Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жүрек қантамырлары жүйесінің аурулары және олардың алдын алу

02 наурыз 2013, Сенбі
Категориясы: Биология
Сабақтың мақсаты: Жүрек қантамыр жүйесі ауруларымен таныстыру
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: жүрек қантамыр жүйесі ауруларымен таныстыру. Зиянды заттардың жүрек қантамыр жүйесіне әсері туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Оқушылардың қан кету түрлері жүрек қантамырларын ажырата білу, олардың алдын алу, көмек көрсету икемділіктерін дамыту. Ақпараттық оқыту құрылдарымен жұмыс жасау қабілеттерін кеңейту.
Тәрбиелік: Салауатты өмір - салтына жағымды көзқарас пен оған ұмтылу, өз денсаулығымен бірге өзгелердің денсаулығына деген жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: Түсіндірмелі - зертханалық.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, жгут, дәке, мақта, йод, бұрайтын таяқша, таңғыш
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың типі: қорытындылау сабағы

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру. Рефлексия.
Сәлеметсіздер ме, балалар! Қане балалар бүгінгі сабағымызға тоқталмас бұрын алдыңғы өткен сабақтарға шолу жасайық. Біздерде бүгін сайыскер 3 топ білім сынағынан өтеді.
І топ – «Артерия» тобы
ІІ топ – «Вена» тобы
ІІІ топ – «Капилляр» тобы.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
Жекелеген түрде оқушылардың түсінгендерін сұрау
ІІІ Қайта білімді бақылау
Білім сынағы түрлі кабинеттерде өтеді.
Слайд 2 1«Танысу» кабинеті
Әр топ қарсылас топтың бірінен бір оқушыны жеке шақырады. Ойынның аты «Сен бізді білесің бе?» Шақырылған ойыншы сол топтың атына анықтама беріп кетеді.
Слайд 4 3.«Нақты сандар» кабинеті

75 - 80 рет
120/80
60 - 70
250 - 300
IV. Жаңа сабақ.
(Теориялық бөлім)
Слайд 5 – сабақтың тақырыбы «Жүрек қантамырлары жүйесінің аурулары және олардың алдын алу»
Слайд 6 Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы бәріңізге мәлім. Ал жүрек қантамыр жүйесінде ең бастысы – жүрек. Олай болса ақын ағамыз Мұқағали Мақатаевтың «Жүрек арызы» өлеңін тыңдайық.
Оу, ием менің,
Өзіңнен бұрын жаралғам
Алдымен менмін
Сонан соң – сенсің жаралған
Басың мен миың, ақылың, есің, қимылың
Аяқ пен қолың –
Барлығы менен нәр алған.
Келеді сенің кей - кейде мені мұз еткің
Бәріне көндім
Қателігіңді түзеттім.
Төсек тартқызып, төнгенде қатер басыңа
Айнымай соқтым, аялап сені күзеттім
Жалындым саған жақыны бол деп баршаның
Жан ием, сенің жақсылығыңды аңсадым
Өткіздім сені қаншама қауіп - қатерден
Ал, енді маған демалыс берші шаршадым.
Қақың жоқ сенің дем алуға да, соқпауға
Қарсы барамыз оттарға, әрі шоқтарға
Қақым жоқ менің демалыс саған беруге
Қақың жоқ сенің қалдырып мені тоқтауға!

Слайд 7. Жүрек - қантамырлары жүйесінің аурулары.
• Гипертония - қан қысымының үнемі немесе жиі көтерілуі
• Жүрек инфаркты - жүрек бұлшықетінің жансыздану аймақтарының әсерінен болатын жүрек жұмысының бұзылуы
• Атеросклероз – қанды өткізу қуыстарының тарылуы мен қызметінің бұзылуынан болатын артериялық қан тамырларының созылмалы ауруы.
• Жүрек ақаулығы – жүрек қызметін бұзатын жүрек пен одан шығатын қан тамырларының құрылысындағы ақаулықтар
Слайд 8. Жүрек – қантамырлары ауруларының себептері
Практикалық бөлім

