Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Лалагүл тұқымдастар

18 ақпан 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Биология
Биология 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Лалагүл тұқымдастар. Гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формалары. Жабайы өсетін, мәдени, дәрілік, маңызды халық шаруашылығының өсімдіктері.
зертханалық жұмыс. Лалагүл тұқымдасы өсімдіктерінің гүлі мен жемісінің құрылысы.
Сабақтың мақсаты: Лалагүл тұқымдастарының гүлі мен жемісінің құрылысы, тіршілік формалары, шаруашылықтағы маңызы туралы білімді қалыптастыру.
Міндеті:
Білімділігі: аталған тұқымдастың гүлін, жемісін, сабағын, жапырағын қарау, гүл формуласын басқа өсімдіктермен салыстыру, әр саладағы маңызын білу
Тәрбиелілігі: оқушыларды өз бетімен ізденіп, қосымша ақпараттарды алуға, танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамытуға тәрбиелеу.
Дамытушылығы: өз ойын еркін жеткізіп, сөйлеу, ойлау қабілеттерін арттыру, өз елінің табиғатын, өсімдіктер әлемін қорғауға, маңызын білуге дамыту.
Көрнекілігі: слайдтар, электронды оқулық, үлестірмелі тапсырмалар,
Пәнаралық байланыс: география, экология, салауаттану
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, «миға шабуыл», «қызығушылықты ояту», «иесін тап», « сызықтық диктант», «екі жұлдыз, бір тілек»

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
1. Сәлемдесу
2. Сыныпты түгендеу
3. Сабаққа дайындау

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
«Сызықтық диктант». егер дұрыс жауап болса «+» ал қате жауап болса «-« белгісін қоямыз.
1. Күрделігүлділер деп аталуы гүлінің әр түрлі болуында
2. Көпшілігі шөптекті болып келеді.
3. Күнбағыс бұл тұқымдасқа жатпайды.
4. Бұлардың жемісі тұқымша болып есептеледі.
5. Дәрілік түрлеріне түймедақ, бақбақ, дәрмене деген түрлері жатады

ІІІ. Жаңа сабақ
«Қызығушылықты ояту» сатысында сұрақтар беріледі.
- Суретке қарап гүлдің атауын табыңыз. Бұл гүл туралы не білеміз? Тағы осыған ұқсас қандай гүлдерді білесіздер?
Жаңа сабақтың тақырыбы ашылып, оқушылар оқулықпен жұмыс істейді.
Әр топқа тұқымдасқа тән белгілерді топтастыру
І топ - Лалагүлділерге тән ерекшеліктер
ІІ топ - күрделігүлділер мен лалагүлділерді салыстыру
ІІІ топ Лалагүлділердің халық шаруашылығындағы маңызын анықтау
IV топ - Лалагүлділер тұқымдасына жататын гүлдерді сипаттау «лапыз, құртқашаш, лалагүл)

Лалагүл тұқымдасы (Lіlіaceac) — дара жарнақтылар класына жататын көп жылдық түйнек жуашықты, кейде тамырсабақты шөптесін, бұташық өсімдіктер. Еуразия, Африка, Америка құрлықтарының далалы, таулы аймақтарында өсетін 3 мыңға жуық түрінің Қазақстанда 21 туысы мен 196 түрі кездеседі. Гүлсидам сабақтары жапырақты, кейде жапырақсыз. Жапырақтары қандауыр, таспа, жүрек пішінді, сағақты, бүтін жиекті. Ірі және ұсақ гүлдері қос жынысты, жеке жетіледі, кейде гүлшоғыры сыпыртқы гүлшоғырына топтанған. Жемісі — қорапша кейде жидек. ұсақ тұқымдары шашылу арқылы, кейбіреулері жел, құмырсқа арқылы таралады. Қазақстанда көбірек кездесетін және маңызды туысы — жуа (Allіum). Олар — көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Жуаның 108 түрі далалық шөл, шөлейт жерлерде, әсіресе, таулы аймақтарда өседі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 700
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Биология пәнінен оқу бағдарламасы 6 сынып
Биология пәнінен оқу бағдарламасы 6 сынып
Биология пәнінен оқу бағдарламасы Биология 6 - сынып (барлығы 68 сағ, аптасына 2 сағ)
Жуа тұқымдастар. Гүлі мен жемісінің құрылыс ерекшеліктері, тіршілік формалары.
Жуа тұқымдастар. Гүлі мен жемісінің құрылыс ерекшеліктері, тіршілік формалары.
№53 мектеп – лицейі биология пәні мұғалімі: Ахмедиева Айгүл Төкенқызы
Астық тұқымдастар. Гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формалары
Астық тұқымдастар. Гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формалары
№53 мектеп – лицейі биология пәні мұғалімі: Ахмедиева Айгүл Төкенқызы
Лалагүлділер тұқымдастар. Гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формалары
Лалагүлділер тұқымдастар. Гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формалары
Лалагүл тұқымдасы өсімдіктерінің гүлі мен жемісінің құрылысы Даражарнақты лалагүлділер тұқымдасының құрылысы, түрлері және маңызы туралы түсіну.
Астық тұқымдастар. Гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формалары
Астық тұқымдастар. Гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формалары
Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, № 11 Қоскөл орта мектебінің биология пәні мұғалімі Тортаева Айгүл Серікқызы
Жуа тұқымдастар. Зертханалық жұмыс
Жуа тұқымдастар. Зертханалық жұмыс
Қостанай облысы Арқалық қаласы Жаңақала ауылы Қараторғай орта мектебінің биология пәні мұғалімі Рахметов С. А.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×