Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тест биология (12 - вариант)

25 қараша 2016, Жұма
Категориясы: Биология
12 - вариант
БИОЛОГИЯ

1. Жасушалар бір - бірімен … арқылы байланысады.
A) жасуша ядросы
B) вакуоль
C) жасушааралық заттар
D) жасуша сұйықтығы
E) цитоплазма
2. Фотосинтездеуші ұлпада орналасқан пластид:
A) Хромопласт.
B) Хлоропласт.
C) Вакуоль.
D) Лизосома.
E) Лейкопласт.
3. өсiмдiктерге әсер ететiн тiрi табиғат жағдайлары -
A) Минералдар.
B) Ауа, су.
C) Жер бедерi, топырақ.
D) Жарық, жылу.
E) Барлық тiрi организмдер.
4. Пиязшықты өсімдіктер:
A) Итмұрын, қойбүлдірген
B) Бидай, тары, арпа
C) Асбұршақ, жоңышқа
D) Мақта, күнбағыс
E) Сүмбіл, қазжуа, жауқазын, лапыз
5. Адамның тәулігіне бөлінетін сілекей мөлшері:
A) 1, 5 литр.
B) 2, 5 литр.
C) 1 литр.
D) 3 литр.
E) 2 литр.
6. Cаңырауқұлақтың споралары өнетін орта
A) ылғалы мол, бірақ қарашірігі аз топырақ.
B) қарашірігі мол ылғалды топырақ.
C) құс саңғырығының іші.
D) кебу топырақ.
E) су.
7. Гидраның қармалауыштарының орналасқан жері:
A) ауыз қуысының айналасында.
B) табанында.
C) денесінің артқы бөлігінде.
D) дене бүйірінде.
E) денесінің ортаңғы бөлігінде.
8. Екі жақты симметриялылар:
A) Ақ сұлама.
B) Гидра.
C) Кебісше.
D) Тоспа ұлуы.
E) Амеба.
9. Алдыңғы аяғы қанатқа айналған, денесі қауырсынмен қапталған жануарлар:
A) Бауырымен жорғалаушылар.
B) Балықтар.
C) Жарқанаттар.
D) Қосмекенділер.
E) Құстар.
10. Өкпенің сыртқы қабатының атауы:
A) көпіршіктер
B) түтіншелер
C) плевра (сіріқауыз)
D) сероз
E) кедір - бұдыр қабықша
11. Сүтқоректілердің зәр шығару мүшесі:
A) Кеңірдек
B) Өңеш
C) Қарын
D) Бүйрек
E) Өкпе
12. Оқу кезінде затты орналастыру қашықтығы:
A) 33 - 35 см.
B) 40 - 50 см.
C) 20 - 25 см.
D) 10 - 15 см.
E) 15 - 20 см.
13. Жасушадағы бейорганикалық зат:
A) Ақуыз (нәруыз).
B) Май.
C) Су.
D) Көмірсу.
E) Нуклеин қышқылдары.
14. Биосферада атом энергиясын пайдаланғанда -
A) Көп мөлшерде оттегі сіңіріледі.
B) Атмосфера құрамы ластанады.
C) Көмірқышқыл газының мөлшері азаяды.
D) Радиоактивті сәулелер жинақталады.
E) Зиянды газдар жинақталады.
15. Картоптың гүлдері:
A) Қос жынысты
B) Дара жынысты
C) Екі үйлі
D) Бір үйлі
E) Жыныссыз
16. Шымтезек мүгінің басқаша атауы:
A) Жасыл мүк.
B) Сфагнум.
C) Көкек зығыры.
D) Плаун.
E) Ламинария.
17. Қышыма кененің аузы:
A) Шайнағыш.
B) Сүзгіш.
C) Сорғыш.
D) Кеміргіш.
E) Ұсақтағыш.
18. Қаңқаны құрайтын ұлпа:
A) Жүйке.
B) Бұлшықет.
C) Эпителий.
D) Дәнекер.
E) Жүрек бұлшықеті.
19. Серіктес жасушалар бұлар:
A) аксондар
B) нейронның ұзын өсінділері
C) нейронды қоршаған жасушалар
D) нейронның қысқа өсінділері
E) нейронның денелері
20. Жаттығудың әсері пайдалы:
A) сүйекке
B) бүкіл организмге
C) өкпеге
D) бұлшық етке
E) жүрекке
21. Қан айналу жүйесінің негізгі қызметі:
A) оттегін тасымалдау
B) көмір қышқыл газын тасылмалдау
C) газ алмасу процесіне қатысу
D) артық қоректік заттар қорын жинау
E) заттарды тасылмалдау, тіршілік әрекеттерін реттеу
22. Бейорганикалық заттардан органикалық заттарды синтездейтіндер:
A) Эукариоттар.
B) Прокариоттар.
C) Гетеротрофтар.
D) Аэробтар.
E) Автотрофтар.
23. Неандертальдықтар -
A) Антропоидтар (адамтектес маймылдар).
B) Саналы адам.
C) Тік жүретін адам.
D) Жартылай маймылдар.
E) Ертедегі адамдар.
24. Барлық сыртқы ортадағы компоненттердің организмге тигізетін факторы:
A) Биотикалық.
B) Экологиялық.
C) Абиотикалық (бейбиотикалық).
D) Антропогендік.
E) Шектеуші.
25. Бақалшақсыз былқылдақденелі жәндік.
A) Айқұлақ.
B) Жүзім ұлуы.
C) Үлкен тоспа ұлуы.
D) Каракатица.
E) Шалшықұлу.
26. Жоғары температурада және қысымда:
A) Зат алмасу процесі төмендейді.
B) Вирустар қырылады.
C) Лейкоциттер көбейеді.
D) Бактериялар көбейеді.
E) Вирустар көбейеді.
27. Мейоз дегеніміз:
A) пісіп жетілу аймағындағы жыныс жасушасының бөлінуі
B) жыныс жасушаларының қосылуы
C) ұрықтанбаған жұмыртқа жасушасынан жаңа ағзаның дамуы
D) жасушаның тікелей бөлінуі
E) көбею аймағындағы жасушаның бөліну кезеңі
28. Гетерозиготалы ағзада екі жұп белгісі бойынша түзілетін жұп гаметасы:
A) 4
B) 1
C) 8
D) 2
E) 6
29. Эволюцияның қозғаушы күшіне жатпайтыны:
A) Табиғи сұрыпталу.
B) Тұқымқуалаушылық өзгергіштік.
C) Бейімделушілік.
D) Тіршілік үшін күрес.
E) Тұқымқуалаушылық.
30. Биогеоценоздың ауысуына байланыссыз жүретін өзгерістер:
A) Биогеоценоздағы организмдердің тіршілік ортасына байланысты өзгеруі.
B) Табиғаттағы түрлі апаттар.
C) Адамның түрлі шаруашылық әрекеттері.
D) Ағзалардың табиғаттағы маусымдық өзгерістерге бейімделуі.
E) Климаттың өзгеруі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