Слайд 10. Зертханалық кабинет «Жедел жәрдем»
№10 - зертханалық жұмыс
Тақырыбы: «Қан еткенде алғаш көмек көрсету»
Мақсаты:
1. Жгут салуды үйрету
2. Артериялық, веналық және капиллярлық қан кету кезіндегі қанды тоқтату әрекеттерін түсіндіру
Слайд 11. Оқушыларға «Қан кету кезіндегі алғашқы медициналық көмек» арнайы түсірілген видео – ролик көрсету.
Слайд 12 Зертханалық жұмысты қорытындылау (жазбаша)
Жгут салу ретін сипаттап жазыңдар
1. Алдымен қан кету түрін анықтап алу керек, себебі...
2. Жгутты зақымданған жерге салу тәртібі...
3. Жгутты шамамен...... сағат ұстау керек, себебі...
Жарақаттану түрі:
1. Капиллярлық қан кету
2. Веналық қан кету
3. Артериялық қан кету
4. Ірі артериялардың қан кету
Алғашқы көмек:
А. Қолды шынтақ буынынан бүгіп, таңып тастау
В. Жарақаттың айналасын йодпен тазалап, қаты қысып таңу
С. Артериялық тамырдың лүпілі байқалған жерден қысып, сүйекке басып, таңу
Кестеге толтыр.
IV. Бекіту.
Слайд 13. «Бағдаршам» кабинеті Ауырып ем іздегенше...
Қызыл (слайд 18)
Есептеп шығар
Адамның жүрегі минутына 60 - 70 рет жиырылады. Бұл уақытта жүрек өзінен 4 литрден астам қанды айдайды. Жүрек арқылы тәулігіне қанша литр қан өтетінін есептеп шығар.
Сары (слайд 19)
Темекі шегуге қарсымыз!!! Жарнама тақтасын әзірлеу
Жасыл (слайд 20)
Жолдастарыңды салауатты өмір – салтына шақыр.
«Буриме» өлең жолдары.
......................... жатпаңдар
......................... тастаңдар
......................... жадырап
......................... бастаңдар.
Сіздер қозғалыстың қажет екендігіне көз жеткізіңіздер. Енді бәріміз сергіту сәтін ұйымдастырайық.
Слайд 14 Сергіту сәті:
ШАРТЫ:
Артериялық қан кету болса – сол қол көтеру.
Веналық қан кету болса – оң қол көтеру.
Капиллярлық қан кету болса – денені бұру.
Ал қызыл қан ағады
Қою қызыл түсті қан ағады
Қан шапшып ағады
Жарақаттанған жердің айналасы қанайды
Жгут салу қажет емес
Терінің беткі қабаты жарақаттанса
Тамырдың лүпілін анықтап, қатты басу керек
Слайд 21. Пайдалы кеңестер
Жүрек – қантамыр жүйесіне пайдалы тағамдардың құрамында алма, апельсин, лимон сынды жемістер бар. Мысалы алма қандағы гемоглобиннің құрамындағы темірдің көбеюіне қажет болса. Апельсин шырынын ішу қан тамырлардың жұмысын жақсартса цитрусты өсімдіктердің барлығы қан тамырлардың қабырғасын қатайтып, серпімділігін арттырады. Жемістерден қуат алып, жүзіміз жадырай берсін
V. Балаларды бағалау. Бүгінгі сабаққа қатысқан оқушыларды пайдалы витаминдермен бағалаймын
«5» - апельсин - тәтті
«4» - алма – қышқыл
«3» - лимон – ащы
VI. Үй тапсырмасы §36. Жүрек қан тамырлар жүйесінің аурулары және олардың алдын алу
VII. Қорытынды
Слайд 22 «Жүректерден жүректерге»
Сонымен балалар, бүгінгі сабағымызды аяқталды. Бәріміздің деніміз сау, жүрек соғысымыз қалыпты болсын деп қолдарыңыздағы жүрекшеге бір - бірлеріңізге тілек жазып қалдырыңыздар.
Сау болыңыздар!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
13 437
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Қан тамырлар
Қан тамырлар
Оқушылар қантамырлар түрлері, құрылысы мен қызметінің маңызын біледі. Ой түйін жасай алады, әр дайым ізденісте болады.
Ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері мен аурулары
Ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері мен аурулары
Ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері мен аурулары. Күнбағыстың ауруларымен зиянкестерін және олардың зияндылығын түсіндіру, жаңа термин сөздерді меңгерту, жоспарлы әңгімелеу
Жүрек және қан тамырлар жүмысының реттелуі. Жүрек жұмысының  автоматизмі. Орталық жүйке жүйесінің қатысуымен жүрек жұмысының рефлексті реттелуі
Жүрек және қан тамырлар жүмысының реттелуі. Жүрек жұмысының автоматизмі. Орталық жүйке жүйесінің қатысуымен жүрек жұмысының рефлексті реттелуі
Жүрек жұмысы, қантамырлар және олардың құрылысын, қызметтерін, үлкен және кіші қан айналым шеңберлерін еске түсіре отырып, жүрек жұмысының автоматизмі туралы түсініктер беру.
Адам қаңқасы, оның бөлімдері
Адам қаңқасы, оның бөлімдері
Тірек қимыл жүйесімен танысу. Зиянды заттардың тірек - қимыл жүйесіне әсері туралы білімдерін кеңейту.
Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметі
Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметі
Еркіндік жалпы орта білім беру мектебі Биология пәнінің мұғалімі: Жансейтов К.Ж.
Жүректің құрылысы. Қан тамырлары
Жүректің құрылысы. Қан тамырлары
№41 жалпы білім беретін орта мектебінің биология пәні мұғалімі Шауменова Рахима
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×