Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Биолог" атағы кімге бұйырады?

27 сәуір 2013, Сенбі
Категориясы: Биология
Пән: Биология
7 сынып.
Сайыс сабақ: "Биолог" атағы кімге бұйырады?
Мақсаты: Оқушылардың биология пәніне деген қызығушылықтарын арттыра отырып, бүкіл тіршілік атаулыны, қоршаған ортаны, табиғатты қорғауға баулу және патриоттық тәрбие беру.
Барысы:
Армысыздар, "Биолог атағы кімге бұйырады? атты сайысымызға қош келдіңіздер! Сайысымыздың шарты мынадай:
1. Таныстыру.
2. Иә, жоқ.
3. Сандар сыры.
4. Ойымдағы жұмбақ.
5. Кім көп біледі?
6. Сөзжұмбақ шешу.
7. Жарыспа, жарысқан соң қалыспа.
8. Қорытындылау.

1. Таныстыру. Сайысымыздың бірінші шарты таныстыруға кезек берсек.
2. Иә, жоқ. 3 топқа 5 сұрақ беріледі. Сол сұрақтарға иә, немесе жоқ деп жауап беруі тиіс.

А)« Алғыр» тобына
1. Тірі табиғат жүйесі 5 дүниеден тұрады (иә).
2. Нәруыз, май, көмірсу, нуклеин қышқылдары - ағзалық заттар (иә).
3. Бактериялар латынша "у" деген сөз (жоқ).
4. Тірі организмдердің негізгі қасиеті: зат алмасу, қоректену, тынысалу, қажетсіз заттарды бөлу, тітіркенгіштік, қозғалу, көбею, өсу, даму және тіршілігін жою (иә).
5. Бактерия жасушаларына енбейтін вирус - бактериофаг деп аталады (жоқ).

Ә)« Тапқыр» тобына
1. Иммунитет - ағзаның ауру қоздырғыштарын қабылдамайтын қасиеті (иә).
2. Вирустар жасушадан тысқары тіршілік ете алады (жоқ).
3. Микробиология ұсақ, көзге көрінбейтін ағзаларды зерттейтін ғылым (иә).
4. Ауру туғызатын бактериялар мен адамдардың жаппай ауыруын "індет" деп атайды (иә).
5. Жұқпалы аурулардың алдын алудың негізгі жолы - тазалық ережелерін сақтамау (жоқ).

Б) «Ептілер» тобына
1. Бактериялар қоректенуіне қарай 2 - ге бөлінеді (иә).
2. Сапрофиттер - жануарлардың өлекселері мен өсімдіктердің қалдықтарында мекендейді (иә).
3. Саңырауқұлақ - өсімдіктерге жатады (жоқ).
4. Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым - алгология деп аталады (жоқ).
5. Жалған түлкіжем - улы саңырауқұлақ (иә).

3. Сандар сыры. Бұл кезеңде әр топқа әр түрлі сандар беріледі. Сол сандарға тиісті жауап беруі керек. Ойлануға 1 минут уақыт беріледі.
1) 5; 0, 0000002; 1892; 1899.
(5 дүние; Вирус өлшемі; Ивановский вирусты ашты; Бейерник "вирус" терминін ғылымға енгізді).
2) 1918 - 1919; 1683; 500 мың; 1882.
(Тұмаудың үш толқыны барлық жер шарын қамтыды; Бактериялар туралы алғашқы дерек Левенгук; сапалы сүтте 500 мыңға дейін бактерия болады; Кох туберкулез тудыратын бактерияны ашты).
3 100 мың; 1929; 1943; 1960.
(Саңырауқұлақтың 100 мыңнан астам түрі бар; Флеминг табиғи пенициллин бөліп алды; Пенициллинді медицинаға толық енгізу мәселесі толық шешімін тапты; Антибиотик олеандамицин бөліп алынды).
4. Ойымдағы жұмбақ. Бұл кезеңде топтар арасында әр топ екі - екіден келесі топқа кез - келген жануар немесе құстың мінез - құлқын, тіршілігін, дыбыс ерекшелігін, қимыл - қозғалысын сипаттау арқылы келесі топқа жасыру.
5. Кім көп біледі? Бұл бөлімде биология пәніне байланысты жұмбақ жасырылады. Әр жауапқа 10 ұпай.
Алғашқы буыны - заттың түсі,
Жылпос деп ұқ - екіншісі.
Көлдің сәні - сымбатты құс,
Атын тауып айқыдай түс.
(Аққу)

Бірінші буыны - жылға кірмей қалатын,
Екінші буыны - әуелеп ұша алатын.
Таптың ба, кәне балақай,
Сонда бұл қай құс болады?
(Түйеқұс)

Түскенде салқын күз,
Жинадық алтын тіс.
(Жүгері)

Семіз бұзау десек те,
Байлаулы тұр көшеде,
Жұмбағымды шеш, есепте.
(Қияр)

Шелпек, тоқаш, таба нан
Анасы бір бәрінің
Туа шашы ағарған
(Бидай)

