Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ас қорыту мүшелерінің құрылысы

08 мам 2015, Жұма
Категориясы: Биология
№ 11. М. П. Окороков атындағы жалпы орта мектебінің
биология пәні мұғалімі Алипбаева Нағима Наматжанқызы

Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту мүшелерінің құрылысы
Сабақтың мақсаты: оқушыларды асқорыту мүшелер жүйесінің құрылысы, зат алмасуда асқорытудың атқаратын рөлі, ауыз қуысында, қарында, ішектерде астың қорытылуымен толық талдау жасау, оқушылардың салыстыра ойлау қабілеттерін дамыту, белсенділіктерін арттыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың типі: экспедиция сабақ

Сабақтың өту барысы: І. Ұйымдастыру:
Ойын жүрісі.
Сабақ саяхат түрінде өткізіледі. Саяхат арқылы білім шыңына жету. Ойын 2 сатыдан тұрады.
1. Саяхатқа дайындық.
2. Шыңға жету.
І. І. Саяхатқа дайындық.
А. «Ауа райы болжам».
Бірнеше бұлттар бейнеленген. Бұлтты бейнелердің артында сұрақтар мен тапсырмалар бар.
Сұрақтар мен тапсырмалар.
1. Ағзаның өсуі, дамуы, тіршілігі үшін қажет зат.
2. Минералды тұздардың тәуліктік мөлшері қанша?
3. Қандай дәрумен жұқпалы ауруларға қарсы тұра алады?
4. Нәруыздың тәуліктік мөлшері қанша?
5. Адамның тіршілігі үшін тәулігіне неше литр су ішу керек?
6. Қазақтың қандай ұлттық тағамдарын білесің?
7. Қандай тағамдардың құрамында нәруыз мол болады?
8. Көмірсуларға қандай заттар жатады?

Білу: Ә. «Жолға не алу керек?»
Жол сөмкелерінде биологиялық терминдер жазылған қағаздар бар. Оқушылар терминдерге түсінік беру керек.
Терминдер: сілемейлі эпителий, дәнекер ұлпасы, ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш қарын аш ішек, тоқ ішек, ерін, ұрт, тіс, қызылиек, аран, таңдай, кеңірдек, тік ішек, ұлтабар, бүрлер, бүйен, соқырішек, аппендикс,

Бұларға жауап берген оқушылар ІІ сатыға өтеді.

ІІ. Шыңға жету.
Алдын ала шынығу. Сынып оқушылары 4 топқа бөлінді, өйткені шынға шығу жолы қиын, сондықтан оған тәртіп, сергектік, ақыл - ой керек.
А. «Тәртіп орнату»:
Түсіну: Ә. «Ұйықтамай тыңда!» « Жауабын тап!»
1. Адамның асқазан безінің бөлетіні
а) шырын
в) химозин
с) птиалин
д) күкірт қышқылы
е) пепсин
2. Бауыр қақпасынан өтетіндер
а) сілекей безінің өзегі
в) жүйкелер
с) веналар
д) өт жолы
е) артериялар
3. Адамның күрек тістерінің саны
а) 2
в) 4
с) 6
д) 8
е) 10
4. Тілдің ұшы қандай дәмді сезеді?
а) тұзды
в) ащыны
с) тәттіні
д) қышқылды
е) хош иісті

Талдау: Б. «Ойлан тап».
Тақтада ( 4 топқа қысқа сұрақтар береді) асқорыту мүшелері құрлысының суреті ілінген. Жауаптар «ия» және «жоқ».
1. Мынау ауыз қуысы ма? «Ия!»
2. Мына жұтқыншақтың ұзындығы 11 - 12см бұлшық еті ме? «Ия!»
3. Дәм сезу рецепторлары жұмсақ таңдайда орналасқан ба? «Жоқ!»
4. Ас қорыту және тыныс жолдары жұтқыншақта қиылысады ма? «Иә!»
5. Адамда ас қорыту жолының ұзындығы 3 - 5см ма? «Жоқ!»
6. Бауыр асқорыту жүйесіне жатады ма? «Ия»
7. Ұлтабар ұшының ұзындығы 5, 5 - 6 м ма? «Жоқ»
8. Соқырішектің ұзындығы 7 - 8 см ма? «Ия»
Шыңға жеткен оқушылар – «Нағыз альпинисттер».

