Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өсімдік - өмір тірегі

28 қаңтар 2014, Сейсенбі
Категориясы: Биология
Сабақтың тақырыбы: Өсімдік - өмір тірегі 6 - сынып

Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: өсімдік адам үшін азықтың қайнар көзі, байлығы, тірі табиғаттың бөлігі, қазына екенің ұғыну.
ә) дамытушылық: танымдық қызығушылықтарын дамыту.
б) тәрбиелік: оқушыларды өсімдіктер әлемі туралы тың мәліметтермен таныстыру, табиғат пен өмірдегі сұлулықты түсінуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: Топтық сайыс ( 6 а, б)
Сабақтың көрнекілігі: «Өсімдік - өмір тірегі» тақырыбымен суретті плакаттар, сөзжұмбақтар ілініп, бүктеме, оқушылар дайындаған кеппешөптер, төсбелгі.
Пәнаралық байланыс: География, экология.

Сабақ барысы:
1) Ұйымдастыру: Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау. Топтарға бөлу.
1 - топ «Бәйшешек» тобы
2 - топ «Қызғалдақ» тобы

1 - Бастаушы: «Өсімдік - өмір тірегі» атты тақырыпта өтілетін білім
сайысын бастаймыз.

Ойын мынадай кезеңдерден тұрады:
1 - кезең. Таныстыру
2 - кезең. Кім жылдам? Топ басшыларына сұрақтар қою (6 сұрақтан)
3 - кезең. Қарама – қарсы сұрақ қою
4 - кезең. Ти кестесін толтыру.
5 - кезең. Сөздіктер сыр шертеді
6 – кезең. Ой толғаныс (эссе жазу)
7 - кезең. Гүл формуласы (асбұршақ пен алма)

1 - кезеңде әр топ өздерін таныстырады

2 – кезең. Кім жылдам? Бізден сұрақ, сізден жауап.
1 - топқа қойылатын сұрақтар:
1. Бөлінуге қабілетті ұлпа (түзуші)
2. Ұрық тамыршасынан пайда болған тамыр қалай аталады? (негізгі тамыр)
3. Органикалық заттар сабақтың қай ұлпасымен жылжиды? (сүзгілі түтіктер)
4. Өркен неден дамиды? (тұқымның ұрық бүршігінен)
5. Қандай жасушалардың бөлуінен сабақ жуандап өседі? (камбий)

2 - топқа қойылатын сұрақтар:
1. Су және онда еріген минералды заттар сабақтың қандай ұлпалары арқылы жылжиды? (түтікшелер)
2. Өсімдіктің қай мүшесінде мынадай ұлпалар кездеседі: қабықша, өткізгіш, бағаналы, саңылау немесе лептесік? (жапырақта)
3. Жапырақтың түсуіне не себеп болады? (температураның төмендеуі, күннің қысқаруы)
4. Түйнек дегеніміз не? (түрі өзгерген жер асты өркені)
5. Ұрықтанғаннан кейін тұқымбастамадан не түзіледі? (тұқым)

3 - кезең. Қарама - қарсы сұрақ. Әр топ өздері дайындаған сұрақтарын бір - біріне қояды.
4 - кезең. Ти кестесін толтыру. Музыкалық сәлемдеме.
Өсімдіктердің маңызы Өсімдіктерді қорғау шаралары

5 - кезең. Cөздіктер сыр шертеді. Жаңа сөздердің мағынасын ашу.
Микроскоп, жасуша, саңылау немесе лептесік, жасунық, түрөзгеріс, жүйкелену, фотосинтез, тозаңдану, ұрықтану, гүлсерік, қосжынысты, бір үйлі, эндосперм, жұмыртқа, спермий, дара жынысты.

6 - кезең. Ой толғаныс. Мына заттарды (топырақ, су, өсімдік ) қатыстырып, эссе жазу. Берілетін уақыт – 7 минут. Музыкалық сәлемдеме.
7 - кезең. Гүл формуласы. Гүлдің атын атап, формуласын жазып, талдау жасау.
11 601
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өсімдіктерді қалай қорғау керек?
Өсімдіктерді қалай қорғау керек?
Өсімдіктерді қорғау жолдарын ұсыну. Өсімдіктердің табиғаттағы орнын анықтап, маңызын ұғынады.
Өсімдік – өмір өзегі
Өсімдік – өмір өзегі
Шығыс халықтарында имандылықтан келетін үш сауап бар: шөлге құдық қазған, өзенге көпір салған, жолға ағаш еккен. Жасыл желек - жердің сәні саялы, Қамқор болсаң жапырағын жаяды. Мейіріммен жылуын арна жүректің, Соған қоса алақан керек аялы
Өсімдіктердің көп түрлілігі мен маңызы (күнделікті сабақ жоспары)
Өсімдіктердің көп түрлілігі мен маңызы (күнделікті сабақ жоспары)
Жер бетіндегі өсіп тұрған өсімдіктердің барлығын өсімдік жамылғысы немесе флора дейміз. Қазіргі кезде жер бетінде шамамен 0, 5 млн өсімдік түрлері бар.
Адам және өсімдіктер мен жануарлар
Адам және өсімдіктер мен жануарлар
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №14 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қарамолдаева Мақпал Нұранқызы
Өсімдіктердің көбеюі
Өсімдіктердің көбеюі
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, №4 Алға орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сисенбаева Лариса Өтесқызы
Биология әлемінде
Биология әлемінде
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы № 105 орта мектептің биология пәні мұғалімі Ерманова Сымбат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×