Бір текті, құрылысы ұқсас, мекені бір,
Әлемде сан алуан өсімдік бар,
Соларды топтастырып, жүйеге сап
Ғылымда өз алдына атайды
(Түр)

Түрлерді топтастыру ол да дұрыс
Ол тобын өсімдіктің дейді
(Туыс)

Бұларды топтастырмай тағы болмас,
Туыстас өсімдік тобы
(Тұқымдас)

Ал сонша бөліктерге шын ие,
Жіктеудегі ең ірі топ
(Дүние)

Шай қалдығында бар әріп
Алмасқанда жаңа сөз болады.
Шақса адамды қызарып,
Құрсағына қан толды түрлі
(Сама - маса)

Жанға шипа өсімдіктің нәрінен
"Р" әрпін "Б" әрпіне ауыстыр
Жою керек, аулақ оның кәрінен
Қай жәндік, бізге соны таныстыр?
(Шырын - шыбын)

6. Сөзжұмбақ шешу. Әр топқа 3 түрлі сөзжұмбақ беріледі. Бұл сөзжұмбақтар 3 дүниені қамтиды. Ойлануға 3 минут уақыт беріледі.
А) Алғыр
1. Бактериялардың ауадан сіңіретін газы (азот).
2. Оттек бар жерде тіршілік ететін бактерия (аэробты).
3. Ашыту бактерияларының қатысуымен алынатын зат (шарап).
4. Бактериялар талшығын ыдырататын өнім (зығыр).
5. Бактерияның сүтті ашытуынан алынатын өнім (айран).
6. Бактериялар кездесетін орта (ауа).
7. Бактериялардың ыдырауынан түзілетін зат (қарашірік).

Ә) Тапқыр
1. Ақ зеңнің басқаша атауы (мукор).
2. Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым (миколгия).
3. Саңырауқұлақтағы қоректік қор заты (гликоген).
4. Қозғалғыш споралар (зооспора).
5. Саңырауқұлақтың таралуын ететін арнайы құрылымды жасуша (сора).
6. Дәрі алынатын саңырауқұлақ (пеницилл).
7. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақ (зең).
8. Зең саңырауқұлағына жатады (аспергилл).

Б) Ептілер
1. Вирустарды зерттейтін ғылым (вируология).
2. Ағзаның ауру қоздырғыштығын қабылдамайтын қасиеті (иммунитет).
3. Бактерия жасушасына енетін вирус (бактерифаг).
4. Вирустың латынша атауы (у).
5. Вирус тудыратын ауру (сарыауру).

7. Жарыспа, жарысқан соң қалыспа. Бұл кезеңде логикалық сұрақтар қойылады.
1. Қайыңда 4 бұта бар. Әр бұтада 4 алма өсіп тұр. барлығы қанша алма болды (қайыңда алма өспейді).
2. Бала - аяғы жоқ 9, басы жоқ 6, ортан белі жоқ 8 балық ұстады. Балығы неше балық? (ешқандай балық ұстамады).
3. 9 бас, 22 аяқ. Неше тауық, неше ешкі (2 ешкі, 7 тауық).
9. 5 адамға 5 алманы бөлу керек; әр адам бір алманы алса, бір алма кәрзеңкеде қалу үшін қалай бөлеміз? (1 адам 1 алманы кәрзеңкесімен бірге алады).

8. Қорытындылау.
Құрметті оқушылар! осымен сайыс аяқталды, кезекті қазыларға берейік. Марапаттау.
9 722
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
“Миллион кімге бұйырады?” атты интеллектуалдық ойын
“Миллион кімге бұйырады?” атты интеллектуалдық ойын
Балқаш қаласындағы жалпы білім беретін типтік мектеп - интернатының математика пәні мұғалімі Баянбаева Айгул Нургалиевна
Көшбасшы - биолог (интеллектуалды ойын)
Көшбасшы - биолог (интеллектуалды ойын)
Қызылорда қаласы, № 172 орта мектептің биология пәні мұғалімі Ташпенова Ұлжан
Тіршіліктің анықтамасы. Тірі организмдердің қасиеттері, тіршілік деңгейлері
Тіршіліктің анықтамасы. Тірі организмдердің қасиеттері, тіршілік деңгейлері
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы Панфилов атындағы орта мектеп Биология - экология пәні мұғалімі Суттикожанова Сандугаш Айтмуханбетовна
Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы және оның дамуының алғашқы кезеңдері
Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы және оның дамуының алғашқы кезеңдері
Атырау қаласы, №36 орта мектептің биология пәні мұғалімі Рахимова Альмира Мелисқызы
Білгір биолог
Білгір биолог
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, «№4 жалпы білім беретін аралас мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі биология мұғалімі Ерденбекова Сымбат Айтмукашиевна
Тірі табиғат дүниесі
Тірі табиғат дүниесі
[right]Ақтөбе қаласындағы "№13 орта мектебі"ММ биология пәнінің мұғалімі Шурина Жансая Нұрбергенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×