20-40 дейін вариант қарау
3 405
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қызықты статистика
Қызықты статистика
2019 жылы Қазақстанда 1 тұрғынға тәулігіне орташа 79 литр су құбыры суынан жұмсалды
Тест биология (51 - вариант)
Тест биология (51 - вариант)
Биологиядан тест жауаптарымен
Дүниетану пәнінен тест жұмысы 3 - сыныпқа арналған
Дүниетану пәнінен тест жұмысы 3 - сыныпқа арналған
Адамға, жануарларға және өсімдіктерге – бәріне қажетті жағдайлар? а) баспана, жылу, азық, су; ә) ауа, су, қорек, жылу, жарық; б) ауа, топырақ, жарық, күн.
Тест биология (36 - вариант)
Тест биология (36 - вариант)
Өсімдікте лейкопластар орналасқан мүшесі: A) Гүлсерігінде. B) Жапырағында. C) Тостағаншада. D) Сабағында. E) Тамырында, тұқымда.
Тест биология (29 - вариант)
Тест биология (29 - вариант)
Жасуша шырынында болады: A) Су, қант B) Су, тұз C) Тек қана қант D) Су, қант, тұз E) Тек қана су
Тест биология (25 - вариант)
Тест биология (25 - вариант)
Өсімдікте лейкопластар орналасқан мүшесі: A) Тостағаншада. B) Гүлсерігінде. C) Тамырында, тұқымда. D) Жапырағында. E) Сабағында.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×