Жинақтау: ІІ. Қарлы бұрқасын. (14 ұпай)
«Бірінші асудан асу».
Сәйкестендіру тесті
Ас қорыту жолының ең көлемді бөлімі - 1. Бауыр
Ас қорыту жолының ұзын бөлігі - 2. Ұйқыбез
Ең үлкен асқорыту безі - 3. Жұтқыншақ
Жұтқыншақты асқазанмен жалғастыратын бөлім - 4. Өңеш
Асты сорып, сіңіретін бөлімі - 5. Тоқ ішек
Құрт тәрізді өсіндісі - аппендикс бар - 6. Асқазан
Төменгі жағына өт қабы жалғасқан мүше - 7. Аш ішек

Қолдану: ІІ. Мұздық. (16 ұпай)
І нұсқа
Дұрыс жауаптарды белгілеп, дәптерге жазыңдар.
1. Қоректі заттар организмде энергетикалық және құрылыстық қызмет атқарады.
2. Жұтқыншақ асқорыту жүйесінің бір бөлігі болып табылады.
3. Асқазанның сілемейлі қабатында ішек сөлін бөлетін көптеген бездер бар.
4. Аш ішек – асқорыту жолының ең ұзын бөлігі.
5. Ұйқы безі тек сыртқы секреция безіне жатады.

ІІ нұсқа
Дұрыс жауаптарды белгілеп, дәптерге жазыңдар.
1. Қарынның қабырғасындағы бірыңғайсалалы бұлшықет талшықтары үш түрлі бағытта орналасқан.
2. Нағыз ауыз қуысында жұтқыншақ орналасқан.
3. Жұтылған тамақ жұтқыншақ арқылы өңешке түседі.
4. Аш ішекте бадамша бездер орналасқан.
5. Тоқ ішекте өте көп бактериялар болады, оларға ағзаға пайдалы.

ІІІ нұсқа
Дұрыс жауаптарды белгілеп, дәптерге жазыңдар.
1. Тоқ ішектің аш ішектен басталған жері – соқырішек деп аталады.
2. Тілдегі бұлшықет талшықтарының кейбір тобы – ұзына бойы, екінші тобы – көлденең, үшіншісі – тік бағытта жатады.
3. Тілдің екі жиегі – тәттіні сезеді.
4. Қарынның өңешпен және ұлтабармен байланысқан жерінде сақина тәрізді бұлшықеттер болады.
5. Ашішектің сілемейлі қабықшасында тұйық өскін түріндегі бүрлер өте көп.

ІV нұсқа
Дұрыс жауаптарды белгілеп, дәптерге жазыңдар.
1. Қарын - іші қуыс қалың бұлшықетті мүше.
2. Нағыз ауыз қуысы соңғы жағы аранмен шектеледі.
3. Тағам құрамында нәруыз, майлар, көмірсулар болмайды.
4. Ауыз қуысына 3 жұп сілекей бездерінің өзектері ашылады.
5. Өңештің ұзындығы 5, 5 - 6м - дей болады.

ІІІ. Тасты жартас. «Микс» жаттығу
Барлық топқа асқазан, тоқ ішек, жұтқыншақ, ауыз, қорғаныш, қан, тамақ, жұтады, аш ішек, қорытады.
Сабақ соңында оқушылар білімі бағаланып, үздік жауабымен көзге түсіп, білім шыңына жеткен оқушы «Нағыз альпинисттер» атанады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 714
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Асқорыту мүшелерінің қызметі. Ауыз қуысында астың қорытылуы. Сілекейдің құрамы, қасиеті, зерттеу жолдары
Асқорыту мүшелерінің қызметі. Ауыз қуысында астың қорытылуы. Сілекейдің құрамы, қасиеті, зерттеу жолдары
Оқушыларға ас қорытудың маңызын ұғындыру. Ауыз қуысының құрылысы, шайнау әрекеті, тістің құрылысы, сілекей бездері және тілдің құрылысы, олардың атқаратын қызметтерін түсіндіру.
Асқорытудың маңызы. Асқорыту жүйесі
Асқорытудың маңызы. Асқорыту жүйесі
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №11 жалпы білім беру орта мектебінің биология пәні мұғалімі Жуманазарова Жания
Ас қорытудың маңызы. Ас қорыту жүйесі мүшесінің құрылысы
Ас қорытудың маңызы. Ас қорыту жүйесі мүшесінің құрылысы
Атырау облысы, Истатай ауданы, Х. Ерғалиев ауылы, Жалпы білім беретін Новобогат орта мектебінің биология пәні мұғалімі Елубаева Алмажай
Ас қорыту жүйесін қорытындылау
Ас қорыту жүйесін қорытындылау
Ойыл ауданы, Ш.Берсиев атындағы орта мектептің биология пәні мұғалімі Оспанова Қарылға Сәдуақасқызы
Ас қорыту мүшелерінің құрлысы
Ас қорыту мүшелерінің құрлысы
Өтебалы Камшат Садыққызы Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылының №24 орта мектебінің химия - биология пәні мұғалім
Ас қорыту мүшелерінің құрылысы
Ас қорыту мүшелерінің құрылысы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Ж. Қалдығараев атындағы орта мектептің биология пәні мұғалімі Абдуллаева Маржан Алдонгаровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×