеков те бар еді.

Мағынаны тану.
Экраннан «Желтоқсан құрбандары» атты бейнежазбаны көрсету.
Қайрат Рысқұлбековтың қалай ұсталғандығы, қандай қорлық көргендігі жайлы түсіндіру.
Ақыры 21 жасқа қараған шағында қолына кісен салынып, тұп - тура 21 күн сот залында күйіп - жанып, өртеніп, тас түрменің 21 камерасында 21 мамыр күні қапылыста қара ниет қарақшының құрбаны болды.
Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді оқып беріп, мазмұнын түсіндіру.
Оқушылардың өздеріне оқыту.
Мәтінді талдау.

Топтық жұмыс.
а) 1 - топ. «Түртіп алу» жүйесі бойынша кесте толтырады.
ә) 2 - топ. Қайрат ағаларына арнап бір шумақ өлең шығарады.
б) 3 - топ. Желтоқсан оқиғасына байланысты эссе жазады.

Бес жолды өлең құрастыру арқылы сабақты қорытындылау.
1. Қайрат
2. Ержүрек, қайсар, батыл.
3. Қаймықпады, қарсы тұрды, мерт болды.
4. Қайрат егемендік жолында қаза тапты.
5. Қаһарман.
Үйге тапсырма беру.
9 950
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы баяндау, оқушыларды өз бетінше жұмыс жасауға, шығармашылыққа дағдыландыру, отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу
Қайратым – қайсарым
Қайратым – қайсарым
Мәтін мазмұнымен таныстыру. Автор өмірбаянынан қысқаша мағлұмат беру. Қайрат Рысқұлбековтың ерлік істерімен таныстыру. Желтоқсан көтерілісінің маңызы туралы әңгімелеу.
Желтоқсан - ерлік тарихымыз
Желтоқсан - ерлік тарихымыз
Желтоқсан оқиғасы туралы білімдерін кеңейту, елін, жерін сүюге, ұлтжандылыққа, Отанын сүйе білуге тәрбиелеу. «Желтоқсан құрбандары» слайды Ұран сөз жазылған баннер «Желтоқсан - тәуелсіздігіміздің бастауы, егемендігімізге негіз қалап берген сара жол»
Қайратым – қайсарым
Қайратым – қайсарым
Атырау қаласы, Д. Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Берікқалиева Бейбітгүл
Тәуелсіздік – тұғыры
Тәуелсіздік – тұғыры
Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Суықбұлақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Матина Жанар Ескендровна
Тәуелсіздік - ел тілегі
Тәуелсіздік - ел тілегі
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС-12 орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі Тулебова Назира Джеткергеновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×