Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білгір биолог

27 сәуір 2013, Сенбі
Категориясы: Биология
Пән: Биология.
6 класс.
Ашық сабақ: Білгір биолог
Мақсаты: оқушылардың биология пәніне деген қызығушылықтарын арттыра отырып, бүкіл тіршілік атаулыны, қоршаған ортаны, табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу.

Сыныпты 3 топқа:
1 - топ – Бәйшешек
2 - топ – Қызғалдақ
3 - топ – Жауқазын бөлу

Сайыс шарты:
1. Таныстыру.
2. Бізден сұрақ – сізден жауап.
3. Ойлан тап.
4. Кім тапқыр?
5. Топ басшылар сайысы.
6. Шешендік өнер сайысы.
7. Образға ену ойыны
8. Қорытындылау

1. Таныстыру:
2. Бізден сұрақ – сізден жауап
Бұл бөлімде топтардың әрқайсысына үш сұрақтан беріледі. Берілген сұрақтарға нақты және шапшаң жауап беруі керек. Жауап болмаған жағдайда келесі топқа жауап беруге мүмкіндік бар.
1) А) Қызыл кітап не үшін қажет
Б) Гүл құрылысын атаңыз.
В) Жапырақтың қызметі.
2) А) Тозаңдану дегеніміз не?
Б) Жылдық сақина қалай пайда болады?
В) Жеміс пен тұқым неден дамиды?
3) А) Микроскоптың құрылысын айтып беріңіз.
Б) Өсімдік ұлпаларын атаңыз.
В) Фотосинтез үрдісін ашқан ғалым.

3. Ойлан тап.
Бұл бөлімде берілген әріптерден өсімдікке және жануарларға қатысты сөздерді құрап жазу керек. Бұл жерде оқушының шапшаңдығы да бағаланады.

1. Ж, ұ, а,, т, л, п, ү, ы, п, а, р, л, к, і, а, қ. ( ұлпа, жапырақ, түлкі)
2. Г, ж, қ, а, ү, а, с, қ, с, у, л, ы, р, ш, а. (гүл, жасуша, қасқыр)
3. Ж, е, т, ү, й, м, і, а, р, е, к, ы, р, с, м. (жеміс, тамыр, үйрек)

4. Кім тапқыр? Ойыны.
Ойынның шарты: сандықта қандайда бір жеміс немесе көкөніс жасырылады. Сұрақты оқығаннан кейін, сұраққа бірден жауап берсе, 5 ұпай алады. Ал, егерде көмекке 2 - сұрақты алса – 3 ұпай, 3 - көмекті алса – 1ұпай алады.

1 - Топ. А) Бұл өсімдікпен, Ежелгі Египетте пирамида жасап жатқан құлдарды ауырып қалмас үшін тамақтандырған.
Б) Бұл өсімдікте фитоницидтер өте көп, оны тұмау ауруымен ауырғанда пайдаланады.
В) жуаның інісі (Сарымсақ)
2 - топ. А) бұл жемісті бетті күтуде, маска жасауда, беттегі секпілді кетіруде пайдаланады.
Б) оның құрамында 98 пайыз су бар.
В) огурцыдың қазақша атауы. ( қияр)
3 - топ. А) Бұл өсімдіктің отаны – Оңтүстік Америка. Оның шырыны асқазан ауруына ем.
Б) Бұл өсімдіктен спирт, крахмал алынады, мал азығы ретінде де пайдаланылатын техникалық өсімдік.
В) көзшелерін кесіп алу арқылы көбейтуге болады. (картоп).

5. Топ басшылар сайысы. Әр топ басшылары қоржындағы асықтар бойынша тапсырмалар таңдайды.
1. Тірек - сызбаны аяқтаңыз. Тозаңдану

2. Тәжірибені баяндаңыз:

3. Есепті шығарыңыз: 1 га жердегі жас терек 1 жылда 300 кг шаң жинайды. Ол 15 жылда қанша шаң жұтып қалады. (4500 кг).
6. Шешендік өнер. Берілген тапсырмалар бойынша жауап беру. Оқушылардың сөйлеу мәнері, сөз саптау, сөйлем құрай білуі қарастырылады. ( 5 минут)
1. Өсімдіктердің пайдасы.
2. Жануарлардың пайдасы.
3. Жануарлардың зияны.

Қонақтармен ойын:
1. 9 бас, 22 аяқ. Неше тауық, неше ешкі? (2 ешкі, 7 тауық).
2. 5 адамға 5 алманы бөлу керек: әр адам бір алманы алса, бір алма кәрзеңкеде қалу үшін қалай бөлеміз? (1 адам 1 алманы кәрзеңкесімен алады).

Бір текті, құрылысы ұқсас, мекені бір,
Әлемде сан алуан өсімдік бар,
Соларды топтастырып, жүйеге сап
Ғылымда өз алдына атайды
(Түр)

Түрлерді топтастыру ол да дұрыс
Ол тобын өсімдіктің дейді
(Туыс)

Бұларды топтастырмай тағы болмас,
Туыстас өсімдік тобы
(Тұқымдас)

7. Образға ену.
1. Гүлдің солуын қимылмен көрсетіңіз.
2. Гүлдерді тозаңдандырып жүрген ара болыңыз.
3. Ұзарып, биіктеп өсіп келе жатқан ағашты бейнелеңіз.
7 347
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Білгір биолог
Білгір биолог
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектептің биология пәнінің мұғалімі Төреханова Жанна
Білгір биологтар (сайыс сабақ)
Білгір биологтар (сайыс сабақ)
Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Малыбай жалпы орта білім беретін мектеп Биология пәні мұғалімі: Айгожин А.Б.
Көшбасшы - биолог (интеллектуалды ойын)
Көшбасшы - биолог (интеллектуалды ойын)
Қызылорда қаласы, № 172 орта мектептің биология пәні мұғалімі Ташпенова Ұлжан
Өсімдік - өмір тірегі
Өсімдік - өмір тірегі
Қызылорда қаласы, № 172 орта мектептің биология пәні мұғалімі Ташпенова Ұлжан
"Биолог" атағы кімге бұйырады?
"Биолог" атағы кімге бұйырады?
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, «№4 жалпы білім беретін аралас мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі биология пәні мұғалімі Ерденбекова Сымбат Айтмукашиевна
Бәрін білгім келеді! (сайыс сабақ)
Бәрін білгім келеді! (сайыс сабақ)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Абай ауылы, Абай атындағы №90 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жәлел Ботакөз
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×